Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

1999 жыл 02 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасын-дағы тілдер туралы» Заңының іске асырылуын бақылауды күшейту туралы

115 БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасын-дағы тілдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769, «Тілдер туралы Заңды сақтауға бақылау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы №19 Қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы №01-8/49 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында

Бұйырамын:

1. Ведомстволық мекемелер басшылары ішкі мүмкіндіктері есебінен Мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандар мен аудармашылар қызметін ескерсін.

2. Жоғары оқу орындарының ректорлары 1999-2000 оқу жылының оқу бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» мамандықтарының арнайы курсын енгізсін.

3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық инфрақұрылым департаменті Қазақстан Респуб-ликасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Ғылым және жоғары білім министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі ақпарат жиынтығын әр тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Министр _______________________ В.Школьник

(қолы)

  • Үлгі-2

Қазақстан-Британ техникалық университеті

10 қаңтар 2010 жыл Алматы қаласы

Ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы

5-775 БҰЙРЫҚ

Оқу ісі жөніндегі проректор З.Қ. Түйебахова қол қойған,

АТФ деканы Ф.А. Гаджиевтің өтініші негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1) «Ақпараттық технологиялар» факультеті «09705114» (бакалавриат) бойынша ақылы негізде оқитын 2 курс студенті Жанболатов Берік сабақ үлгерімінің төмен болуына байланысты 10.01.2010 жылдан бастап университеттен оқудан шығарылсын.

2) 16.08.2009 жылғы №665 келісімшарт бұзылсын.

3) Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақшалай қаржы кері қайтарылмайды.

Ректор ____________________ Е.Қ. Бейсембетов

(қолы)

Оқу ісі жөніндегі

проректор ___________________ З.Қ. Түйебахова

(қолы)

Бас бухгалтер ___________________ К.Т. Жұмабаева

(қолы)

Заң кеңесшісі ___________________ Ю.А. Квашнина

(қолы)

келісілді.

  • Үлгі-3

Қазақстан-Британ техникалық университеті

08.12.2010 ж. Алматы қаласы

ЭжМГИФ студенті Е.С. Асқаровты академиялық үзілістен кейін қайта қабылдау туралы

280/с БҰЙРЫҚ

Студенттің өтініші негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1. Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультетінің 5В070800 «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша ақылы негізде оқитын Асқаров Сапарұлы Елдосты академиялық үзілістен кейін 5 курсқа қабылдансын.

2. 2010-2011 оқу жылының көктемгі семестрінен (17.01.2011) бастап сабаққа кірісуге рұқсат етілсін.

3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор З.К.Түйебақоваға жүктелсін.

Ректор Е. Бейсембетов

  • Үлгі-4

Қазақстан-Британ техникалық университеті

08.12.2010 ж. Алматы қаласы

ҚЭФ студенті Д.А. Омарованы ЭжМГИФ 5В070800 «Мұнайгаз ісі» мамандығына ауыстыру туралы

282БҰЙРЫҚ

Студенттің өтініші негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қаржы-экономика факультетінің «Қаржыгер» мамандығы бойынша (қазақ бөлімінде) оқитын 4 оқу жылының 2 курс студенті Омарова Алтайқызы Дина АТФ-тің «бағдарламашы» мамандығына 2010-2011 оқу жылынан бастап ауыстырылсын.

2. ҚБТУ мен Д.А Омарованың арасында білім беру қызметін көрсетуге жасалған келісімге сәйкес өзгертулер енгізілсін.

3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор З.К.Түйебақоваға жүктелсін.

Ректор Е. Бейсембетов

Ескерту!

Бұйрық журналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және канцелярияда сақталады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бұйрық қандай құжат?

2. Бұйрыққа кім қол қояды?

3. Бұйрықтың қандай түрлері бар?

4. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?

5. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?

6. Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?

1-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа

Штаттық

Орынбаевтың

Үстемақы

Отбасы

Еңбек шартының

Зейнеткерлікке

Апталық

Атқаратын

Бұйрыққа қол

Жұмысқа қабылдау

Басқа жұмысқа ауысуына

Оқудан

Қызметке

Материалдық көмек

□ кестеге сәйкес

□ белгілеу

□ жағдайына байланысты

□ шығуына байланысты

□ сынақ мерзімімен

□ қызметінен

□ өтініші

□ қабылдау туралы

□ аяқталуына байланысты

□ көрсетілсін

□ қабылдансын

□ шығарылсын

□ қойылды

□ туралы

□ байланысты

2-жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз

Белгілеу – белгіленсін

Енгізу – ........................

Қысқарту – ........................

Жүктеу – ........................

