
- •1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын басқарудың теориялық негіздері
- •1.1 Екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясаты
- •1.2 Шетелдік банктердің депозиттерді сақтандыру жүйесінің тәжірибесі
- •2.1Қазақстан Республикасының мемлекеттік депозиттік саясатындағы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағаалу қызметі.
- •2.2 Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру шараларын ұйымдастыруы.
- •2.3. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдіктердің орындалуының нақты іске асуы.
2.3. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдіктердің орындалуының нақты іске асуы.
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. Осы заңның 15-бабы қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарудың жолдарын көрсетеді: а)уәкілетті органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан айыру; б) қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату; в) қатысушы банктің уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны ерікті түрде қайтарып беруі негіз болып табылады.
Біз зерттеу жұмысымызда « Валют-транзит Банк» АҚ-ның және «Наурыз-Банк Қазақстан» ААҚ қатысты мәселелерді қарадық. Сондай-ақ басқада банктерді белгілі мерзімдерге Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы консервациялады немесе жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, шоттар және жүргізуге берген лицензиясын тоқтады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігінің Басқармасы « Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамына ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асырылатын банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензияны қайтарып алу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсанда №315 қаулысы шықты. Қаулы шыққанға дейін ҚҚА Басқармасы «Валют-Транзит Банк» АҚ ішінде қалыптасқан жағдайларды реттеуге қадам жасағаны белгілі. Бірақ ВТБ басшылығы тарапынан қалыпты жағдайға келтіру мүмкіндігі қабылдамағандықтан осындай шараға баруға тура келді.
Жалпы лицензияның күшін тоқтату немесе оны қайтарып алу мына жағдайларда заң бойынша іске асады:
Банктік операцияларды қолданыстағы заңнаманы жүйелі түрде (он екі күнтізбелік ай ішінде қатарынан үш және одан да көп)бұза отырып жүзеге асырғаны үшін;
Төлем және аударым операциялары бойынша шарттағы міндеттемелерін миісінше жүйелі түрде орындамағаны үшін;
Пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақтаулы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен белгіленген, банкпен ерекше қатынастары бар тұлғаларға жеңілдікті талаптарды ұсынуға тыйым салуды бұзғаны үшін;
Уәкілетті органға қаса-қана анық емес берулер мен мәліметтерді ұсынғаны үшін;
Нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде бұзғаны үшін;
Сондай-ақ уәкілетті органның яғни ҚР ҚҚА Басқармасының жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде (он екі күнтізбелік ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамағаны үшін банктік заңнамамен ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыру көзделген операцияларды жүргізуге Банкке берілген лицензия қайтарылып алынатыны Заңда қаралған. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы Қаулысы заңға қарсы емес.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республкасы Заңының 47-бабының 6-тармағына сәкес банктен банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияларын қайтарып алғаннан кейін уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігін- уақытша басқарушы тағайындайды. Заңның жоғарыдағы бабын басшылыққа алған Агенттік 2006 жылғы 26 желтоқсандағы өзінің №470 бұйрығымен оның басқару органдарының бар өкілеттігі көшкен Банктің уақытша әкімшілігінің құрамы тағайындалды. Заңға сәйкес Банкінің осының алдындағы қолданыста болған басқару органдарының өкілеттіктері уақытша тоқтатылды.
ҚР Банктер туралы Заңының 48-1 бабына сәйкес барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы қацтарылып алынған банк ҚР ҚҚА Басқармасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түскен ақшаны есептеуге байланысты жағдайды қоспағанда банктік немесе өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Агенттік бекіткен уақытта әкімшіліктің негізгі қызмет мақсаты- банк мүлкінің сақтығына, ВТБ басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Банктер туралы Заңның 47-бабына сәйкес банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заңнамада белгіленген тәртіппен банк қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа өтініш білдірді.2007 жылдың 22 қаңтарында сот «Валют-Транзит Банк» қызметінің тоқталуы туралы азаматтық іс қозғады. Бұл кезде банктің салымшылар алдындағы қарызы 52 миллиард теңге, ал салымшылардың бүкіл Қазақстан бойынша саны 390 мың адам еді. Заңнама талаптарына орай банкті басқару уақытша әкімшілікке көшеді.
