Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Баяндау хат

Анықтамасы:

Мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсынысы мен талап-тілегі келтірілген хат.

  • Үлгі-1:

Қазақстан-Британ техникалық университеті

 Алматы қаласы

Төле би көшесі 59

Тел. 2-72-57-20

Факс.2-72-45-12

06.01.2009. №58

Қаржы-экономика факультетінің

деканы В.М. Әукенге

 

Баяндау хат

2009 жылдың 6 қараша күнгі болған “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” пәніне В-12 топтағы 12 студенттің сабаққа 3-еуі ғана келгенін Сізге мәлімдеймін.

 

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын

жүргізу” пәнінің оқытушысы (қолы) Ж.Маңғышева

  • Үлгі-2:

Қазақстан-Британ техникалық университеті

 

Алматы қаласы

Төле би көшесі 59

Тел. 2-72-57-20

Факс.2-72-45-12

06.01.2009. №58

«ҚБТУ» АҚ оқу-ісі

жөніндегі проректоры

З.Қ. Түйебаховаға

 

баяндау хат

Орыс тілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әр түрлі екендігін баяндай келе, Сізге орыс аудиториясындағы 1 курс студенттері «бастауыш», «жалғастырушы», «жетілдіруші» деңгей бойынша оқулары керектігін мәлімдеймін.

 

Қазақ және орыс тілдері

кафедрасының меңгерушісі (қолы) Г.С. Құрманбай

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Баяндау хат қандай құжат?

2. Ол қандай бөліктерден тұрады?

3. Баяндау хат кімнің атына жазылады?

4. Баяндау хаттың негізгі мәтіні қалай басталады?

Тапсырмалар:

1. Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақ босатқанын мәлімдеп, оқытушы атынан баяндау хат жазыңыз.

2. Қалалық білім беру басқармасының атына биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

3. Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапасы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

4. Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының атына қаладағы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстап, олардың қылмысы туралы іс прокуратураға жіберілгенін мәлімдейтін бөлім бастығының атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

5. Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының атына қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.

6. Сынып жетекшісі атынан мектеп директорының атына 11-сынып оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.

7. Топ басшысы ретінде сынып жетекшісіне сабақ босатқан оқушылардың аты-жөнін, пәннің атын, саатына қаладағы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстап, олардың қылмысы туралы іс прокуратураға жіберілгенін мәлімдейтін бөлім бастығының атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

5. Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының атына қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.

6. Сынып жетекшісі атынан мектеп директорының атына 11-сынып оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.

7. Топ басшысы ретінде сынып жетекшісіне сабақ босатқан оқушылардың аты-жөнін, пәннің атын, сағат санын көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.