Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
15.02.2020
Размер:
2.43 Mб
Скачать

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі

Адресация лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні.

Анықтама мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын акпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.

Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.

Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.

Жарнама – тауардың өтімділігін арттыру жане коммерциялық мақсатта жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар етуге бағытталған кұжат.

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.

Жеке жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.

Кепілхат белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.

Қолхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат) алғандығын және оны белгілі мерзімде кайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат.

Құжаттау үрдісі элементтері: құжаттарды дайындау; құжаттарды жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Мінездеме – түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, косіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Өтініш – жазбаша, ресми тұрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

Өтінім – мекемеішілік қатынаста қажетті заттарды алуға арнайы бланк түрінде толтырылатын құжат.

Ресми құжатқа тән белгілер:мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы; тұжырымдардың дәл, нақты болуы; сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; терминнің ең қолданылу жиілігі; жоғары қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

Тапсырыс – мекемеаралық қажетті заттарды алуға арнайы бланк түрінде толтырылатын құжат.

Телефонхат телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.

Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алыңған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. Резюме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайлы нақгы, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін іс қағазының түрі.

Cтиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.

Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасы.

Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

Хабарландыру – мәжіліс, жиналыстар, мәдени шаралар, тендерлер, вакансиялар туралы мәлімдейтін құжат.

Хаттама жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.

Іс-қағаздарының қызметтері – реттеуші; негіздеуші; айғақтаушы; жүйелеуші; қайнар көзі; көрсеткіші.