
- •3.1Қысқаша шолу
- •1.1 Қысқаша шолу
- •2.1Ақш экономикасы
- •2.2 Жаңа ұлттық экономикасы
- •3.2 Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары; Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
- •3.3 Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары; Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
- •Қорытынды
3.2 Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары; Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
Қазақстан өзінің әлеуетін жүзеге асыру және әлемдік экономикаға кірігу үшін АҚШ мемлекетімен саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарды белсенді дамытуға ұмтылды.
Қазақстан –Американ қатынастары 1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ-тың Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде ресми тануымен басталды. АҚШ Қазақстанмен қатынастарды дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынастар орнатты. Алғаш күннен бастап ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастар үлкен қарқын алып, жоғары деңгейде сақталынып келеді.
АҚШ-тың Қазақстанға үлкен назар аударуының бастысы қазақстан аумағында 1040 ядролық оқтұмсығы бар стационарлық тіректегі СС-18 атты 104 ракеталардың болуымен айқындалады. Олармен қоса ҚР аумағында 240 қанатты ядролық ТУ-95 атты 40 стратегиялық бомбылаушы орналасқанды.
Қазақстан президенті Н.А.Назарбаевтың АҚШ мемлекетіне алғашқы ресми сапары 1992 ж.Мамырында болып өтті. Бұл сапар барысында кең көлемді екі жақты ынтымақтастықты дамытуға негіз қаланды.
Қазақстан 1992 ж. 22 мамырында Стратегиялық шабуыл қарулары-жарақтары туралы келісімнің (СШҚ-1) тең құқылы жақтарының бірі ретінде Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарусыз мемлекет болуға өзіне міндеттеме алды. Сонымен бірге, Қазақстан басшылығы ядролық қаруды бөлшектеу және пайдаға асыру барысында АҚШ мемлекетімен ынтымақтастық жасаудың маңызын түсініп, екі жақты қатынастардың «ядролық құрайтынын» өтпелі деп бағалап, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа негіз жасау жөнінде жүйелі қадамдар жасауға кірісті.
Қазақстан-Американ қатынастарының дамуында маңызды кезең 1992 ж. Алматыға АҚШ Вице-президенті А. Гордың ресми сапары болды. Өткен келіссөздер барысында Континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық-жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге және оны жүзеге асыру бойынша бес келісімге қол қойылды. Континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық-жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге сәйкес Қазақстан аумағында жалпы сомасы 84,5 млн. доллар көлеміндегі СШҚ бөлшектеуде Қазақстанға көмектесу белгіленді.
Қазақстанның ЯҚТК-не қосылуы МАГАТЭ тарапынан ядролық қауіпсіздікті бақылау процедураларының орындалуын, сондай-ақ екі жақты мақсаттағы ядролық материалдар үстінен экспорттық бақылау жүйесін орнатылуын көздейді.
АҚШ әкімшілігінің сыртқы саясатының басым міндеті жарылғыш материалдарын заңсыз сату оқиғаларын болдырмау болып табылады. Осы тұрғыда жағымды қадам ретінде Қазақстан басшылығы АҚШ-қа 600 кг жуық жоғары сапалы уранды сату бойынша «Сапфир» операциясын қарастырды. Материалдарды тасымалдауға дайындау үшін Үлбі зауыты аумағында шағын лаборатория салынды. 30 жуық американдық мамандар бір ай ішінде байытылған уранды 7000 контейнерден тот баспайтын құрыштан жасалған 1400 канистрге тиелді. Үш С-5 самолеті бұл шикізатты Өскеменнен шығарып, Довереге (Делавэр штаты) АҚШ ӘӘК базасына жеткізді. Одан күшейтілген күзетпен уранды Теннеси штатындағы «Оук-Ридж» зауытына тасымалдады.
