- •Аналитикалық химиядан 5в070100 Биотехнология мамандығына арналған зертханалық жұмыстар катиондарды талдау
- •I, II аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар
- •2. Реактив ретінде күкірт қышқылының қолданылуы және алынған PbSo4 тұнбаның 30%-тік nh4Ac еруі
- •III аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары
- •Бірінші-екінші топ катиондар қоспасына бақылау есебі
- •I және II топ катиондар қоспасын талдау тізбегі
- •Өзіндік бақылау сұрактары
- •3. Ализаринмен реакциясы.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •V және VI топ катиондарының сапалық реакциялары
- •2. Тиоцианат-иондарымен реакциясы.
- •2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
- •2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
- •Жұмыстың орындалуы
- •Калий дихромат ерітіндісін дайындау
- •Зерттелетін ерітіндіден темірді анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Тұз қышқылы мен натрий тетраборатының стандартты ерітінділерін дайындау
- •Жұмыстың орындалуы
- •Тұз қышқылының ерітіндісін дайындау
- •Натрий тетраборатының (бура) стандартты ерітіндісін дайындау
- •Тұз қышқылы ерітіндісін бура бойынша стандарттау. Натрий карбонатын анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •Тұз қышқылы ерітіндісін стандарттау
- •Натрий карбонатын анықтау
- •Фосфор қышқылын анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •1. 0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау
- •2. Натрий гидроксиді ерітіндісін қымыздық қышқыл бойынша стандарттау
- •Фосфор қышқылын анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Қоспадағы кальций мен магнийді комплексонометрлік әдіспен анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •1. Кальцийді анықтау
- •2. Магнийдің анықталуы
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Тұндырып титрлеу
- •Тұндыру әдісі арқылы цинкты анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •2. K4[Fe(cn)6] ерітіндісін дайындау
- •3. K4[Fe(cn)6] ерітіндісінің дәл концентрациясын анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
Өзіндік бақылау сұрақтары
NaOH ерітіндісін стандарттау үшін қандай тұрақты қосылыстар қолданылады. Бірнеше мысал келтіріңіз. Қосылыспен әрекеттесу теңдеуін жазып, эквивалентті факторларын табыңыз.
Титрлеу секіруін байқау үшін қолданылатын қышқыл мен негіздің шекті концентрациялары және диссоциациялау константа мәндері қандай болады?
Қышқылдардың қоспасын қандай жағдайда бөлек титрлеу әдісі қолданылады (немесе көпнегізді қышқылды сатылай титрлеу)?
Қымыздық, күкірт қышқылдарын сатылай титрлеуге бола ма?
Фосфор қышқылын титрлегенде қандай индикатор қолданылады?
Фосфор қышқылын титрлегенде эквивалентті нүктені табу үшін рН қалай есептеледі?
11 жұмыс
Қоспадағы кальций мен магнийді комплексонометрлік әдіспен анықтау
Жұмыстың мақсаты: комплексонометрлік титрлеу әдісі арқылы қоспадағы кальций мен магнийді бірге анықтау.
Титрант ретінде комплексон III (Na2ЭДТА) ерітіндісін қолдана отырып кальций мен магнийді бірінен кейін бірін комплексонометрлік титрлеу арқылы анықтайды. Ортаның қышқылдылығының әртүрлі мәнінде алдымен кальций, содан соң магний анықталады.
Кальцийді тікелей титрлеу арқылы ортаның қышқылдылығы мәні рН 12,4 - 13,5-те титрлейді. Ерітіндінің рН –ы сілті арқылы орнықтырылады. Бұл жағдайда магний гидроксид күйінде болады. Кальций анықталып болған соң, тұнбадағы магний гидроксидін ерітіндіге ауыстырып, рН 10 мәнінде Na2ЭДТА ерітіндісімен титрлеуді жалғастырады.
Реагенттер және қондырғылар
Na2ЭДТА, стандартты ерітінді, 0,02М
Калий гидроксиді КOH, 20%-ты ерітінді.
Хлорсутекті қышқыл НСl, 1:1 қатынасындағы ерітінді.
Аммиак ерітіндісі NН3H2O, 1:1 қатынасындағы ерітінді.
рН мәні 10-ға тең аммиакты буфер.
Индикаторлар:
Жасыл-малахит, 0,05%-ті ерітінді;
Қара-көк хромы, 0,5%-ті ерітінді.
Сахароза.
Өлшеуіш колба 100,0 мл; пипетка 10,00 немесе 15,00 мл; бюретка; титрлеу колбалары 250-300 мл; воронка, универсальды индикатор қағазы.
Жұмыстың орындалуы
1. Кальцийді анықтау
Зерттелетін ерітіндінің аликвотты бөлігіне шпательдің ұшымен құрғақ сахароза қосып, үстіне 1 тамшы жасыл-малахитты индикаторын тамызады да, бюреткадағы 20%-тік КОН ерітіндісін тамшылаты отырып ерітінді түссізденгенше титрлейді, түссізденген ерітіндіге рН 13-14 мәнде болу үшін 5 мл КОН ерітіндісінің артық мөлшерін қосады (рН мәні универсальды индикатор қағазымен тексеріледі). Ерітіндіні жақсылап аралакстырып, 5-10 минутқа қалдырады. Содан соң ерітіндіге 3-5 тамшы қара-көк хром индикаторын қосып, ашық-қызғылт түсті ерітінді алады. Титрант ретінде алынған комплексон ерітіндісімен 1 тамшыдан ашық-қызғылт түс күлгінге ауысқанша титрлейді.
Титрлеу нәтижелері мына формуламен есептеледі:
2. Магнийдің анықталуы
Кальцийді анықтаған колбадағы ерітіндіге бюреткадан (1:1) HCl ерітіндісін магний гидроксиді ерігенше және ерітіндінің түсі ашық-қызғылтқа ауысқанша тамызады (ерітіндінің рН 6 болу керек, оны универсальды индикатор қағазымен тексеріп отырады). Егерде ортаның қышқылдылығы 6 мәнінен кем болып кетсе, ерітіндіге сұйытылған (1:1) NН3H2O ерітіндісін қосу арқылы реттейді. Содан соң зерттелетін ерітінді рН-10 болу үшін 10 мл аммиакты буфер қосып араластырады, 5-10 минутқа қалдырады да, үстіне қара-көк хром индикаторын қосқанда пайда болған ашық-қызғылт түсті комплексон ерітіндісімен 1 тамшыдан көк түске ауысқанша титрлейді.
Магний массасы мына формуламен анықталады:
