Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Құттықтаухат!

Қазақстан Республикасы Мемлеккеттік сыйлықтың иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Қалиұлы Қайратқа

Қадірлі Қалиұлы Қайрат!

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен,

Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы

 

  • Үлгі-3: Бейресми

Құттықтаухат!

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылында тұратын біріміздің асқар таудай ағамыз, енді біріміздің ізетті ініміз, ұлағатты ұстаз, өнегелі отбасы Әбілхан Тоқтыбековты ердің жасы 50-ге келген мерейтойымен ақкөңіл, шын жүрегімізден құттықтаймыз!

Зайыбыңыз Сәуле апай екеуіңіздің отбасыларыңыз әрдайым аман болып, мәпелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер.

Ағамызға алдағы өмірде мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол-мол жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз.

Ізгі ниетпен, бауырлары

 

  • Үлгі-4: Ресми

Құттықтаухат!

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі

Мұхтар Әлиұлына

Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универ-ситеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Адам жанының арашасы болған Сіздің Тәуелсіз Қазақстан мен әлем медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен,

Қ.А. Яссауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік

Университетінің президенті, академик О.Сәбден

 

  • Үлгі-5: Бейресми

Алтын әжем Алтынай!

Асыл әжем, тілеуімізді тілеген, еркелігімізді көтерген, көрмей қалса сағынған! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңызға тәнтіміз. Бар тәттіні аузымызға тосып, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағымызға құюдан жалықпаған біздің дана әжеміз. Сізді бүгінгі 8 наурыз мерекеңізбен құттықтаймыз!!!

Әжетай! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір және екі дүниенің бақытын тілеймін. Алла сізге күш-қуат берсін! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

Ізгі ниетпен немерелеріңіз: Тілек, Ақнұр, Жансая, Жанерке.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады?

2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады?

3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай?

4. Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады?

1-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

Аса

□ көңілден

Іскер

□ жоғары

Ізгі

□ арасында

Шынайы

□ ниетпен

Беделі

□ маман

Қызметкерлер

□ □ құрметті

Тапсырмалар:

1. Жазушылар Одағы атынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.

2. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президентінің атынан Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, профессор Е.Қ. Бейсембетовті университеттің құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаңыз.

3. Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз.

4. Досыңызды туылған күнімен құттықтаңыз.

Негізгі сөздік:

Құттықтау – поздравление, поздравлять

Жіберу – послать, отправить

Құрметті – уважаемый, почетный

Шын жүректен – от всего сердца

Тілек – пожелания

Мерейтой – юбилей

Марапаттау – наградить

Жетістік – достижение

Ұжым – коллектив

Іскер – деятельный

Бедел – авторитет

Маман – специалист

21-cабақ