«Сапфир» операциясы Қазақстанның ЯҚТК-не қосылуы үшін жүргізілді, республикаға оны қорғау бойынша шығын тартудың пайдасы болмады. Оның үстіне ол Қазақстан және бүкіл әлем үшін қауіпті бола бастады, соған сәйкес бұл уранды сату туралы шешім қабылданды. Уран сенімді қолда болып, әскери мақсатта қолданбайтындығына ҚР-н сендірген АҚШ-пен келіссөздер басталды.
Сөйтіп, 1995 ж. 26 мамырда Қазақстан аумағындағы ядролық қару мәселесіне нүкте қойылды.
1994 ж. 14—16 ақпанда Президент Н.Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және терендету үшін негіз жасайтын негізгі құжат — «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойылды.
Осы негіз жасаушы кұжат 17 баптан тұрады әрі саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселелері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін нақты баяндайды.
Хартияда екі мемлекеттің қырғиқабақ соғысының аяқталуымен, ҚР өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізуімен берілген тарихи мүмкіндікті, ұзақ мерзімді қатынастардың дамуы, достастық, өзара сенім мен құрмет үшін берік негіз жасауға ықылас білдіруші елдер арасында мүлдем жаңа әрі тиімді қатынастарды құру мүмкіндіктерін пайдалануға ниет танытандығы туралы айтылады. Сонымен бірге, құжатта Қазақстан Республикасының қарқынды және өзара пайдалы байланыстарды дамыту үшін екі жақтың әлуетін толық пайдалануға қол жеткізе отырып, демократия, жеке меншік, еркін нарық, заңның үстемдігі және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеу принциптерін ұстанатындығы атап өтілді.
Екі елдің көптеген мәселелер жиынтығы бойынша одан тығыз байланыстарды дамытуға ұмтылатындығы атап өтілді. Осы мақсатпен олар саясатта, экономикада, мәдениетте, білім беруде, экологияда, ғылым мен технологияда және өзге салалардағы байланыстарды күшейтуде.
АҚШ-ты демократияны дамытуға үлес қосу, инвестицияны қорғауды қамтамасыз ету, терроризм мен есірткі тасымалымен күреспен қатар, Қазақстанның Ауғанстанды қайта қалпына келтіру үшін экспорттық ағынға бейімделуіне қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, Пентагонның әскери операцияларына жергілікті елдердің саяси қолдауы да маңызды. Бүгінде қазақтың мұнайлы «астанасы» Атырауда АҚШ қаржыландыратын әскери базаның ашылуынан кейін, АҚШ пен НАТО Астанамен Каспий теңізінде бірлескен мүдделерді қорғау мақсатында Қазақстанның әскери-теңіз флотилиясын құру жайлы келіссөздер жүргізуде.
АҚШ-тың Орталық Азия аймағына назар салуы Каспий арқылы Иранға қысым жасаудың жаңаша тетігі ғана емес, геосаясаткер Вадим Цымбурскийдің айтуынша Қазақстанды уысында ұстау – АҚШ-тың ғаламдық гегемондық стратегиясының маңызды бөлігі. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, ТМД мен Балтық маңы елдерін Финляндиядан Қытайға дейін созылып жатқан және Еуразияның ірі өркениетті орталықтарын бөліп жатқан алып тұтас Ұлы Лимитроф белдеуінің бөлігі ретінде қарастырған жөн, Бұл белдеуге Шығыс Еуропа, Қап тауы мен Орталық Азия да енеді. АҚШ болса, осы белдеудегі маңызды орталықтарды басқарғысы келеді. Көмірсутек шикізатына бай Қазақстан үшін өз байлығын өзгеге жеткізетін құбырлардың маңызы зор. Мұнай-газды тасымалдауда Қазақстан үшін маңызды бірнеше бағыттар бар. Алғашқысы КТК – Солтүстік Каспий мұнай құбыры, оның ең жоғарғы өткізу мүмкіндігі жылына 67 тоннаны құрайды. Алайда, барланған мұнай-газ қорының молдығын ескерсек, Қазақстан үшін 2007-2008 жылдары келесі құбыр мәселесіне де маңыз беру керек: ол – «Баку-Жейһан» жобасы немесе Самара – Балтық елдері тармағы немесе Парсы шығанағына Иран арқылы шығатын жол болатыны әлі нақтыланбаған. Қазір Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы жаңа бір «көзі» – ол әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризммен күреске қосылуда. Ал АҚШ осы үшін өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетуде. 2006 жылы мамыр айында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнидің Қазақстанға сапары кезінде, Қазақстанның жетістіктеріне өз ризашылығын білдірген. «Қозғалыстың бағыты анық: демократиялық және экономикалық реформаларды жалғастыру, заң билігін күшейту, жемқорлықпен күресті кеңейту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздіктің сенімді саясаты»,- деді Чейни. – «Дамудың кілті осында». Қазақстанға тартылған шет елдік 45 миллиард доллар инвестицияның үштен бірі – американдық инвестиция. Энергетика саласында 300-ден аса американдық компаниялар жұмыс жасауда.
