Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯАТЫН БА...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
366.59 Кб
Скачать

2.2 Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру шараларын ұйымдастыруы.

« Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тәуелсіктің төртінші жылы 1995ж 31 желтоқсанда қабылданды. Бүгінгі күнге дейінгі қаржы рыногын қалыптастыруда, нығайтуда қолданылып келе жатқан қолданыстағы Заң. Осы Заңның жұмыс істеу аясында Қазақстан Республикасының банкілері ұйымдастырылды, құрылды, қалыптасты. Осы заңның 61 бабының 1,2,3 тармақтары « Депозиттерге кепілдік беру» -деп аталады да оның жолары « Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қаралған. Осы заңмен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін (ДМКЖ) құру қаралып, оның принципі ретінде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді жоғалтпау.

Осы заңнамада депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұтым акционерлік қоғам ұйымдық- құқықтық нысанда құрылатыны айқындалған. Осыған орай « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 1999 жылы 15 қарашада құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың жалғыз құрылтайшысы мен акционері болып Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі табылады. Қорды құрудың негізгі мақсаты- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне (ДМКЖ) қатысушы- банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшы-депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым- Қазақстанның депозиттерге кепілідк беру қоры мына функцияларды атқарады:

  • Кепілдік берілген өтемді заңға сай төлейді;

  • ДМКЖ қатысушы банктер тізілімін жүргізеді;

  • Өз активтерін инвестициялайды;

  • Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв құрады;

  • Конкурспен агент- банк таңдайды;

  • Қатысушы банк консервацияланған кезеңде уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;

  • Депозиттерге кепілдік берілген өтем төленіп біткенше кредиторлар комитеті құрамына қатысады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры немесе депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдап, өз миссиясын- депоитке кепілдік беру арқылы салымшылардың мүддесін қорғап, қатысушы- банк мәжбұрлеп таратылған жағдайда олардың шығынын өтейді. Қордың кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейін тоқтатылуға жатады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз кезегінде комерциялық ұйым емес бола отырып, өз құқықтары мен міндеттерін атқаруға құқылы.

  • Қатысушы банктердің жарнамаларын төлеуді талап етуге;

  • Қатысушы банктерден банктік ақпараттар сұратуға;

  • Қатысушы банктерден заңмен қорғалатын ақпараты жоқ депозиттер бойынша мәліметтер сұратуға;

  • Қатысушы банкке қарыз беруге;

  • Қатысушы банкке депозитке ақша салуға;

  • Кепілді өтемді төлеудің мүмкіндігі болмағанда Ұлттық Банктен қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы;

  • Қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілік берілген өтем есебін уақытылы берілуін талап етуге;

  • Қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кеплідік беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банктің немесе Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау агентінің Басқармасына ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану жөнінде өтініш беруге құқылы.

Барлық жағдайда депозитор « кепілдік берілген өтемді» алуға құқылы. « Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы заңына сәйкес: « Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым- депозиторларға- жеке тұлғаларға кепілдік берілген өтемді депозит бойынша есептеп шығарылмаған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бес миллион теңге мөлшерінде төлейді.Байқап тұрсақ кепілдік берілген өтем бірнеше сатыдан өткен сияқты. Ең алғашқы кепілдік берілген өтем 400000(төрт жүз мың) теңгені құрауда. Бұл- мемлекеттің депозиттік салым саясаты.2008 жылғы 23 қазандағы « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР №72- IV заңының 2- абзацы «Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін кепілдік берілген өтем «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында көзделген мөлшерде төленеді» - делінген. Міндетті кепілдік беру туралы Заңға 2012.24.12 берілген өзгерістер мен толықтыруларда көрсетілгендей 18- бапта «... бес миллион теңгеден аспайтын кепілдік берілген өтем төлейді»- делінген.

Кепілдік берілген өтеммен есеп айырысудың екі мысалын қарастырайық. Бірінші мысал: Қатысушы банкте сіздің екі шот бар, бірінші шотта 300000 теңге ағымдық шот, екінші шот 1000 евроға депозит мерзімді салым. Банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні нарықтық бағам 1 евро үшін 205 теңгеге тең болды. Бұл жағдайда Қор сізге 505 000 теңге (300000 теңге +1000 евро* 205 теңге/ евро=505000 теңге) мөлшерінде кепілдік берілген өтемді төлейді.