«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның уақытша әкімшілігі заңнамаға сәйкес банк депозиторлары Банктің деректер базасына талап қою мақсатында Қарағанды қ., Бұқар-жырау даңғылы, 32 үй мекен-жайы бойынша Уақытша әкімшілік төрағасы Т.З.Тұрсыновқа, Банк филиалдарындағы өңірлік уақытша әкімшілік басшыларына шарт көшірмелерін, басқа да құжаттар және басты куәландыратын құжатты қоса бере отырып, жазбаша өтініш беруге болатындығы жөнінде хабарлай отырып, өңірлердегі орналасқан «Валют-Транзит Банк» мекен-жайларының тізімін де көрсеткен.
Банктегі тарату процесінің басталуы-банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды көшіне енген күні болып табылады. Сот шешімі негізінде ҚР ҚҚА Басқармасының 25.02.2006ж №40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктреді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы Ережеге сәйкес оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссиясын Агенттік Басқармасы құрады.
«Валют-Транзит Банкі» мәжбүрлі таратуғатап болғанда Банктің тарату комиссиясы бұрынғы басшылары мен лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша Қарағанды қаласының Қазбек би атындағы аудандық соты еткінші рет қарауылдық барысында 6514279040 теңге сомасына келтірілген материалдық зиянды Банктің бұрынғы басшылығының өтеуі туралы шешімін шығарды. Сотталғандардың мүлкі «Балалық сарайы» оқу кешені, «Қазақстан», «Чайка» қонақ үй кешенінің ғимараты және Бас банктің ғимараты сатылатын болып, жәбірленуші тараптардың талабын қанағаттандырылатын жағдайда шешілді.
Өз құқықтарын қорғаған Қарағанды қаласы бойынша Банк салымшыларының бастамашы тобы, кредиторлап талаптары тізбесінің үшінші кезегінде салымшы-жеке тұлғалардың талаптарын кіргізу туралы жасаған шағым-арызы қанағаттандырылды. Көріп отырғанымыздай азаматтар өз құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттің заңдарына сүйене отырып, өзінің құқықтарын қорғаудың құқықтық базасы жаналғанын көріп отырмыз.2008 жылдың 26 наурызындағы мәлімет бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 13,8 млрд теңге төледі, бұл сомма жеке тұлғалардың салымдары бойынша 97,6% құра йды. Демек Қордың аударуға тиісті әлі де міндетті кепілдік өтем бар деген сөз. Сондай-ақ 2013 жылғы 2 қыркүйектегі мәлімет бойынша «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның тарату комиссиясы Қор талаптарын 53,51%-ға немесе 7,583 миллиард теңгеге қанағаттандырды. Демек тарату комиссиясы қоржынында әлі де қаржы бар. «Валют-Транзит Банкі» сауығу кезеңін бастап кешетін болатын сияқты.
Қазақстан Банкілері тарихында осындай жағдай бұрын «Наурыз-Банк Қазақстан» Ашық Акционерлік қоғамы басынан өткен болатын. 2004 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасы екінші деңгейдегі банктің бірі- «Наурыз-Банкті» үш айға консервациялады.Басқарма өкілдері таратқан арнайы баспасөз-мәлімдемесінде «Наурыз-Банк»-тің өз қызметі барысында заң бұзушылықтарға жол бергендігі айтылады. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары бейбіт Ақпейісовтың айтуынша осы үш айлық тексеру нәтижесінде банк қожайынының өзгеруі мүмкін.Бұл деген сөз мемлекеттің заңдарын бұзу-жауаптылыққа алып келеді дегенді білдіреді. Қылмыс заңдарын бұзу-жауаптылыққа алып келеді дегенді білдіреді. Қылмыс жасағандар заң алдында жауаптылыққа тартылады.
