
4 ОМ ОСКЭ оконч
.doc«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_3_ОҚКЕ станциясы
Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.
Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі |
1 |
Іш айналымын өлшеу.
|
Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз. |
2 |
Жатыр түбі деңгейін өлшеу.
|
Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз. |
3 |
1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу. |
1-ші тәсілді жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрықтың бөлігін анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз. |
4 |
2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу. |
2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз. |
5 |
3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу. |
3-ші тәсіл ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізіңіз. Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз. |
6 |
4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу. |
4-ші тәсіл ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргіңіз. Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтары кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз. |
7 |
Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.
|
Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң (ІІ позиция) немесе сол (І позиция) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң (II позиция) немесе сол (I позиция) жағынан тыңдаймыз. |
8 |
Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы |
Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігі минутына 110-160 соққы. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_2_ОҚКЕ станциясы
Арнайы гинекологиялық зерттеулер жүргізу
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі |
1 |
Залалсыздандырылған қолғапты кию. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. |
Залалсыздандырылған бір рет қолдануға арналған қолғапты екі қолыңызға да киіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау үшін екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеуін ашамыз, онда қынап кіреберісін, қынап қабырғасының шырышты қабатының өңін, сыртқы несеп жолы саңылауы каналының, парауретральды және қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару жолдарының жағдайын қараймыз. |
2 |
Қынапқа екі жаққа ашылмалы айнаны енгізу. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін және қынапты айнамен қарауды жүргізу.
|
Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарауды жүргізіңіз: ол үшін екі жаққа ашылмалы айнаны оң қолға алып, сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеуін ашамыз. Айнаны қынапқа жамбастың тік өлшемімен тереңдете енгізіп көлденең өлшемге бұрамыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз. |
3 |
Қынаптан екі жаққа ашылмалы айнаны шығарамыз.
|
Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,. |
4 |
Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу. |
Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа саламыз. |
5 |
Қынапты бимануальды зерттеу жүргізу.
|
Қынаптық зерттеу жүргізіңіз. Ол үшін сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс ернеулерін ашамыз. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгіземіз, бірінші – қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, содан соң сұқ саусақты енгіземіз. Сол қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына ауыстырып және ұқыптап енгізілген оң қолдың саусақтарына бағыттап басамыз. Екі қолдың саусақтарын бір біріне жақындатып жатыр денесін және мойнын пальпация жасау керек. Ал жатыр қосалқыларын екі жақты (оң, сол) зерттеу үшін екі қолдың саусақтарын кезекпен жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғасына ауыстырыңыз. Оң олдың саусақтарын қынаптан шығармас бұрын, қынап күмбезін және жамбастың ішкі қабырғасын пальпациялаңыз. |
6 |
Қынаптан саусақтарды шығару және бөлінділер сипатын бағалау. |
Қынаптан саусақтарыңызды шығарыңыз, бөлінділер сипатын қараңыз және бағалаңыз (қанды, іріңді, шырышты). |
7 |
Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салу. |
Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салыңыз. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_7_ОҚКЕ станциясы
Қынаптың тазалық дәрежесіне қынаптан жағынды алу
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі |
1 |
Залалсыздандырылған қолғап кию. Екі жақты ашылмалы айнаны қынапқа енгізу. |
Екі қолыңызға да жаңа бір қолданыстық қолғап киіңіз. Екі жақты ашылмалы айнаны оң қолыңызға алып, сол қолмен (1-2 саусағымен) үлкен жыныс ернеулерін ашып, кіші жамбастың тік өлшеміне сәйкес қынаптың артқы қабырғасынан артқы күмбезге дейін енгізіп, көлденең өлшемге бұрыңыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз. |
2 |
Фолькман қасығымен артқы күмбезінен жағындыны алу және заттық шыныға жағу. |
жинау үшін Фолькман қасығымен немесе пинцет браншасымен қынаптың артқы күмбезін ақырын баса отырып зерттеу материалын алып, шыны затқа жұқа қабықша секілді жағыңыз. |
3 |
Фолькман қасығын қолданылған инструменттер лотогына қойыңыз. |
Фолькман қасығын қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз.
|
4 |
Қынаптан екі жақты ашылмалы айнаны шығарамыз. |
Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,. |
5 |
Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу. |
Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз.
|
6 |
Қолғапты шешіп және арнайы контейнерге салыңыз. |
Бір қолданыстық қолғапты шешіп, пайдаланылған заттарға арналған сыйымдылыққа салыңыз. |
7 |
Лабораторияға жіберу үшін бағыттау бланкті толтыру. |
Зертханаға жіберу үшін жолдама қағазын толтырыңыз. Науқастың аты – жөнін, жасын, жағынды алынған күнді, дәрігердің фамилиясын және шынының белгісін көрсетіңіз.