Қор қызметінің басты мақсаты Кепілдік беру туралы Заңға сәйкес « кепілдік берілген депозит» жеке тұлғаның салымы ретінде төленуге тиісті. Мысалы: жеке тұлғаның қатысушы банкте үш депозиті бар. 15 000 доллар, 10 000 евро және 3 000 000 теңге. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күні нарықтық бағам 1 доллар үшін 150 теңгені және 1евро үшін 205 теңгені құрады.Барлығы: 15 000*150+10 000*205+3 000 000=7 300 000 теңге. Қордың жеке тұлғаға төлейтін кепілдік сомасы заң бойынша 5 000 000 теңгені құрайды. Қалған 2 300 000 теңгені жеке тұлға таратылатын банктің тарату комиссиясынан талап етуге құқылы.

Мәселе Қор таратылған банк салымшыларына кепілдік берілген өтемді қай уақыттан бастап төлеуді бастайды? ҚР заңнамасына сәйкес банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күн ішінде Қор « Егемен Қазақстан» және Қазахстанская правда» республикалық газеттерде банктің мәжбүрлі таратылуы және кепілді өтемді төлеудің басталуы туралы хабарландыруды жариялайды. Бұл хабарландыруда төлем кезеңі, сондай-ақ Қор конкурстық негізде іріктейтін және төлемді жүзеге асыратын агент-банктің атауын көрсетеді. Бұдан басқа , Қор негізгі теледидарлық арналарда және радиостанцияларда, бұқаралық ақпарат беттерінде алда тұрған төлемдерді жүргізу туралы ақпаратты орналастырады. Депозиторлар- салымшы жеке тұлғалар агент- банкке төмендегі құжаттармен: банк шоты(банк салымы) шарттарының және салым құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмесі; салымшының жеке куәлігі мен БИН түпнұсқалары мен көшірмесі және өтемді алуға жазбаша арыз өткізеді.

Кімдер депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемді алуға құқылы? Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банкінде өз депозиттерін орналастырған әр бір жеке тұлға- салымшылар депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді жеке алуға мүмкіндігі болмаса, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхат бойынша басқа тұлғаға төленуі мүмкін.

Салымшының дүние салу жағдайында депозит бойынша кепілдік берілген өтемді алу құқығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген мұрагерлікке құжаттары болған жағдайда оның мұрагерлері алады. Егер депозит кәмелетке толмаған тұлғаға тиесілі болса, онда ол бойынша кепілдік берілген өтем Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген тиісті құжаттарды берген жағдайда, оның ата-анасына, ата-анасы орнындағы жебеушісіне не қамқоршысына, бір туған туысына төленуі мүмкін.

Банктердің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге Ұлттық Банктен алған лицензиясы автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруді міндеттейтін құжат. Осы лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесін ДМКЖ-ге лицензияны алған күннен кейінгі күні табыс етуі керек. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ мен қосылу шартын жасауы міндетті. Банктің Шартқа қосылуы банкпен Қорға Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген нысанда құрылған арыз ұсыну арқылы жүзеге асады.Шартқа қалған банк-қатысушы банк деп аталады. Шарт депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде Қатысушы банктің қатысу сұрақтары бойынша Қатысушы банк пен Қор арақатынасын реттейді.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтау ережелері» бекітілді. Осы ережелер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерінің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтайды. Қор міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды ала отырып, арнайы резерв құра алады. Қордың мақсаты банк депозиттеріне кепілдік беру арқылы салымшылардың мүддесін қорғау, салымшылардың шығынын өтеу.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» Акционерлік Қоғамы Қаржы рыногында 1999 жылдан бері қызмет етеді. Өзінің 14 жылдық тарихында Қор талай биіктерді бағындырды. Қолданыстағы заңнама жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашып, жүргізуге және депозиттер қабылдауға лицензиясы бар банктердің барлығының депозиттеріне кепілдік беру жүйесіне міндетті мүшелігін қарастырады. Қолда бар мәлімет бойынша 2010 жылы депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушылар ретінде Қазақстанның екінші деңгейлі 39 банкінің 34 болды, ал 2011 жылы қатысушы банк саны 35 болды. 2013 жылғы көрсеткіш бойынша екінші деңгейлі 38 банкінің 35 болды.

2010 жылдың маусым айында бұған дейін жеке тұлғалардың депозиттерімен айналыспаған «Банк Kassa Nova» АҚ сәйкесінше лицензия алып, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне енді.

