
- •Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Оқу құралы
- •Алматы, 2010
- •Шартты белгілер:
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Мазмұны
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
- •Ресми іс қағаздар стилі
- •Түйіндеме
- •Менің анкетам
- •Өмірбаян
- •Кадр есебі жөніндегі Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Визит карточкасы
- •Логитоп
- •Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- •Байланыс телефондары, e-mail, факс.
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті жүрсінбаева Жеңісқызы Айжан
- •Визит карточкасы туралы
- •Бұрыштама
- •Бұрыштаманың түрлері:
- •7 Пәтердің тұрғыны
- •1 Курс студенті
- •1 Курс студенті
- •Мінездеме
- •1. Қызметтік мінездеме.
- •2. Аттестациялық мінездеме.
- •3. Жеке (функционалды) мінездеме.
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Кепілдеме
- •Кепілдеме
- •Ұсыныс хат
- •Расписка
- •Расписка
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Сенімхат
- •1997 Жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
- •Сенімхат
- •1999 Жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
- •Сенімхат
- •26 Ақпан, 2010 ж. Шымкент қаласы
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •Кепілхат
- •Тапсырыс
- •Әқд директоры
- •Т. Ермекұлы
- •Т. Ермекұлы
- •Кеңсе заттарын алуға
- •Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
- •15 Қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
- •7. Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14. Демалыс алу тәртібі:
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17. Келісімнің тоқтатылуы:
- •18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •15. Келісімге қосымша:
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Құрметті Арман Нұрланұлы!
- •Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
- •Ресми хат
- •Алматы қалалық білім департаменті
- •Ресми хат
- •Ұсыныс хат
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!
- •Сұраныс хат
- •Жолдама хат
- •Баяндау хат
- •Ақпарат хат
- •Алматы қаласы әкімшілігі
- •Ақпарат хат
- •Циркуляр хат
- •Қызметтік хаттарға қосымша
- •Құттықтаухат!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Қалиұлы Қайрат!
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!
- •Алтын әжем Алтынай!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!! Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Бұйырамын:
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Анықтама
- •20 Қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Анықтама
- •14 Қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Хаттама
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті,
- •Гуманитарлық пәндер кафедрасының жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •__________ Қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының1
- •1. Тыңдалды:
- •2.Тыңдалды:___________________________________________________
- •Лексика-грамматикалық тесттер жинағы
- •«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Сұраныс хат
Анықтамасы:
Белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат.
Үлгі-1:
«Нәзік» азық-түлік дүкені
Қостанай қаласы С.Сейфуллин көшесі 17 үй Тел. 3-35-39-62 Факс. 3-35-45-12 28.03.2009. №37
«Баян сұлу» АҚ директоры С. Бейсенғазыұлына
Сұраныс хат
«Нәзік» азық-түлік дүкені Сізден “Баян сұлу” кондитерлік фабрикасында соңғы екі жылдағы өндірілген тауарлар тізімін жіберуіңізді сұрайды.
«Нәзік» дүкенінің директоры: (қолы) А.Р. Омаров
|
Үлгі-2:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Астана қаласы Абай көшесі 17 үй Тел. 3-35-39-62 Факс. 3-35-45-12 28.03.2010. №37
Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Е.Қ. Бейсембетовке
сұраныс хат
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректораты Сізден «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенті Т.Н.Есдәулетовтің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне ауысуына байланысты жеке құжаттарын жіберуіңізді сұрайды.
Оқу бөлімінің басшысы: (қолы) Р. Ерлікұлы
|
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сұраныс хат қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайда жасалады?
3. Оның құрылымы қандай?
Тапсырмалар:
1. Қалалық мұрағат меңгерушісінің атына 1975–1990 жылдары Тұрмыстық химия зауытында технолог ретінде жұмыс істеген анаңыздың еңбек өтілі туралы анықтама беруін сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
2. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атына 2010 жылы өткізілетін оқырмандар конференциясының тақырыптарын сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
3. Қалалық оқу бөлімінің бастығына қажетті маман мұғалімдерді жіберуін сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
4. «РАДиАЛ» жекеменшік баспаның бас редакторының атына автордың атынан кітапты 500 данамен қайта бастыруын сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
5. «Алматықұрылыс» АҚ-ның президентінің атына үйіңізді өзіңіздің жобаңыз бойынша салуын сұрап, жеке тұлғаның атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
6. Халық банкінің жергілікті филиалы директорының атынан «Мерей» жиһаз жасау АҚ президентінің атына осы мекеменің қызметкері, банк кредиторының еңбекақысы туралы ақпарат сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
7. Университет кітапханасы меңгерушісінің атына кітапхана қорына келіп түскен «Филология» сериясының оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімін сұрап, филология факультеті деканының орынбасары атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.