Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР әкімшілік құқғы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.75 Кб
Скачать

3.Атқарушы биліктік органдарының келісім жасауы.

Әкімшілік-құқықтық нысандар қатарына соңғы жылдары атқарушы билік органдарының қатысуымен жасалатын келісімдерге негізделген әр түрлі басқару байланыстары жиі жытқызылатын болды. Оларды жинақтап әкімшілік-құқықтық шарттар ретінде, мұндай термин заңдарда белгісіз болса да, сипаттайды. Олардың мәні туралы белгілі бір қорытындылар тұжырымдау үшін әзірге түжырамдамалық негіз де жоқ. Сонымен, әкімшілік-қүқықтық шарттар проблематикасы жөнінде бірізді пікір жоқ.

Мемлекеттік басқару аясында болатын келісімдердің (шарттардың) мәні соншалық әр түрлі, сондықтан олар біркелкі түсіңдіруге мүмкіндік бермейді: келісімдердің кейбір элементтері басқару процестерінің біріне-бірі бағынысты тараптар арасындағы, ал басқалары - біріне-бірі бағынысты емес арасындағы қатынастардан табылуы мүмкін.

Нормативтік актілер: [1, 2, 4, 19]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 6, 7, 18, 22, 40]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 7]

7 -такырып. Атқарушы билікті жүзеге асырудын әкімшілік-құқыктык әдістері

1. Әкімшілік-құқықтық әдістердің түсінігі.

2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.

3. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.

1.Әкімшілік-қүқықтық әдістердің түсінігі.

Атқарушы билікті нақты жүзеге асыру процесінде әкімшілік-құқықтық нысандарымен қатар басқару қызметінің әдістеріне үлкен мән береді. Олардың мәні неден көрініс табады?

Басқару процесі басқару субъектісінің тиісті объектіге тікелей мақсаты бағытталған ықпалын жүзеге асырылғанда аяқталады. Осылай мемлекеттік-басқарушылық қызметтің мақсаттары, міндеттері, функциялары іс жүзінде жүзеге асырылады.

2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.

Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) басқарылатын объектілерге (басқарылатындарға) тікелей басқарушылық ықпал жасаудың тәсілдері мен әдістері — басқару әдістері болып саналады. Басқаша айтқанда, басқарудың әдісі атқарушы биліктің тиісті субъектісінің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тәсілі, осы биліктің өзін іске асырудың құралы болып табылады. Бүл әдістердің сипаттамасындағы ең маңыздысы мынада, олар басқарудың субъектісі мен объектісінің өзара өркеттестігінде көрініс табады, олардың арасындағы байланысты білдіреді. Басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынасы, олардың арасындағы тікелей байланысы айқын болып отыр.

3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер.

Экономикалық әдістер, қағида бойынша, мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектілері тарапынан басқарылатындардың мінез-құлқына экономикалық (материалдық) немесе жанама ықпал жасаудың тәсіддері немесе құралдары ретінде сипатталады. Бұл мынаны болжайды, басқарылатындардың мінез-құлқына басқарушылық ықпал жасау тікелей емес, керісінше, олардың материалдық мүдделері арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен де басқарушылық ықпал жасаудың тікелей объектісі болып басқарылатындардың саналы-еріктілік мінез-құлқы сақталып қалады.

Нормативтік актілер: [1, 2, 4, 19]

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 6, 7, 18, 22, 38, 39]

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 7, 32, 33]

8- такырып. Әкімшілік мәжбүрлеу

1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.

2. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.

3. Әкімшілік алым алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.

1.Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.

Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді.

Әкімшілік мөжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі больш табылады, оның міңдеті көпшілігіңде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатъш қоғамдық қатынастарды қорғау. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесіңде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі больш табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.

Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының (мысалы, карантин қоюдың, кедеңдік тексерудің) мәжбүрлеу сипаты мойыңдамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, қүқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды.

Қоғамдық қатынастардың және осы өатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективті сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:

  1. әкімшілік-алдын алу шаралары;

  2. әкімшілік-жолын кесу шаралары;

  3. әкімшілік жазалау шаралары