
- •Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Оқу құралы
- •Алматы, 2010
- •Шартты белгілер:
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Мазмұны
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
- •Ресми іс қағаздар стилі
- •Түйіндеме
- •Менің анкетам
- •Өмірбаян
- •Кадр есебі жөніндегі Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Визит карточкасы
- •Логитоп
- •Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- •Байланыс телефондары, e-mail, факс.
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті жүрсінбаева Жеңісқызы Айжан
- •Визит карточкасы туралы
- •Бұрыштама
- •Бұрыштаманың түрлері:
- •7 Пәтердің тұрғыны
- •1 Курс студенті
- •1 Курс студенті
- •Мінездеме
- •1. Қызметтік мінездеме.
- •2. Аттестациялық мінездеме.
- •3. Жеке (функционалды) мінездеме.
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Кепілдеме
- •Кепілдеме
- •Ұсыныс хат
- •Расписка
- •Расписка
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Сенімхат
- •1997 Жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
- •Сенімхат
- •1999 Жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
- •Сенімхат
- •26 Ақпан, 2010 ж. Шымкент қаласы
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •Кепілхат
- •Тапсырыс
- •Әқд директоры
- •Т. Ермекұлы
- •Т. Ермекұлы
- •Кеңсе заттарын алуға
- •Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
- •15 Қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
- •7. Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14. Демалыс алу тәртібі:
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17. Келісімнің тоқтатылуы:
- •18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •15. Келісімге қосымша:
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Құрметті Арман Нұрланұлы!
- •Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
- •Ресми хат
- •Алматы қалалық білім департаменті
- •Ресми хат
- •Ұсыныс хат
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!
- •Сұраныс хат
- •Жолдама хат
- •Баяндау хат
- •Ақпарат хат
- •Алматы қаласы әкімшілігі
- •Ақпарат хат
- •Циркуляр хат
- •Қызметтік хаттарға қосымша
- •Құттықтаухат!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Қалиұлы Қайрат!
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!
- •Алтын әжем Алтынай!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!! Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Бұйырамын:
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Анықтама
- •20 Қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Анықтама
- •14 Қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Хаттама
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті,
- •Гуманитарлық пәндер кафедрасының жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •__________ Қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының1
- •1. Тыңдалды:
- •2.Тыңдалды:___________________________________________________
- •Лексика-грамматикалық тесттер жинағы
- •«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.
Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.
1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты іс құжаттар.
2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.
3-ші топ. Басқару ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.
Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары
|
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс қағаздары |
Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты іс қағаздары |
Түйіндеме Өмірбаян Жеке іс парағы Визит карточкасы Өтініш Арыз Мінездеме Анықтама Жеделхат |
Қолхат Кепілхат Сенімхат Өтінім Тапсырыс Келісімшарт Шарт Еңбек шарты Еңбек келісімі
|
Хаттама Қызметтік хаттар Хабарландыру Бұйрық Жарлық Үкім, Өкім Жарғы Ереже Қаулы Шешім |
Формасына қарай:
Типтік;
Трафареттік;
Еркін мәтінді болып бөлінеді.
1. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.
2. Трафареттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын-ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдын-ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, фамилиясы, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып, алдын-ала дайындалады.
3. Еркін мәтінді іс қағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді іс қағаздарын безендіруде де жалпы іс қағаздарына қойылатын талаптар сақталады.
Қолданылу орнына қарай:
Мекемеішілік;
Мекемеаралық;
Мемлекеттік;
Халықаралық болып бөлінеді.
Шығу, жасалу сатысына қарай:
түпнұсқалық;
көшірмелік болып бөлінеді.
Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.
Ал көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. М: Көшірмелік іс қағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.
Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.
Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.
Кез-келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруе құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып қол қойылып мөр басылғанда ғана заңды күші бар.
4-cабақ