Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Ұсыныс хат

Анықтамасы:

Қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылатын хат.

  • Үлгі-1:

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

Алматы қаласы

Достық даңғылы 9 үй

Тел. 2-35-39-62

Факс. 2-35-45-12

03.08.2009. №37  

 

Білім беру қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру

институтының директоры

Ж.Х. Сәметоваға

 

Ұсыныс хат

Құрметті Жайна Хаметқызы!

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректораты қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Айбекқызы Ақнұрды 2000 жылдың 4–12 желтоқсан аралығында қазақ тілі пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына жіберуді ұсынады.

 

ҚҰПУ ректоры, профессор: (қолы) А.С. Кенжебеков

  • Үлгі-2:

Қазақстан-Британ техникалық университеті

 

Алматы қаласы

Төле би көшесі 59 үй

Тел. 2-35-39-62

Факс. 2-35-45-12

09.11.2010. №35  

  ҚБТУ ректоры

Е.Қ. Бейсембетов мырзаға

Жастар жарқын болашақ үшін” форумы туралы

Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!

2010 жылдың 9 қарашасында Астана қаласында “Жастар жарқын болашақ үшін” атты форумы тұсауын кеспекші. Бұл форумда Қазақстанның болашақ жастары туралы бірқатар мәселелер қарастырылмақ.

Осыған орай, ҚЭФ-ң 2 курс студенті Ақшаев Қаныбекті форумға қатысатын депутат ретінде ұсынады.

 

ҚБТУ, Студенттік басқарма

Ұйымының Президенті: (қолы ) А. Байдүйсенова

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұсыныс хат қандай құжат?

2. Ұсыныс хат қай кезде жазылады?

3. Ұсыныс хаттың негізгі бөліктері қандай?

Тапсырмалар:

1. Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік студентті факультет кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.

2. Университет ректорының атына студенттік кеңестің төрағасының атынан Астана қаласында өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін» форумына депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат жазыңыз.

3. Университет ректорының атына бір оқытушыны аға оқытушылыққа ұсынып, кафедра меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

4. Жергілікті қалалық Тіл орталығы төрағасының атына көшедегі жарнамалардың сауаттылығын қадағалайтын аудармашыны 0,25 штатқа алуды ұсынып, бас маманның атына ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

5. Қалалық Ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімі бастығының атына ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімі бастығының атынан бір қызметкерге әскери «капитан» шенін беруге ұсыну үшін ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

6. Алматы облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Ғ.Т.Төлегеновке «Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруә байқауына денсаулық сақтау басқармасынан қызметкер ұсынылатындығы туралы ұсыныс хат жазыңыз.