Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Жолдама хат

Анықтамасы:

Белгілі бір құжатпен жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат беретін хат.

  • Үлгі-1:

«Темір» фирмасы

 

Астана қаласы

Есіл көшесі 29 үй

Тел. 2-35-39-62

Факс. 2-35-45-12

28.03.2007. №37

Астана қаласындағы қаржы

бақылау бөлімінің бастығы

Р.О. Сапаров мырзаға

 

Жолдама хат

Құрметті Рымғали Омарханұлы!

 «Темір» фирмасы қаржылардың жылдық бақылауына байланысты Сізге 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларының есептерін жолдайды (есеп қосымшада тіркелген).

 

«Темір» фирмасының директоры: (қолы) Н.Н. Ахметов

  • Үлгі-2:

Қазақстан-Британ техникалық университеті

 

Алматы қаласы

Төле би көшесі 59 үй

Тел. 2-72-39-62

Факс. 2-72-45-12

28.03.2010. №37

Қазақстан Республикасы

Ғылым академиясының

Кітапхана директоры

А.Н. Құсайынов мырзаға

жолдама хат

Құрметті Арман Нұрланұлы!

 Қазақстан-Британ техникалық университеті Сіздің кітап-ханаңызға университет баспасынан шыққан төмендегі басылымдарды жолдайды.

    1. Жоғарғы оқу орындарындағы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» атты Қазақстан-Британ техникалық университеті оқытушыларының мақалалар жинағы.

    2. Қазақ тілін коммуникативті және функционалды зерттеу және инновациялық оқыту технологиялары» атты филология ғылымының докторы, танымал лингвист Рақыш Әміровтің 80 жасына арналған Халықаралық конференция материалдары, 1, 2 том.

 

Ғылыми бөлімнің жетекшісі: (қолы) Ж.Ж. Байгүншеков

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жолдама хат қандай құжат?

2. Оны қай кезде береді?

3. Оның құрылымы қандай?

Тапсырмалар:

1. Қалалық мұрағат меңгерушісінің атынан жеке тұлғаның сұранысы бойынша 1975–1990 жылдары Тұрмыстық химия зауытында технолог ретінде жұмыс істеген анасының еңбек өтілі туралы анықтамасын жібергені жөнінде жолдама хат үлгісін жазыңыз.

2. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атынан 2010 жылы оқырман конференцияларының тақырыптық жоспары мен авторлармен кездесу кештерінің жоспарын жіберуі туралы мектеп директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

3. Қалалық оқу бөлімі бастығының атына қызмет бабымен ауысқан маманның құжаттарын жібергені туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.

4. «Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының жұмыс орнынан және еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені туралы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

5. «РАДиАЛ» баспасы бас рекакторының атынан сұраныс бойынша басылып шыққан әдебиеттерді жібергені туралы «Шоқан Уәлиханов» кітап дүкенінің меңгерушісіне жолдама хаттың үлгісін жазыңыз.

6. Орта мектептің 10-сыныбынан лицейдің 10-сыныбына ауысуына байланысты оқушының құжаттарын жіберуі тіралы мектеп директоры атынан лицей директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

7. Университет студентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқытылуына байланысты оның құжаттарын жіберу туралы Ресейдің М.Ломоносов атындағы ММУ ректорының атына университет ректоры атынан жолдама хат үлгісін жазыңыз.

8. Жоғалған димломын қайта алу үшін жеке тұлғаның атына университет мұрағатының меңгерушісі атынан дипломы мен қосымшасының көшірмесін, мемлекеттік емтихан комиссиясы отырыстары хаттамаларының көшірмесін жіберу туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.