
- •Аналитикалық химия
- •Аналитикалық реакциялар мен реагенттер
- •Талдау әдістері
- •Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері
- •Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
- •Иондардың қасиеттері Гомогенді тепе-теңдік. Массалар әрекеттесу заңы
- •Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы
- •Су емес еріткіштердегі протолиттік тепе-теңдігі.
- •Күшті және әлсіз протолитер
- •Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН-ын есептеу
- •Буферлі ерітінділердін рН-ын есептеу
- •Тұздар ерітінділеріндегі гидролиттік тепе-теңдігі
- •Комплекс түзу тепе-теңдігі
- •Комплексті иондарды түзу жэне ыдырату процестеріне түрлі жағдайлардың әсері
- •Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтау
- •Гетерогенді тепе-теңдік. Ерігіштік константасы
- •Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі
- •Тұнба түзілу процесіне әсер ететін жағдайлар
- •Сандық анализ. Гравиметрлік әдіс
- •Тұнбаның ластануы.
- •Тұндыру және тұндырылған түрге қойылатын талаптар.
Тұздар ерітінділеріндегі гидролиттік тепе-теңдігі
Тұздардың ерітінділерінде гидролиздің әсерінен ортаның рН-ы өзгереді. Күшті негіз бен күшті қышқыл қалдықтарынан құрылған тұздар гидролизге ұшырамайды, бұндай тұз ерітінділерінің рН = 7. Басқа типті тұз ерітінділері сумен әрекеттесіп оның протолиттік тепе-теңдігін бұзады. Сондықтан рН мәндерін анықтау үшін гидролиздену константасын қолданады.
Егер гидролиз катион арқылы жүретін болса
Kt+ + H2O = KtOH + H+
[H+] = √ Kh. Cтұз
pH = ½ pKW – ½ pKb - ½ lg Cтұз
Гидролиз анион арқылы жүрсе
An- + H2O = HAn + OH-
[OH-] = √ Kb.Cтұз
pH = ½ pKW + ½ pKa + ½ lg Cтұз
Гидролиз катион және анион бойынша жүретін болса
Kt+ + An- + H2O = KtOH + HAn
pH = ½ pKW + ½ pKa – ½ pK
8 дәріс
Комплекс түзу тепе-теңдігі
Комплексті қосылыстар деп орталық ионнан және оған координацияланған лигандылардан тұратын күрделі қосылыстарды атаймыз. Комплексті қосылыстарға жоғары стехиометрия тән. Мысалы: K4[Fe(CN)6],
[Cu(NH3)4]Cl2, K[Ag(CN)2]. Жақша сыртында орналасқан катиондар мен аниондар комплексті қосылыстардың сыртқы сферасын құрайды. Сырқы және ішкі сфералар комплексті қосылыстарда иондық байланыс арқылы байланысқан, ал комплекс түзуші ионымен лигандылар электровалентті байланыс (донорлы-акцепторлы, ковалентті, сутекті) арқылы қосылған. Сондықтан, комплексті қосылыстардың ішкі және сыртқы сфераларға ыдырауы күшті электролиттер диссоциациясы сияқты толық өтеді, ал ішкі сфераның ыдырауы әлсіз электролиттердің иондануына ұқсас, яғни бұл процесс қайтымды, және өте аз мөлшерде жүреді. Мысалы:
K4[Fe(CN)6] = 4 K+ + [Fe(CN)6]4- - бұл толық қайтымсыз диссоциация
[Fe(CN)6]4- ↔ Fe2+ + 6 CN- - қайтымды процесс
Осы тепе-теңдіктің константасы комплексті қосылыстың тұрақсыздық константасы деп аталады. Ал қарама-қарсы процесстің константасы – турақтылық константасы деп аталады.
Әдетте комплекс түзілуі сатылап жүреді:
M + L = ML K1= aML/aMal
ML + L = ML2 K2 = aML2/amLaL
Және әр реакцияға жалпы тұрақтылық константаларды келтіруге болады:
M + L = ML β1 = K1
M + 2L = ML2 β2 = K1.K2 = aML2/aMaL2
Активтіктің орнына концентрацияны қойсақ концентрациялық тұрақтылық константаларының мәндері шығады:
β1c = [ML]/[M].[L] және β1c = β1 .fMfL/fML
Комплексті бөлшектер үшін материалдық баллансты метал-ионы және лиганд арқылы келтіруге болады
CM = [M] + [ML] + [ML2] + …+ [MLn]
CL = [L] + [ML] + 2[ML2] + …+n[MLn]
Комплекстүзу тепе-теңдігін сипаттау үшін комплекстену функциясы пайдаланады
F(L) = CM/[M]
Комплекстену функциясы кез-келген комплексті бөлшектердің мольдік үлесін есептеуге мумкіндік береді:
αMo = [M]/CM = 1/F(L)
αML = [ML2]/CM = β1.[L]. αMo
αMLn = [MLn]/CM = βn.[L]n. αMo
Комплекс түзілу процесіне түрлі жағдайлар әсер етеді
лигандтардың концентрациясы
ерітіндінің рН-ы
ерітіндінің иондық күші
Қосымша реакциялар жүйедегі метал және лиганд концентрацияларына әсер етіп негізгі процесінің жүру жағдайын өзгертеді. Қосымша реакцияларды ескеру үшін шартты тұрақтылық константаларын пайдалану керек
β`= [ML]/CM.CL = βo.αM. αL
αM. және αL – қосымша реакциялардың коэффициенттері.
9 дәріс