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы «Наурыз-Банк»-ті консервациялаған мерзімнен бір жыл өткенде, 16 қараша 2005 жылы сот шешімімен банк мәжбүрлеп таратылатын болды. 2005 жылдың 14 желтоқсаннан бастап 2006 жылдың 14 маусым айы аралығында жеке салымшылардың депозиттерін беру басталды.ҚР ҚҚА Басқармасыөткізген конкурста «Банк Туран Алем» АҚ жеңімпаз деп саналып, мәжбүрлеп таратылатын «Наурыз Банк Қазақстанның» кепілдік берілген депозиттерін өз филиалдары арқылы тарататын болды. Заңнама талаптары бойынша агент-банк міндетті кепілдік берілген депозиттерді төлеу мерзімін аяқтаған соң, кепілдік берілген депозиттерін ала алмаған жеке тұлғалар «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» депозиторларға кепілдік берілген өтемді алуға арыз бере алады.
«Наурыз Банк Қазақстан» таризында бұрында консервацияға түскені бар. Ол кезде Наурыз банк атауы-«Қазагробанк» деп аталатын. «Қазагробанк» 2000 жылдың 1 желтоқсанында ішкі қызметтерінің келеңсіз жағдайларға тап болуына орай консервация режиміне тап болған еді. Сауықтыру шараларын қолдану арқылы 2001 жылдың наурыз айында «Қазагробанк» «Наурыз Банк Қазақстан» деп қайта тіркеуден өтіп, өзінің түлеу және қалыптасу тарихын басынан өткерді. Амал жоқ « Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ өз тарихында екінші рет консервацияға 2005 жылы тап болды.
Жалпы жоғарыдағы аталған екі банкке қосымша таратылатын банктің үшіншісі болып «Кредит Алтын Банк» АҚ аталады. Бірақ бұл банк туралы мәліметтер кездеспейді.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес мәліметтердің бұл банк туралы жоқтығын құпиялықты сақтау үрдісінен деп түсінеміз.
Жалпы мемлекеттің қаржы рыногын тұрақтандыру мен сауықтыруға арналған бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасы жүргізеді. Осындай бір қадам 2013 жылдың 1 тамызында депозиттерді қабылдау және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бөлігінде «Азия Кредит Банк» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензияның қолдануын үш ай мерзімге тоқтата тұру туралы жасалды «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде орындамағаны үшін Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №161 қаулысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензияның қоланылуы үш ай мерзімге тоқтатылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы рыногын қалыптастыру мен қадағалау тетігін қолында ұстайтын Ұлттық Банк Басқармасының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде «Bak RBK Банкі» акционерлік қоғамына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуы 2012 жылдың 09 жілдесінен бастап алты ай мерзімге тоқтатылуы бойынша қабылдаған 2012 жылдық 10 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге тоқтатылуы бойынша қабылдаған 2012 жылғы 04 шілдедегі №211 қаулысының мерзімі өтуіне байланысты 2012 жылдың 10 қаңтарынан
Бастап осы лицензияның қолданылуы автоматты түрде жаңартылды.
Көріп отырғанымыздай Қазақстанның екінші деңгейдегі банкттерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдіктердің нақты жағдайларда, банктер мәжбүрлеп таратылғанда берілгендігін көрдік. Міндетті сақтандыру немесе кепілдендіру қажеттілігі көп жылдарда бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қалыптасуы мен оның нақты жұмыс істеуі елімізде қаржы нарығы мен қаржы рыногының жұмыс істеуінде, экономиканың нақты салаларын ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. Тәжірибе көрсеткендей депозиттерге кепілдік беру жүйесінде мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйысдастыруғақол жеткізу мүмкін емес.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының экономикалық реформа аумағында жүргізілген банк секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік шаралармен қатар жүзеге асып келеді. Жүргізілген банктік реформалардың басты бағыттарының бірі, уақытша бос қаражаттарды халық иелігінен банк секторына тарту, сол арқылы инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықта дұрыс бағытта қалыптастыру.
