Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.

Әкімшілік құқық басқа құқық салалары сияқты заң нормаларынан тұрады. Сонымен қатар олар реттеудің әдістерімен, ортақ мәнімен бірлескен институттар құрады. Солардың негізінде бұл саланың бүтіндей жүйесі тұрғызылады.

Әкімшілік құқық нормалары өзіндік құрылымға ие. Бұл норманың ішкі құрылымы, бір – бірімен қатынасының , құрамдас бөліктерінің бір – біріне тәуелділігінің , норма элементтерінің белгіленген тәртібі. А. П. Алехин, А. А. Кармолицкий, Ю. М. Козлов әкімшілік құқық нормаларын келесі құрылымдық элементтер арқылы қарастырады : гипотеза, диспозиция, санкция.

Әкімшілік құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі процестерімен өзара байланыста болады. Билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан биліктің шоғырланған сипаты көрініс табады. Әкімшілік құқық нормалары сонымен бірге мемлекеттік басқару аясында жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтайды.

Әкімшілік заңдар әкімшілік – құқықтық қатынастардың бұзылу мүмкіндігін қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды қамтиды. Қорғау нормалары құқыққа қарсы әрекеттерді жасаудан бой тартуға ұйғарымды шартты қояды.

4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

Әкімшілік құқық нормалары мен қатар әкімшілік құқық қайнар көздері деген де түсінік бар, яғни қайнар көздер дегеніміз - әкімшілік құқық нормаларының сыртқы көрінісі.

5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік құқықтың жүйесі.

Оқулықтардағы анықтамаларға сәйкес әкімшілік – құқықтық қатынас - бұл басқару аумағында болатын әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқық қатынастарының өзіне тән ерекшеліктері бар, яғни олардың туындау ортасы, әкімшілік құқықтық реттеудің өзгешелігі, әкімшілік – құқықтық нормалардың заңдық базаларының мазмұны.

Әкімшілік құқықтық норманы реттеудің жалпы объектісі болып, басқа да құқық нормалары сияқты қоғамдық қатынастар, ал нақты объектісі болып субъектілердің мінез – құлқы саналады.

Әкімшілік құқықтық қатынастар өзінің мазмұны жағынан материалды және процессуалдық болып бөлінеді. Материалдық әкімшілік – құқықтық қатынастарға басқару аумағында болатын әкімшілік құқықтың материалдық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар жатады. Әкімшілік – құқықтық процессуалдық қатынас – бұл басқару аумағындағы жеке нақты істерді шешумен байланысты болатын қатынас және әкімшілік – процессуалдық нормалармен реттелінеді.

  1. Әкімшілік құқықтың жүйесі.

Әкімшілік құқықтың жүйесі - бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми–ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.

ҚР Әкімшілік құқығының жүйесі үш і бөлімнен тұрады:

- 1 бөлім - жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтін нормалар жүйесі; 1 бөлімге мыналар кіреді: ҚР Әкімшілік құқық курсына кіріспе, әкімшілік құқық субъектілері, мемлекеттік басқарудың әкімшілік - құқықтық нысандары мен әдістер, мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

- 2 бөлім - басқару саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 2 бөлімінде халық шаруашылығының негізгі салаларын: әлеуметтік-мәдени (өнер, білім, денсаулық сақтау және т.б.), әкімшілік -саяси (қорғаныс, ішкі істер, қауіпсіздік және т.б.) және әлеуметтік - экономика (сауда, қаржы, индустрия және т.б.) салаларын басқаруды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.

- 3 бөлім - әкімшілік - юрисдикция қызметі саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 3 бөлім мына жиынтықтардан тұрады: әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік процесс; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттілігі бар органдар мен лауазымды тұлғалар және әкімшілік істердің қарастылығы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу.

Нормативтік актілер: [1, 2]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 6, 7, 22, 26, 29, 40, 39]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2]

2-тақырып. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі

  1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері.

  2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.

  3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.

  4. Азаматтардың жолдамалары.

1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері және оны? элементтері.

Мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік биліктік өкілеттік иеленуінде, яғни мемлекеттің міндеті мен функцияларын жүзеге асыруында. Мемлекеттік биліктің бір тармағын жүзеге асыратын органдардың бірі – атқарушы билік органдары. Бұл органдарсыз әкімшілік – құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес, мемлекеттік – басқарушылық қызмет жүзеге асырылмайды. Атқарушы билік органы - бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы - өкіметуші қызмет пен әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – мәдени, шаруашылық салаларды жалпы басқаруды, нақты және күнделікті жедел басқарушылық функцияларын жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі.

Атқарушы билік органының әкімшілік – құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңымен , т.б. нормативтік – құқықтық актілермен анықталады.