
- •Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Оқу құралы
- •Алматы, 2010
- •Шартты белгілер:
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Мазмұны
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
- •Ресми іс қағаздар стилі
- •Түйіндеме
- •Менің анкетам
- •Өмірбаян
- •Кадр есебі жөніндегі Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Визит карточкасы
- •Логитоп
- •Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- •Байланыс телефондары, e-mail, факс.
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті жүрсінбаева Жеңісқызы Айжан
- •Визит карточкасы туралы
- •Бұрыштама
- •Бұрыштаманың түрлері:
- •7 Пәтердің тұрғыны
- •1 Курс студенті
- •1 Курс студенті
- •Мінездеме
- •1. Қызметтік мінездеме.
- •2. Аттестациялық мінездеме.
- •3. Жеке (функционалды) мінездеме.
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Кепілдеме
- •Кепілдеме
- •Ұсыныс хат
- •Расписка
- •Расписка
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Сенімхат
- •1997 Жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
- •Сенімхат
- •1999 Жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
- •Сенімхат
- •26 Ақпан, 2010 ж. Шымкент қаласы
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •Кепілхат
- •Тапсырыс
- •Әқд директоры
- •Т. Ермекұлы
- •Т. Ермекұлы
- •Кеңсе заттарын алуға
- •Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
- •15 Қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
- •7. Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14. Демалыс алу тәртібі:
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17. Келісімнің тоқтатылуы:
- •18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •15. Келісімге қосымша:
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Құрметті Арман Нұрланұлы!
- •Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
- •Ресми хат
- •Алматы қалалық білім департаменті
- •Ресми хат
- •Ұсыныс хат
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!
- •Сұраныс хат
- •Жолдама хат
- •Баяндау хат
- •Ақпарат хат
- •Алматы қаласы әкімшілігі
- •Ақпарат хат
- •Циркуляр хат
- •Қызметтік хаттарға қосымша
- •Құттықтаухат!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Қалиұлы Қайрат!
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!
- •Алтын әжем Алтынай!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!! Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Бұйырамын:
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Анықтама
- •20 Қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Анықтама
- •14 Қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Хаттама
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті,
- •Гуманитарлық пәндер кафедрасының жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •__________ Қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының1
- •1. Тыңдалды:
- •2.Тыңдалды:___________________________________________________
- •Лексика-грамматикалық тесттер жинағы
- •«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
7. Келісім мерзімі:
Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар санмен де жазбаша да, я болмаса 2 нұсқада да көрсетіледі. Мысалы,
«Келісім (2000 жылдың 20 мамырында) екі мыңыншы жиырмасыншы мамырында күшіне енеді». «Келісім (2001 жылдың 20 мамырында) екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды».
8. Сынақ мерзімі:
Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі.
Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы,
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. Жұмысшы үш ай сынақ мерзімімен қабылданды.
9. Жұмысшының міндеттері:
Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетіледі. Мысалы,
– Жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
– келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
– техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
– мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
– ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.
10. Жұмыс беруші міндеттері:
Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. Мысалы,
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы,
Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында, жұмысшы көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді:
а) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
ә) Қазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
б) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.
12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы,
Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай:
а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге);
о) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _____теңге);
б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің ____ пайызы);
в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);
г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, пайызбен) көрсетіледі.