Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

4.Азаматтардың жолдамалары.

Заңға сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерін Премьер – Министрдің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. Өзге әкімшілік – аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Президент өз ұйғарымымен әкімдерді қызметінен босата алады.

Әкім аппараты – жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Ол әкімдер қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық қамтамасыз ету үшін қажет.

Әкімияттарға сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады. Заңға сәйкес, әкімияттар қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиіс.

Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін - өзі басқару танылады.

Нормативтік актілер: [1, 2, 5, 10, 12, 13, 38]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 6, 7, 18, 22, 26, 29, 34, 36]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 6 ]

3-тақырып. Атқарушы билік органдарының әкімшілік – құқықтық мәртебесі

1. Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі

2. Атқарушы билік органдарының түрлері.

3. Атқарушы билік аясында Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.

5. Атқару билігінің орталық органдары.

6. Жергілікті атқарушы билік органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.

1. Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік биліктік өкілеттік иеленуінде, яғни мемлекеттің міндеті мен функцияларын жүзеге асыруында. Мұндай өкілеттіктер органның мемлекет атынан баршаға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығаруы мен сол актілердің орындалуын мемлекеттік сендіру және мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етуінен көрінеді.

Атқарушы билік органы - бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы - өкіметуші қызмет пен әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – мәдени, шаруашылық салаларды жалпы басқаруды, нақты және күнделікті жедел басқарушылық функцияларын жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі. Атқарушы билік органының өзіне тән кейбір белгілері бар, яғни :

- атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі ;

- мемлекеттік – биліктік өкілеттіктері бар ;

- мемлекеттік биліктің заңға тәуелді органы ;

- ішкі ұйымдастырылуы мен құрылымдық жүйесі бар ;

- белгілі бір аумақта қызмет атқарады .

Заңға сәйкес бұл органдар мемлекеттік биліктік өкілеттігі бар және құқықтық актілерді шығару мен оны жүзеге асыруға қабілетті. Атқарушы билік органдары заңды тұлғалар болып табылады, азаматтық құқық қабілеттілікті иеленеді, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.