АҚШ қазір Иранға қарсы әскери әрекет жасауға дайын екендігін танытып жатыр. АҚШ вице-президенті Дик Чейни Аустралияға сапары кезінде, Уашингтонның Иранның ядролық державаға айналуымен еш келіспейтіндігін атап өткен болатын. Ал Тегеран иран билігінің өз ядролық бағдарламасын жалғастыратындығын, үзбей мәлімдеп келеді. Ресей ресми түрде америкалық саясаттың Иранға қатысты қарсылығына өз келіспеушілігін білдірген. Ал бұл ретте Астана алыптар қақтығысынан тыс қала алмайды. Өйткені, Орталық Азия, оның ішінде, бірінші кезекте, Қазақстан ең басты ұрыс алаңына айналуда. Бір нәрсе анық: ешбір аймаққа, ешбір елге осы АҚШ-Иран қақтығысынан тыс қалуға мүмкіндік жоқ. Мемлекеттерге таңдау жасауға тура келеді. Бұл ең қиыны, өйткені Ресей мен Қазақстан арасындағы мәңгі достық туралы келісім мен тығыз саяси мемлекетаралық құрылымдар арасындағы екіжақты, көпжақты жалпы интеграциялану үрдісі қалыптасқан. Сонымен қатар, Ресей мен Қазақстанды әлемдегі ең ұзақ мемлекетаралық шекара жалғастырып жатыр. Ресей сарапшылары Қазақстан мен Ресей қатынасы Канада мен АҚШ қатынасы тәрізді деп баға береді, алайда, канадалықтарда «американдықтар немесе басқа біреулер» деген таңдау жоқ болса, Қазақстанда ондай мүмкіндік бар. Ресей Қазақстан үшін мәңгі дос және көрші болғанымен, Қазақстанға құйылған инвестицияның басым бөлігін АҚШ салып отыр. Экономикалық мағынада АҚШ Қазақстан мен Канада үшін бірдей жағдайда: себебі көршілес Канада үшін де, алыстағы Қазақстан үшін де АҚШ алып инвестор. Осыдан АҚШ-тың Канада үшін ғана емес, Қазақстан үшін де «бірінші дос» болғысы келетіндігін көруге болады. Ал АҚШ-пен достық көп міндет жүктейді, бұл ретте Ресеймен де дәл осындай жағдай туындайды. Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан Америка компаниялары әскери база ашуды ұсынуы әбден мүмкін. Бұл мәселе, әсіресе, Өзбекстандағы Карши-Ханабад нысанының жабылуынан кейін өзектілігін артырды. Басқа жағынан алғанда, Америка үшін Қазақстан Өзбекстаннан да маңызды. Себебі, Қазақстанның Каспий маңы мемлекеті болуының өзі атап өтерлік. Қазақстан – АҚШ арасындағы екіжақты тауар айналымы жыл сайын 2 миллиардтан артып отыр. Каспий аймағындағы мұнай мен газдың барланған қорының 75 пайызының Қазақстанда болуы мен Америкадан Қазақстанға құйылатын болжамды инвестицияның көлемі алдағы онжылдықта 100 миллиард доллардан артуы екі ел арасындағы әріптестіктің нығаю мүмкіндіктерін көрсетеді. Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары қазіргі заманғы халықаралық жағдайдың мазмұнына үндес келіп, көп салалы ықпалдастықты дамытуға бағытталған кең ауқымды қамтиды. Жоғары деңгейде тұрақты өткізіліп келе жатқан дәстүрлі кездесулердің нәтижесінде қол қойылған маңызды құжаттар – Демократиялық әріптестік туралы хартия, Экономикалық серіктестік жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасы, «Қазақстан – АҚШ жаңа қатынастары туралы» президенттердің Бірлескен мәлімдемесі және Энергетикалық серіктестік туралы декларация және басқалары екі жақты ынтымақтастықтың берік шарт-құқықтық базасын құрайды.
