Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Хабарландыру!

2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10.00-де университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтеді.

Бағдарламада:

1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.

2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

3. Көркемөнерпаздардың концерті.

Ректорат

 

Мәдени іс шараларға хабарландыру

Хабарландыру!!!

Бүгін 24 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күні.

Осы мерекені – Халқымыздың ұлы перзенті ақын, философ, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерей тойына арнаймыз.

Бағдарламада:

1.Студенттердің қатысуымен Шәкәрімнің өмірі, шығар-машылығы туралы сахналық көріністері болады.

Ақынның өлеңдері, күйлері орындалады.

Кешке – Шәкәрімді зерттеп жүрген ғалымдар, ақын-жазушылар – Қалихан Ысқақ, Нұрлан Оразалиндер қатысады.

Әншілер: “Жаңа ғасыр – жаңа ән” және Халықаралық байқаудың лауреаттары: Тамара Асар, Гүлнұр Өмірбаева қатысады.

Баршаңызды игі шараға шақырамыз.

Өтетін орны: 24.09.2010. Сағат 16.00.

ҚБТУ, Дөңгелек зал.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

 

Үлгі: Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру

Хабарландыру!!!

2009 жылдың 16 маусымы күні сағат 10.00-де №382 дәрісханада №11 кафедра мәжілісі өтеді

Күн тәртібінде:

1. 2009-2010 оқу жылының жоспарын бекіту – К.С. Құрманбай

2. 1-ші курс студенттеріне арналған диагностикалық тесті бекіту – Әміреев Н.Ә., Тұманова А.Б.

3. 2009-2010 оқу жылына арналған пән силлабустарын талқылау, бекіту – Кафедра оқытушылары.

4. 2009-2010 оқу жылының жүктемесіндегі өзгерістер туралы – Құрманбай К.С.

5. Кафедрадағы бос орындарға үміткер оқытушыларды ұсыну – Құрманбай К.С.

6. Әртүрлі мәселелер.

Төраға: К.С. Құрманбай

Хатшы: Ж.С. Манғышева.

 

Үлгі: Жалпылама хабарландыру

Хабарландыру!

ҚЭФ-тің 2-курс студенттері Оралбеков Әділет пен Мырзақұлов Айдынға Лондон қаласында өткізілген “Экономика» пәні бойынша халықаралық олимпиядадан бірінші орын алған жүлделі орындарымен құттықтай отырып, үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.

ҚЭФ деканаты

 

Үлгі: Жалпылама хабарландыру

Хабарландыру!

2009 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де №230 дәрісханада өтетін “Қазақ тілі” сабағы 8 қыркүйекке №444 дәрісханаға ауыстырылады.

Кеңсе тіркеуші

 

Тапсырмалар:

1. Бос орындарға байланысты хабарландыруға: газет бетінде берілетін хабарландырулардан өз мамандығыңа байланысты үлгісін тауып дайындаңыз.

2. Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят: Жылдық есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.

3. Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят: Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» іс-шарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.

4. Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға байланысты хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы хабарландыру үлгісін дайындаңыз.

Негізгі сөздік:

Хабарландыру – объявление

Құлақтандыру – оповещение, объявление

Бос қызмет орны – вакансия

Жылжымайтын мүлік – недвижимость

Құнды заттар – ценные вещи

Үміткер – кандидат

Өтетін орны – Место проведение

Жалпылама хабарландыру – общая объявление

Жазбаша хабарлау, ескерту – уведомление

Алқа – коллегия

22-cабақ

Бұйрық

Анықтамасы:

Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті іс қағаздарының бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі.

Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:

1-ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.

2-ші топ. Жеке құрамға байланысты.

1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар – мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады.

Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, “... байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “... орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес” деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.

2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар – жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі.

Мысалы:

  • Зейнеткерлікке шығуына байланысты

  • Басқа жұмысқа ауысуына байланысты

  • Кәсіпорынның жойылуына байланысты

  • Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

  • Өз өтініші бойынша

  • Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

  • Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

  • Ресми сапарға кетуіне байланысты

  • Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

  • Айрықша жұмыс жағдайлары үшін

Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.

Мысалы:

  • Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

  • Кәсіпорынның жойылуы туралы

  • Жұмысқа қабылдану туралы

  • Жұмыстан босату туралы

  • Уақытша ауыстыру туралы

  • Үстемақы белгілеу туралы және т.б.

Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.

Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.

1-ші «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).

2-ші «Өкімдік бөлік».

Айқындаушы бөлікте – бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.

Өкімдік бөлік«БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен белгіленеді.

Бұйрықтың өкімдік бөлігі: нақты, қысқа, анық басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.

Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.

Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.

Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ-ші жағы арқылы жазылады. Мысалы,

  • тыйым салынсын

  • босатылсын

  • қабылдансын

  • белгіленсін

  • жүктелсін

  • тағайындалсын

  • ауыстырылсын

Сондай-ақ, мекеме ішіндегі жұмысты жүргізу ыңғайына қарай бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:

  • Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар.

  • Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар.

  • Арнайы бұйрықтар.

  • Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар.

Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.

Арнайы бұйрықтар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңгер қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп басылып, 1 данасы марапатталған адамға тапсырылады.

Бұйрықты дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелермен және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы бұйрық жобасының бір данасына белгі (бұрыштама) қойылады. Бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құрылымы:

      • Мекеме атауы.

      • Жазылған күні, айы жылы; орны.

      • Бұйрықтың тақырыбы

      • Құжат нөмірі, атауы

      • Айқындаушы бөлік (Бұйрықты беруге негіз болған дерек, бұйрықтың мақсаты)

      • Өкімдік бөлік (Негізгі мәтін)

      • Бұйрықтың орындалуын қадағалаушы тұлға жайлы мәлімет (міндеті, аты-жөні, лауазымы).

      • Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.

  • Үлгі-1