Жүргізу – ........................

Орындау – ........................

Тыйым салу – ........................

3-жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз

Үлгі:

А.Жандосов 2003 жылдың 13 маусымынан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

Аты-жөні

Күні, айы, жылы

Себебі

Қызметі

Е.Омарова

Б.Сағатов

Қ.Боранбаева

21.02.2002 ж.

10.11.1998 ж.

15.01.2004 ж.

кәсіпорынның жабылуы

басқа жұмысқа ауысу

себепсіз жұмыстан қалу

хатшы

үйлестіруші

есепші

4-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

Қаржы-экономика факультетінің 2 курс студенті ............. пәндер айырмашылығын тапсыруға жіберілсін. ........... 3 курс студенті Жақыпбекова Сәуле 2009-2010 оқу жылына ақы төлемегендігіне байланысты оқудан шығарылсын. Жанболатов Ербол Қаржы-экономика факультеті күндізгі орыс бөлімінің ......... ақылы негізде қайтадан оқуға алынсын. Ақылы негізде оқитын күндізгі орыс бөлімінің 5 курс студенті Маратов Жақып ........ Ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Еркебұланова Жамал мемлекеттік білім несиесі негізінде оқудан ..... ауыстырылсын.

Керекті тілдік бірліктер: шетелдік іссапардан қайтып келді деп есептелсін. Әріпбаева Гүлсім, мемлекеттік білім гранты негізіндегі оқуға, Ақпараттық технологиялар факультетінің, 2 курсына.

5-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. С.Садықоваға / аяқтау үшін / 6 ай / шығармашылық демалыс / докторлық диссертациясын / көлемінде / берілсін /.

2. факультетінің / Ақпараттық / 2 курс / технология / студенті / оқуға Б.Әбжаппаров / қайтадан / алынсын.

3. «Ақпараттық технологиялар» / ақылы негізде оқитын / факультеті / «09705114» (бакалавриат) / бойынша / сабақ үлгеріміне / байланысты / шығарылсын / 1-курс студенті / 10.01.2010 жылдан бастап / университетте / Жанболатов Берік / оқудан.

6-жаттығу. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз. (мин)

1.Бұйрық

□ 1.Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты. 2.Күнделікті мәселелерге байланысты. 3.Төтенше жағдайға байланысты.

2.Бұрыштама

□ Бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетілетін, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі.

3.Бұйрықтың түрлері

□ Мекеме басшына келіп түскеннен кейін қойылатын қолмен жазылатын сөз.

4. Констатация-лық бөлікте

□ Жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктелетін өкілетті құжат.

7-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Секретарь, на должность секретаря, труд, условия труда, особые условия труда, прием, о приеме на работу, в связи с уходом на пенсию, в связи с переходом на другую работу, текст приказа, приказываю, приказ о приеме на работу, состав, по личному составу, подпись, испытательный срок, с двухнедельным испытательным сроком.

Тапсырмалар:

  1. Өз өтініші бойынша оқудан шығу туралы бұйрық дайындаңыз.

  2. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты бұйрық дайындаңыз.

  3. Зейнеркерлікке шығуына байланысты бұйрық дайындаңыз.

  4. Жасалған жаңа еңбек келісімшартына сәйкес бұйрық дайындаңыз.

  5. Отбасы жағдайына байланысты бұйрық дайындаңыз.

  6. Бала күтіміне байланысты бұйрық дайындаңыз.

  7. Полковник әскери атағының берілуіне байланысты бұйрық дайындаңыз.

Негізгі сөздік:

Бұйырамын – приказываю

Өкім – распоряжение

Нұсқау – инструкция, указание, директива

Қаулы – постановление

Шешім – решение

Жарлық – указ

Қабылдансын – принять

Қаралсын – рассмотреть

Жүктелсін – возложить

Тағайындалсын – назначить

Дайындалсын – подготовить

Тапсырылсын – поручить

Рәсімделсін – оформить

Босатылсын – освободить

Рұқсат етілсін – разрешить

Баяндалсын – доложить

Жүзеге асырылсын – реализовать

Штаттық кесте – штатное расписание

Жеке құрам бойынша – по личному составу

Міндет жүктеу – возложить обязанность

Өкілеттік жүктеу – возложить полномочия

Комиссия құрылсын – создать комиссию

Жұмысқа қабылдансын – принять на работу

Белгіленген тәртіпте – установленном порядке

Жұмысқа қабылдау туралы – о приеме на работу

Кезекті демалыс туралы – об очередном отпуске

Кезектен тыс демалыс туралы – о внеочередном отпуске

Ақшалай сыйлық беру туралы – о денежном вознаграждении

23-cабақ