|
Станции ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_6_ОҚКЕ станциясы
Босанудан кейінгі контрацепция әдісі жөнінде кеңес берудің коммуникативті дағдылары
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі |
1 |
Науқаспен сәлемдесу
|
Науқаспен сыпайы жылы жүзбен сәлемдесу. Отыруды ұсыну. Науқасқа өзіңді таныстыру. Қашан бала босанғанын, омыраумен баланы емізема, сурау. |
2 |
Әелден лактациалық аменария әдісін білүін сұрау |
Етеккір цыклы тұрақталғаның анықтау. Әелден лактация аменарея әдісі тұралы білетінін сұрау |
3 |
Лактациялық аменорея әдісі туралы мәлімдеу. |
Лактациялық аменорея әдісі туралы мәлімдеу: босанудан кейін бірден және 6 ай қолдануға болады, әдіс жыныстық қатынаспен байланысты емес, қосымша эффекттер жоқ жанама әсерлері жоқ, медициналық қадағалау болу қажет емес, тегін, қолданыста жеңіл. Әдістің тиімділігі 98%, әсер ету механизмі овуляцияны төмендету – нәрестенің ана сүтімен емуі жыныс жасушаларының жетілуіне қажетті гормондардың түзілуін тежейді. |
4 |
Бұл әдісті дұрыс пайдалануды үйрету. |
Бұл әдісті дұрыс пайдалануды науқасты үйрету: баланы емізу тәуліктеріне 6-8 рет болу керек, олардан түнде 2 реттен кем болмауы керек. Баланы емізу аралығы 4 сағаттан астам күндiз және 6 сағат түнде болуы керек. Балаға ана сүтінен басқа тағам берілмеуі керек. |
5 |
Әдістің кемшілігін мәлімдеу. |
Әдістің кемшілігін мәлімдеу. Осы әдiс тек қана алғашқы 6 айларда босанудан кейiн тиiмдi. Бұл әдіс босанудан кейін алғашқы 6 айда ғана тиімді; ЖЖБА/ЖИТС қорғамайды. Балаға жасанды сүт беру немесе емізу аралығын ұлғайту әдістің тиімділігін төмендетеді. 6 ай ішінде етеккір топтамасы қалпына келсе гинекологтың кеңесін алу керек. |
6 |
Нұсқауларды қайталауын сұрау. |
Ақпаратты дұрйыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау. |
7 |
Сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру. |
Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру. |
8 |
Мейірімді (сыпайы) қоштасу. |
Сыпайы қоштасып және контрацепцияға катысты сұрактар болса кез келген уақытта келе алатынын айту. |
Кеңес беру дағдысын бағалау |
||
9 |
Кеңес беру барысында өзіне сенімді болды |
Кеңес беру дағдысын жеке бағалау: студент кеңес беру барысында өзіне сенімді болды. Науқасқа ақпаратты өзі берді. |
10 |
Сұрақтарын нақты тұжырымдады
|
Студент сұрақтарын нақты тұжырымдау. Нақты емес сұрақтарға: 1) көп сұрақ қою; 2) спецификалық жауапқа алып келетін жетекші (наводящие) сұрақтар; 3) уақыты жағынан түсініксіз сұрақтар (қазір немесе 3 ай бұрын); 4) тұлға жағынан түсініксіз (мен немесе менің отбасым жайлы); 5) науқасқа түсінікті тілмен жеткізілуі қажет сұрақтар |
11 |
Әрқашан кенесті түсінетін термин мен сөйлем қолдану керек. |
Консультант түсiндiру кезінде кәсiби лексиканы қолдануы кажет емес |
12 |
Кеңес беру барысында жағымды атмосфера құра алды |
Әңгiменiң жанында қолайлы атмосфераны жасауға керек. Ауызша және ауызша емес белгілерге сезiну, ықылас білдірү. Мүмкіндігінше науқасты мақтау. Шектелген уақытқа қарамастан, қамқорлық қарым-қатынасын құруға ынтасы барын көрсете алу. |
Станция ұзақтығы – 5 - минут.
«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Әрекет алгоритмі
№_5_ОҚКЕ станциясы
Босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізу
№ |
Дағдыларды бағалау белгілері |
Әрекет алгоритмі |
1 |
Ішті пальпациалау 10 бірлік окситоцин еңгізү |
Нәресте туылғаннаң кейін әелдің ішкі пальпациалау , құрсақта ІІ ұрықтың болуын анықтау үшін Бала туылғаннан кейін 1 минут ішінде окситоциннің – 10 ЕД жамбасқа салыңыз. |
2 |
Кіндікке қысқыш салу. Қолды шат үсті аймаққа қою |
Аралыққа жақындатып кіндікті қысқышпен қысыңыз. Қысылып тұрған кіндікті және қысқыштың соңғы ұшын бір қолмен ұстаңыз. Екінші қолды шат үсті аймағына қойыңыз. Кіндікті тартылған қалпында ұстаңыз және жатырдың қатты жиырылғанын күтіңіз (әдетте 2-3 минуттан кейін). |
3 |
Бала жолдасы туылғанға дейін кіндікті тарты, екінші қолмен жатырды итеру. |
Жатыр жиырылып және кіндік ұзарған кезде кіндікке бала жолдасы туылғанға дейін ақырын төмен қарай әлсіз күш саламыз. Күш сала отырып екінші қолмен кіндікке кері бағытта жатырды итереміз, бұл жатырдың айналуын алдын алуы үшін жүргізіледі. |
4 |
Ұрық қабықтарының толық туылғанына дейін бала жолдасын айналдыру. |
Бала жолдасы туылғаннан кейін ұрықтық қабықшалар туылғанға дейін бала жолдасын екі қолмен ұстап айналдыру керек. |
5 |
Жатыр түбі уқалау. |
Бала жолдасы туылғаннан кейін тез арада алдыңғы құрсақ қабырғасынан жатыр түбін уқалау керек, оны жатырдың жиырылу белгілері пайда болғанға дейін істеңіз. |
6 |
Бала жолдасының бүтіндігін қарау. |
Бала жолдасын қараңыз, оның бүтіндігін бағалау үшін бала жолдасын кіндігінен көтеріңіз және барлық қабықшаларының болуын анықтаңыз. Плацентаны аналық бетін жоғары қаратып шаршы лотокқа қоямыз және әр бөлігін және шеткі бөліктерін мұқият қараймыз. Содан плацентаның аналық бетін төмен қаратып, жарылған бөліктерін саусақтарыңызбен түзетіңіз. |
Станция ұзақтығы – 5 - минут.