Әлемдік практикада қаражаттарды орналастырудың көптеген әдістері, жолдары, қалыптасқан жүйелері бар. Солардың бірі банктік жүйеде және басқа да қаржылық мекемелердегі депозитке салу, өзін-өзі жою дәрежесі жоғары мемлекеттік бағалы қағаздарды, салым алу, кәсіпорындардың түрлі акцияларын иемдену және тағы басқа. Сондай-ақ, осы салынған қаражаттардың өндірістің дамуы мен экономиканың жақсартылуына әрекеттеу факторы ретінде қалыптасуы өте маңызды. Республикамыздағы нарықтық өзгерістер мен экономикалық тұрақтылық болашағы еліміздегі бүкіл ақша ресурстарының 80%-ы шығарылған депозиттік нарықтық тұрақтылығына байланысты.
Сонымен қатар, депозит сапасының критериі олардың тұрақтылығы болып табылады. Депозиттердің тұрақты бөлігі көп болған сайын банк өтімділігі мен тартымдылығы жоғары болады. Сондықтан екінші деңгейлі депозиттерді орналастыруға, шоттар ашуға лицензиясы бар банктер мақсаты табыс табу болады. Осы мақсатта банктер өз пайдасын ойлап, депозиттердің тұрақты бөлігін көбейту бағытында жұмыс жасайды.
Бірақ банкттердің өміршең болуы үшін банкке жақсы депозиттік саясат қажет. Ол мемлекеттің араласуы мен өқолдауы арқылы жүргізілетін мемлекеттің депозиттік салымға кепілдік саясаты. Бүгінгі экономикалық белсенді жастағы және зейнеткерліктегі аға буын ұрпақ-кеңестік социалистік қоғамда өмір сүріп, саналы өмірін социалистік меншікті молайтуға берді.
Социализм тарап, демократиялы либералды қоғамға көшкенде жеке шиелендіруде жекешелендіруден жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде ешнәрсеге қол жетпей қалды. Оның үстіне 1990 жылдар басында инфляция, жұмыссыздық, өндірістің тоқырауы, банкілердің жабылуы, Ресейдің рубль зонасынан шығуымыз, ұлттық валюта енгізуіміз- бәрі-бәрі қаржылық дағдарысты туғызды. Нәтижесінде кеңестік жинақ кассаларындағы халықтың жиған тергені бар байлығы тиын болып қалды.
Осындай жағдайда Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын-депозиттерді сақтандырудың шешімін табуы, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» заңының қабылдауымен шешілді. Бүгінгі халықтың қолында бос жатқан миллиардтаған ақша массасы бар. Осы мол ақшаның көзі екінші деңгейлі банктер арқылы ел экономикасына инвестиция болып құйылуына жол ашу керек. Банктерге деген сенім болмаған жағдайда жеке тұлғалар екінші деңгейлі банктердің депозиторлары бола алмайды.
Әлемдік практикада салымшыларға мемлекеттік кепілдік саясаты қаржы рыногында қалыптасқалы көп болды.Барлық бос ақша банктердің шарттарында орналасады да ақпараттанған бағдарлама арқылы банктің қызметін тұтынушы комуналды төлемдерді, банктік жарналарды және басқа төлемдерді қолма-қолсыз аударып отырады. Бұл деген сөз қоғамның қаржылық сауаттылығы мен қаржы жүйесіне енген жаңа стандарттарға көшкенін көрсетеді. Дамыған мемлекеттер жаңа стандартты жүйеге көшу арқылы қоғамның қаржы жүйесін тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, дамушылыққа алып келеді.
