Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар. 5В070100doc.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
359.42 Кб
Скачать

3. Ализаринмен реакциясы.

Реакцияның орындалуы. Фильтр қағазына 1-2 тамшы алюминий ерітіндісін тамызып, қағазды 1-2 минут аммиак буында ұстаймыз. Аммиак буы сулы таңбамен алюминийдің гидроксидін түзеді. Фильтрдегі ерітіндіге ализарин тамызып, тағы да аммиак буында ұстаймыз. Таңба күлгін түске боялады, оған 1-2 тамшы сірке қышқылын қосып, кептіреміз, таңба түсі ашық-қызылға өзгереді.

Cr3+ ионының ашылуы

1. Натрий (калий) гидроксиді Cr3+ ионымен күлгін-сұр немесе жасыл-сұр түстегі Cr(OН)3 тұнбасын береді, түзілген тұнбаның амфотерлік қасиеті бар.

Реакцияның орындалуы. Құрамында хромы бар ерітіндінің 2-3 тамшысына ақырындап тамшылата 2М натрий гидроксидін Cr(OН)3 тұнбасы түзілгенше қосамыз. Сілтінің артық мөлшерінде ерітіндінің түсі ашық-жасыл түске ауысады.

2. Cr3+ катионының H2O2 ерітіндісімен тотығу реакциясы

2[Cr(OH)6]3- + 3H2O2 = 2CrO42- + 2OH- + 8H2O

Реакцияның орындалуы. Пробиркадағы 2-3 тамшы хромның (III) ерітіндісіне 3-4 тамшы 2М NaOH және 2-3 тамшы 3%-тік Н2О2 ерітіндісін қосып, ерітіндінің түсі жасылдан ([Cr(H2О)6]3+ (аквакомплекс түсі) сарыға ауысқанша қыздырамыз (CrO42-хромат-ионының түсі).

3. Надхром қышқылының түзілу реакциясы. Хромат-иондарынан надхром қышқылын алу үшін орта қышқылды және ерітінді салқын жерде алыну керек.

2CrO42-+ 3H2O2 + 2H+ = H2CrO6 + 2H2O

Реацияның орындалуы. 2-3 тамшы K2CrO4 ерітіндісіне 5 тамшы сутек асқын тотығын, 4-5 тамшы амил спиртін қосып, мұқият араластырып және тамшылата H2SO4 қосамыз. Органикалық қабат көк түске боялады.

Zn2+ ионының ашылуы

1. Натрия (калий) гидроксиді Zn2+ ионымен амфотерлік қасиеті бар ақ тұнба Zn(OН)2↓ түзеді.

Реакцияның орындалуы. Құрамында цинк бар 2-3 тамшы ерітіндіге, аса мұқияттылықпен, тамшылата 2М натрий гидроксидін тұнба түзілгенше қосады. Сілтінің артық мөлшерінде тұнбаның еруі байқалады.

2. Аммоний гидроксиді Zn2+ ионымен Zn(OН)2 ақ тұнбасын береді, ол реактивтің артық мөлшерінде еріп [Zn(NH3)4]2+комплекс түзеді.

Реакцияның орындалуы. Құрамында цинк бар 2-3 тамшы ерітіндіге, ақырындап, тамшылата 2М аммоний гидроксидін тұнба түзілгенше қосады. Реактивтің артық мөлшерінде тұнбаның еруі байқалады.

3. Дитизон. Реакцияның орындалуы. 2-3 тамшы зерттелетін цинк ерітіндісіне бірнеше тамшы тұнба жойылғанша натрий гидроксидін және 5-6 тамшы CCl4 ерітіндісіндегі дитизонды қосады. Пробирканы бірнеше рет сілкіп араластырады. Органикалық қабат қызыл-күлгін түске боялады.

Өзіндік бақылау сұрақтары

1. III топ сульфаттарын карбонатқа қалай ауыстырады ?

2. II топ катиондарын I және III аналитикалық топтардан қалай бөлуге болады?

3. Қандай реагенттің көмегімен III топ катиондарын I және II топтан бөлуге болады?

4. Кальций катионын анықтау үшін оның сезгіштігін қалай арттыруға болады?

5. Стронций және кальций катиондарының қатысында барий ионы қалай ашылады?

6 Cr3+ -тен Cr2O72--қа ауысу үшін ортаның қышқылдығы қандай болу керек?

7. Неліктен аммоний хлоридінің әсерінен цинк гидроксиді ериді?

8. Құрамында алюминий бар ерітіндіге (NH4)2S немесе (NH4)2CO3 қосқанда неге алюминий гидроксиді түзіледі?

9. Cr3+-CrO42- немесе Cr2O72- ауысу үшін қажетті тотықтырғыштарды атаңыз.

10. Қышқылдық-негіздік жіктелу бойынша қорғасын катионын қай топтарға жатқызуға болады?