
- •Аналитикалық химиядан 5в070100 Биотехнология мамандығына арналған зертханалық жұмыстар катиондарды талдау
- •I, II аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар
- •2. Реактив ретінде күкірт қышқылының қолданылуы және алынған PbSo4 тұнбаның 30%-тік nh4Ac еруі
- •III аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары
- •Бірінші-екінші топ катиондар қоспасына бақылау есебі
- •I және II топ катиондар қоспасын талдау тізбегі
- •Өзіндік бақылау сұрактары
- •3. Ализаринмен реакциясы.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •V және VI топ катиондарының сапалық реакциялары
- •2. Тиоцианат-иондарымен реакциясы.
- •2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
- •2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
- •Жұмыстың орындалуы
- •Калий дихромат ерітіндісін дайындау
- •Зерттелетін ерітіндіден темірді анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Тұз қышқылы мен натрий тетраборатының стандартты ерітінділерін дайындау
- •Жұмыстың орындалуы
- •Тұз қышқылының ерітіндісін дайындау
- •Натрий тетраборатының (бура) стандартты ерітіндісін дайындау
- •Тұз қышқылы ерітіндісін бура бойынша стандарттау. Натрий карбонатын анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •Тұз қышқылы ерітіндісін стандарттау
- •Натрий карбонатын анықтау
- •Фосфор қышқылын анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •1. 0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау
- •2. Натрий гидроксиді ерітіндісін қымыздық қышқыл бойынша стандарттау
- •Фосфор қышқылын анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Қоспадағы кальций мен магнийді комплексонометрлік әдіспен анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •1. Кальцийді анықтау
- •2. Магнийдің анықталуы
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Тұндырып титрлеу
- •Тұндыру әдісі арқылы цинкты анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •2. K4[Fe(cn)6] ерітіндісін дайындау
- •3. K4[Fe(cn)6] ерітіндісінің дәл концентрациясын анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
Бірінші-екінші топ катиондар қоспасына бақылау есебі
Жұмыстың мақсаты: берілген есептегі I және II топ катиондарын тізбек бойынша бөлу және ашу (анықтау). Катиондар қоспасының талдау есебін лабораториялық журналда орындау (төмендегі 1-ші қосымшаны қараңыз).
Алдын-ала бақылау. Индикатор қағазының тілімшесіне зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын тамызыңыз. Қағаздың қызаруы ортаның қышқылдылығын және ерітіндіде аммоний ионы бар болу мүмкіндігін көрсетеді, ал қағаздың көгеруі – ортаның сілтілігін байқатып және сілтінің бар екендігін немесе әлсіз қышқыл арқылы түзілген калий мен натрий тұздарын көрсетуі мүмкін.
I және II топ катиондар қоспасын талдау тізбегі
Ag+, Hg22+, Pb2+, K+, Na+, NH4+ + HCl (2М) |
|||
Т1. AgCl, Hg2Cl2, PbCl2 + H2O, t0 |
Е1. K+, Na+, NH4+ (SO42-, Cl-) Бөлшектеп анықтау (ашу) |
||
Т2. AgCl, Hg2Cl2
+NH4OH (6М)
|
Е2. Pb2+
+K2Cr2O7 +КJ |
1. Na+ ашылуы + Zn(UO2)3(CH3COO)8 2. NH4+ ашылуы + K2[HgI4] (Егер NH4+ анықталса, оны тиглде қыздыру арқылы жояды. Құрғақ тұнбаны суда ерітеді) 3. K+ ашылуы + Na3[Co(NO2)6] |
|
Т3. Hg, HgNH2Cl |
Е3. [Ag(NH3)2]+ |
|
Өзіндік бақылау сұрактары
1. Неліктен калий катионы күшті қышқыл және негіз ортада анықталуы мүмкін емес?
2. Неге калий ионын анықтау үшін алдымен аммоний катионын жою керек?
3. Ерітіндіден NH4+ ионын жою түрлерін атаңыз.
4. AgCl, PbCl2, Hg2Cl2 қоспасын аммиак ерітіндісімен өңдегенде қандай құбылыстар байқалады?
5. AgCl, AgBr, AgI тұздарының қоспасын аммиак ерітіндісімен өңдегенде не байқалады?
6. Күміс ионын сынаптың (I) ионынан қалай бөліп алуға болады? Күміс ионының ашылуында азот қышқылы қандай рөл атқарады?
7. AgCl және PbCl2 тұнбаларын бөлу жолдарын ұсыныңыз.
8. PbSO4 тұнбасын қандай реактивтермен ерітіндіге ауыстыруға болады.
9. Егерде үлгіде а) калий тұзы, б) натрий тұзы бар болған жағдайда жалынның түсі қалай өзгереді?
10. Катиондардың талдау тізбегін құрастырыңыз:
а) Ag+, Pb2+, K+, NH4+.
б) Hg22+, Pb2+, Na+, NH4+.
5- зертханалық жұмыс
IV аналитикалық топ катиондары Al3+, Cr3+, Zn2+
Катион |
Орындау керек |
Білу керек |
Топтық реагент NaOH артық мөлшері |
||
Al3+ |
1. NaOH |
1.Na2HPO4 |
2. NH3H2О |
2. (NH4)2CO3, Nа2CO3 |
|
3. ализаринмен тамшылық реакция |
3. (NH4)2S |
|
|
||
Cr3+ |
1. NaOH |
1 Na2HPO4 |
2. NaOH + Н2О2 |
2. NH3H2О |
|
3. надхром қышқылының алынуы
|
3. (NH4)2S |
|
4. (NH4)2CO3 |
||
5. KMnO4 |
||
6. (NH4)2S2O8 + HNO3+ AgNO3 → H2Cr2O7 |
||
Zn2+ |
1. NaOH |
1. H2S |
2. NH3H2О |
2. Na2HPO4 |
|
3. дитизонмен реакциясы (NaOH) |
3. (NH4)2CO3 |
|
4. K4[Fe(CN)6] |
||
5. K3[Fe(CN)6] |
Al3+ ионының ашылуы
1. Натрий (калий) гидроксиді Al3+ ионымен рН 4-7,8 аралығында ақ тұнба береді. Түзілген Al(OН)3 реактивтің артық мөлшерінде еріп кетеді.
Al3+ + 3OН- = Al(OН)3↓
Al(OН)3 + OН- = [Al(OН)4]-
Реакцияның орындалуы. Құрамында алюминий бар ерітіндінің 2-3 тамшысына ақырындап тамшылата 2М натрий гидроксидін тұнба түзілгенше қосамыз. Сілтінің артық мөлшерін қосқанда тұнба ериді.
2. Аммоний гидроксиді Al3+ ионымен аз еритін Al(OН)3↓ түзеді.
Реакцияның орындалуы. Құрамында алюминий бар ерітіндінің 2-3 тамшысына ақырындап тамшылата 2М аммоний гидроксидін ақ тұнба түзілгенше қосамыз. Сілтінің артық мөлшерінде тұнба жартылай ериді.