Әрине банктер басты мақсаты-пайда табудан бастарта алмайды. Сондықтан елімізде инфляцияның деңгейі жоғары болып тұрғанда, депозиттік пайызды жоғары көтере алмайды. Мемлекеттің саясаты-депозитке міндетті кепілдік төлем деңгейін белгілеу арқылы салымшыларды банктердің банкроттық жағдайында қорғау немесе шығынын толық өтеу. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орнатылған депозиттерге міндетті кепілідк беру туралы» заңында міндетті кепілдік төлем бес миллион теңге деңгейі деп көрсетілген.Бірақ депозиторлардың негізі ұсақ салымшыларды құрайды.Демек депозиттері бес миллион теңгеден асатын салымшы-депозиторлар көп емес деген сөз. Осыған орай Қазақстандық салымшылардың қаржылық мүмкіндіктерінің әлі де үлкен емес екендігін байқауға болады.
Отандық қаржы нарығында банк жүйесі бірден аяқтан тұрып кете қойған жоқ. Банк ісінде енді тұрақтылық басталуда, бірақ әлі де проблемалар жоқ емес. Соның бірі кадрлық кәсібиліктің төмендігі мен тапшылығы, қаржы нарығындағы мамандардың болмауы сияқты мәселелерге байланысты. Сондай-ақ әлемде қаншама уақыттан бері қалыптасқан салымшыларды қорғау мәселесі де енді-енді шешімін тауып келеді. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қоры» АҚ өзінің он төртінші жылын бастан өткеруде. Демек депозиттерге кепілдік беру жүйесін әлі де жетілдіре түсуге тура келеді, әлі де осал жақтары салымшыны қорғау үшін нығаяды.
Біз тәжірибемізден көргендей «Наурыз Банк Қазақстан» және «Валют-Транзит Банк» мәжбүрлеп таратылғанда көргеніміздей, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңы жұмыс жасады. Бірақ уақытша әкімшіліктер мен тарату комиссияларын жұмыс тактикасында айыптылардың мүліктерін сатқанда жарты бағасына сату фактілері орын алғанын баспасөз беттерінен оқыдық. Сондықтан мемлекеттік уәкілетті органдар-Ұлттық Банк, ҚР Қаржы Қадағалау агенттігінің Басқармасы қосымша әсер ету тетіктерін иемденетін құзыретті болуы керек сияқты. Мүмкін депозиторлардан құрылған қоғамдық бақылау топтарын құру мен тарату комиссиясының жұмысына ашықтық беру мәселелері Заң аясында шешімін тапса жөн еді.
Мемлекеттің дұрыс құрылған депозитке кепілдік саясаты көр нәрсенің шешімін табады. Біріншіден халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражатты экономикаға таратады, екіншіден ақша иелерінің табыстарын көбейтеді, үшіншіден банк жүйесін ақша ресурстармен қамтамасыз етеді, төртіншіден экономиканың нақты секторларына бағытталатын несие ресурстары көбейеді, бесіншіден ішкі инвестицияны қалыптастырып, шетелдік инвестициялық, кіріпторлықтан құтқарады. Сондықтан да депозитке деген мемлекеттің кепілдік саясатын жақсарту қажет. Бұл жүйесінің қызметін мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
Сейітқасымов Ғ.С. Банк ісі. – А., 2009.-580б.
Белотелова Н.П., Белотелова Ж.С. Деньги, кредит, банки., 4 изд.- М: Дошков и К, 2012.-302с
Сағиев М.С. «Ақша. Несие. Банктер». Оқу құралы. Алматы -2002.
«Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 31 тамыз. (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы).
«Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері мен банк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдар: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2008.
Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». Оқу құралы, Алматы- 2001.
Ақша, несие, банктер: Оқулық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов.– А.: Экономика, 2001.-466 б.
Мақыш С.Б. Ілияс А.Ә., Банк ісі: Оқу құралы-А.:Қазақ университеті, 2007.-241б.
Қазақстан Ұлттық банкінің 1999 жылы 5 қарашада бекіткен «ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)» ережесі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2011 жылғы қаржылық тұрақтылық туралы есебі, 2012.
http // www. afn.kz/
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені, Алматы - 2012.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі статистикалық бюллетень, 2013ж.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, 2011 жылдық есебі, 2012.
http://kdif.kz/kz/
http://ru.wikipedia.org/wiki/
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы (2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының Заңы