Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
15.02.2020
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең

1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:

  • 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.

  • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;

  • 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған.

  • Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23-сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

  • Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы 11 маусымдағы «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау хаты.

  • Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 маусымдағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17-мамырдағы «Қазақ уездері мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге көшірудің соңғы мерзімін белгілеу туралы» қаулысы;

  • Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты және т.б. құжаттар.

Бірақ көп ұзамай-ақ қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым-қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:

  • 1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы қаулысы;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылы сәуір айындағы «Ұлттық мектептерді қайта құру туралы» қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағы ұлттық мектептер «буржуазиялық-ұлттық идеология-ның ошағы, балаларды кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел таратылып жіберді).

  • 1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;

  • 1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама».

Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен

Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында етек алды:

  • 1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

  • 1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;

  • 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.

  • «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы: 

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

3-cабақ