2010 жылы ДКБЖ-нен шығарылған « Казинкомбанк» АҚ 2011 жылдың тамызында қайта қатысушы-банк болды. Ал қыркүйек айында осы «Казинкомбанк» «Bank RBK Банкі» АҚ деп атауын өзгертті.

Punjab National Bank үнді банкімен акциялардың бақылау пакетін алуына байланысты « Данабанк» АҚ « Punjab National Bank-Казақстан» Еншілес Банкі АҚ деп аталды. Қысқаша атауы «PNB-Қазақстан» ЕБ АҚ.

2011 жылдың шілде айында қабылдаған Қазақстан Ұлтық Банкі Басқармасының қаулысымен «Банк Астана- Финанс» АҚ «Қазақстан Республикасындағы банктер және Банк қызметі туралы» Заңына сәйкес талаптарды орындамағаны үшін жеке тұлғалардың банк шоттарын ашып, жүргізу және депозит қабылдау бөлігінде банктік және басқа операцияларды жасау үшін алынған лицензиясы кері шақыртылды. Осыған байланысты аталған банк депозиттерге кепілідк беру жүйесінен шығарылды.

Сол айда заңнаманы бұзғаны үшін «ТАИБ Банкі» ЕБ АҚ және «Сенім-Банк» АҚ үш ай мерзімге жеке тұлғалардың банктік шоттары ашып, жүргізу және депозит қабылдау бөлігінде лицензия күші тоқтатылды. Осылайша, жыл аяғында ДКБЖ қатысушылардың саны 35 банкті құрады.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Заңына сәйкес, қордың арнай резервін қалыптастыру көздері қарастырылған. Олар:

  • Қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік тоөсан сайын алынатын төлемі;

  • Қосымша жарналары кепілдік берілген өтемді төлеу үшін бір жолға төлемдер;

  • Қосылу шартындағы міндеттерін орындамағаны үшін алынатын алымдар айып төлем;

  • Қатысушы-банкпен банк салымшыларына төленіп жатқан кепілдік берілген өтем сомалары бойынша Қордың талаптарын қанағаттандыру тәртібінде алынған ақша;

  • Активтерді қаржылық құралдарға орналастырудан түскен Қордың инвестициялық кірісі.

2011 жылдың аяғында арнайы резерв бір жылда 34,9 миллиард теңгеге өсіп 161 миллиард теңгені құрады. Соның ішінде қатысушы-банктерді міндетті күнтізбелік жарналары 67,1 миллиард теңгені, қатысушы-банктердің тарату комиссияларынан салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша қарызды өтеу ретінде алынған сома-5,8 миллиард теңге. Қордың таза кірісі-21,6 миллиард теңге. Қордың резервіне: 1) қатысушы-банктерден міндетті күнтізбелік жарналар- 2,03 миллиард теңге. 2) Қатысушы-банктердің тарату комиссияларынан түсімдер - 638 млн теңге. 3) таза инвестициялық табыс- 8,3 млрд теңге.

Отандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің дамуының басым бағытын анықтау мақсатында, соңғы жылдары Депозиттерді сақтандырудың тиімді жүйелерінің негізгі қағидаларына сәйкес Қор өзін-өзі бағалау жұмыстарын бастады. Халықаралық сақтандыру жүйелерінің қауымдастығымен бірлескен жұмыстар да атқаруда. Еуразиялық аймақтық комитетте басшылық ете отырып, ТМД елдерінің депозиттерді сақтандыру басшыларының кеңесін өткерді. Банк салымшылары Қордың «шұғыл байланыс телефондарына» қоңырау шалуы жыл сайын артып келеді.

«Қазақстанның депозиттерге кепәләдк беру қоры» АҚ депозиторлар мүддесіне жұмыс жасауда жалға қоюда. 2013 жылдың 24 сәуірінде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банктердің міндетті жарналарды есептеу жүйесіне өзгерістер енгізді»- деп хабарлайды Қордың баспасөз релизі. 2013 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енген ереже, жеке тұлғалардан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін ұлғайтты және бұл қадам депозит нарығында банктердің бәсекелстігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, «А» банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8%, ал бонустық сыйақысы 1 жыл және одан астам мерзімге 1 миллион теңгеден асса салым енгізілген жағдайында 3%-ды құрайды. Егер депозиттер бір жыл мерзімге 1,5 миллион теңге салым салса, онда тартылған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8%+3%=11% болады.Бұл депозитті және салымшыны мемлекеттік қолдау ғой.