Құрама Штаттардың біздің елімізбен көп қырлы қатынастарын арттыра беруге құлшыныс танытып отырғаны аңғарылады. Мұның бір себебі, бүгінде әлемдік саясаттың белсенді орталығына айналып отырған Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттің туын ұстап, аймақтағы лайықты әріптес екенін таныта білген Қазақстанмен байланыстарын бекемдей түсуге Американың алысты көздеген стратегиялық мүддесі жатқаны анық. АҚШ-пен энергетикалық саладағы ынтымақтастық ел экономикасының ілгерілеуіне игі ықпалын тигізуде. Каспий бассейніндегі қорлардың басым бөлігіне иелік ететін Қазақстанның энергетикалық жобаларына әлемнің бірқатар елдерінен ең ірі компаниялардың, соның ішінде америкалықтардың белсенді қатысатыны белгілі. Қазіргі замандағы мұнай мен саясаттың жымдасып кетуі америкалық сыртқы саясатта мұнай мәселесінің, соның ішінде Қазақстанмен қатынастардың басымдылығын белгілейді. Парсы шығанағындағы ірі мұнай қорларына иелік етуші мемлекеттер Ирактағы тұрақсыздық пен Иран төңірегіндегі күрделі жайттардың бұған қатысы жоқ деп айту, әрине, қиын. Энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың бір бағыты мұнай-газ өндірісіндегі қызмет көрсету секторын дамытуды көздейді. Бірлескен іс-қимыл шеңберінде мұнай-газ жабдықтарын өндіруге, газды пайдалануға, мұнай-химия, көлік, телекоммуникация, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындар салу жобалары бар. Жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылған. Бұл қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды, өйткені шикі мұнайды экспорттау тәуелділігінен босап, мұнай-газ саласын әр алуан өндіріс көзіне айналдыруға қолайлы мүмкіндік туады. Мемлекет басшыларының екі елдегі жеке секторды жақындастыру, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Хьюстон бастамасы айтарлықтай мәнге ие, оған сәйкес экономикадағы басым секторларға Америка инвестицияларының молырақ келуіне жол ашылуы тиіс. Өз кезегінде бұл кіші және орта бизнестің сандық және сапалық өсуін ынталандырып, орнықты дамуға ықпалын тигізбек. Қазіргі уақытта біздің елімізде 400-ге жуық бірлескен кәсіпорын, 100-ден астам америкалық компаниялардың өкілдіктері тіркелген. Біздің еліміздің АҚШ-пен қарым-қатынастарының алғашқы кезеңінде ең алдыңғы қатарға шыққан ядролық қаруға байланысты түйін екі тарап үшін де оңтайлы шешімін тапқан болатын. 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы дүние дидарын елеулі өзгерістерге ұшыратып, халықаралық қоғамдастық алдына жаңа міндеттер жүктегені мәлім. Бұл жағдайлар Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастарына да тың мазмұн қосты. Қарусыздану мен таратпау ісіне елеулі үлес қосқан Қазақстан халықаралық терроризмге қарсы күреске бағытталған іс-қимылдарға батыл және сенімді түрде араласты. Жаһандық қауіп-қатердің терроризм, экстремизм, сондай-ақ сепаратизм және есірткі тасымалы тәрізді жағымсыз құбылыстарына қарсы күреске Қазақстанның белсенді нысанда қатысуы, жалпы, әлемдік қауымдастық тарапынан әділ бағаланады. Қазақ елі Орталық Азия мемлекеттерінде нарықтық және демократиялық өзгерістердің кепілі, бүкіл өңірді саяси тұрақтылық, экономикалық даму мен гүлденуге бастайтын күш ретінде қарастырылып отырғаны шындықтан алшақ емес.
