Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ОЗ 2 курс каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
775 Кб
Скачать
☆

1.7 Байланыс мәліметтері:

Астана қаласы

Сары-Арка көшесі 33

«АМУ» АҚ

Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554

Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты

Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» және «РНХҒО» АҚ ПАБ негізінде өткізіледі.

1.9. Пәннің саясаты:

Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)

  1. Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.

  2. Кафедраның негізгі талаптарының бірі - студенттің ұстазбен өзіндік жұмыстарына және тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар қайта оқылады, бірақ журналға 0 балл қойылады.

  3. Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде өтейді.

  4. Академияның мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді.

  5. Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау бойынша академиялық қарыздар себепті түрде жіберілген болса – 4 апта аралығында, егер де себепсіз жіберілген болса – 2 апта барысында тыпсырылуы тиіс.

  6. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.

  7. Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.

Айып шаралары:

  1. Тәжірибелік сабақтарды немесе СОӨЖ сабақтарын жіберіп өтемеген студенттер аралық бақылауға жіберілмейді.

  2. Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені қорытынды рейтинг балы 10 баллға төмендетіледі.

  3. Тәжірибе немесе СОӨЖ сабақтар себепсіз жіберілген жағдайда журналға 0 балл қойылады.

  4. Дәрісті себепсіз жіберген жағдайда жіберу рейтингісі әр дәріс үшін 1 баллға төмендетіледі.

  5. Егер студенттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді. Сонымен қатар, жіберген тәжірибелік немесе СОӨЖ сабақтарын қайта оқып өтемеген студенттер емтиханға жіберілмейді.

  6. Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін патологиялық анатомияны оқу міндетті және іргелі теориялық білімді қамтамасыз ететін медика-биологиялық ғылымның маңызды буыны болып табылады.

Патологиялық анатомия аурудың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді.

Ол медицина теориясымен қатар, клиникалық жұмысқа да тікелей қатысы бар, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық салаға жататын пән. Зерттеу объектісі аутопсиялық және операциялық биопсиялық материалдар болып табылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін жалпыпатологиялық процестердің негізін, аурулардың құрылымдық көріністерін және олардың нәтижелерін білу денсаулық сақтау мекемелерінде профилактикалық, емдік диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аса қажет.