Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Хабарландыру!

Анықтамасы:

Хабарландыру дегеніміз – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін іс қағазының бір түрі.

Хабарландыру қандай да бір іс-шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталарынан танысуға болады.

Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы, жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Хабарландырудың соңында хабарландыру беруші мекеме, ұйым, әкімшіліктік атауы жазылады. Хабарландыру көлемі жағынан әртүрлі және еркін мәтінді болып келеді.

Хабарландырудың басты мақсаты бұл көпшілікке нақты бір мәліметті жеткізу. Бұл мәлімет әр-түрлі болуы мүмкін. Мысалы егер тұлға өз мүлігін сатса сонда ол хабарландыруда оның сипаттамасын міндетті түрде жазу керек. Ал егер мекемеішінде бір шара өткізілсе онда оның уақыты мен өткізілетін жері жазылуы керек.

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады

Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталарынан танысуға болады. Хабарландыру әр түрлі жағдайлар, мысалы: бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады.

Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай мекеме конкурс жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жариялайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекенжайы көрсетіледі.

Хабарландыру хабарландырылатын мәселенің мазмұнына қарай 6 түрге бөлуге болады.

  1. Бос орындарға хабарландыруда.

  2. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда.

  3. Мәдени шараларға хабарландыруда.

  4. Тендерге хабарландыруда.

  5. Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.

  6. Жалпылама хабарландыру.

Хабарландыруға тән белгілер:

  • Ресмилік

  • Қысқа

  • Нақты

  • Анықтық

  • Хабарландыру

  • Көпшілікке арналған

Хабарландырудың берілу жолдары:

  • Теледидар

  • Радио

  • Газет

  • Афишалар

  • Интернет

  • Трансляция (жүгіртпе жол)

  • Телефон және т.б.

Хабарландырудың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері:

1

Бос орынға хабарландыруда

Жұмыс орнына тиісті «талаптар» болады.

2

Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда

«Күн тәртібі» толық жазылады.

3

Мәдени шараларға хабарландыруда

«Бағдарламасы» ұсынылады.

4

Тендерге хабарландыруда

«Шарттары» ұсынылады.

5

Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру

«Сипаттамасы» жазылады.

6

Жалпылама хабарландыруда

«Жалпылама әртүрлі мәселелер» көрсетіледі.

Құрылымы:

  1. Құжат атауы

  2. Негізгі мәтін

3.Осы хабарландыруды таратқан бөлімнің атауы немесе мекеменің (жеке тұлғаның) мекенжайы мен байланыс мәліметтері.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарландыру дегеніміз қандай құжат?

  2. Хабарландырумен қайдан танысамыз?

  3. Хабарландырудың түрлерін ата?

  4. Хабарландырудың ерекшелігі неде?

Үлгі: Бос орынға хабарландыру