12-қыркүйекте Ақ үй ресми хабар таратып, АҚШ президенті Джордж Буш 2006-жылдың 29-қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдайды», деп жария етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі хабарлады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Тони Сноудың баспасөз мәслихатында мәлімдегеніндей, «Қазақстан — Орталық Азиядағы маңызды стартегиялық әріптес болып табылады. АҚШ президенті мен президент Назарбаев демократияны ілгерілету, лаңкестікпен күрес, энергетиканы диверсификациялау, гүлденуді жаппай тарату, екі елдің де еркіндік пен қауіпсіздікті қолдайтынына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды».
Осыған байланысты АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев : «президент Н.Назарбаевтың сапары қарсаңында өзара стратегиялық әріптестігімізді одан әрі нығайта түсуге пейіл екенімізді мәлімдейміз»,- деп атап көрсетті. «Кейінгі жылдары АҚШ-та Қазақстан сенімді дос әрі әріптес деген пікір орнықты. АҚШ бұл елмен бірлесіп лаңкестікке қарсы соғыста, халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қару-жарақтың таралуына жол бермеу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еркіндік пен демократия орнату ісінде көп іс тындырды»,- деді ол. «Біздің елдеріміздің бейбіт әрі гүлденген болашақ орнату үшін бірлесіп көп нәрсе тындыра алатындығы жайлы мәселе президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буштың алдағы келіссөздеріне арқау болмақ. Біз алдағы кездесу екі халық арасындағы достықты тіптен нығайта түседі және Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік үшін жаңаша көкжиектерді ашады дегенге сенеміз»,- деді АҚШ-тағы Қазақстан елшісі.
АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған және онымен 1991-жылы дипломатиялық байланыс орнатқан елдердің бірі. 2001-жылы Қазақстан мен АҚШ президенттері екі ел арасындағы қарым-қатынасқа «ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік» деген сипаттама берді. Қауіпсіздік пен қару таратпау; энергетикалық әріптестік пен демократия саласындағы диалог оның шешуші құрамдас бөліктерінің бірі.
1991-жылдан бастап Қауіп-қатерді бірлесіп азайту жөнідегі Нанн-Лугар бағдарламасының аясында АҚШ Қазақстанға бұрынғы Кеңестер Одағынан мұраға қалған, көлеміне қарай әлемдегі төртінші орындағы ядролық қару қорынан құтылуға, халықты жаппай қырып жоятын қару-жарақты өндіру мен сынау инфрақұрылымын жоюға қолдау көрсетті. Бүгінде бұл саладағы ынтымақтастық уранды қару-жарақтан басқа мақсатта байыту саласында дамып келеді.
2001-жылдың 11-қыркүйегіндегі лаңкестік әрекеттерінен бері Қазақстан АҚШ-қа лаңкестікпен күрес және Ауғанстанды қалпына келтіру салалары бойынша кең көлемді қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықаралық коалиция құрамында Иракқа өзінің әскери контингентін жіберген Орталық Азиядағы жалғыз және санаулы ғана мұсылман елдерінің бірі болды.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. АҚШ Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор. Мұнда 400-ден астам АҚШ компаниялары жұмыс істейді. Олар елге 15 млрд. доллардан астам инвестиция салды.