Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Неке келісімшарты

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I Заңында «Неке және отбасы туралы» айтылған.

Неке келісімшарты бұл – некеге тұрғандардың немесе жұбайлардың ажырасу барысында, мүліктік құқықтарын және екі жақтың міндеттерін анықтаушы тұлғалардың келісімі.

Неке келісімшарты некеге дейін немесе некеден кейін рәсімделуіне болады, келісімшарт өз күшіне некеге тұрғаннан соң енеді.

Келісімшарттың нотариуста расталынуы үшін мына құжаттар қажет:

  • нотариалды мекемеге екі жақтың да келуі;

  • неке туралы куәлік;

  • екі жақтың да жеке куәліктері (төлқұжаттары);

  • бар мүлікке келісім-шарт түзілсе, мүлікке құқықтары бар құжаттар.

Мысалы, пәтердің мәселесі көтерілсе, жылжымайтын мүлік Орталығынан тиісті құжаттарды беру қажет, осылардың арқасында келісімшарт түзіледі.

Неке келісімшартында мына мәселелер қаралмайды:

  • жеке отбасылық қатынастар,

  • үй шаруашылығын жүргізу,

  • ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынастары,

  • ажырасқаннан кейін балалармен қарым-қатынас және олардың жауапкершілігі үшін міндеттерді нақтылау мәселелері, (мысалы балаларды кім жатқызады, немесе таңертең күлімдеп ояну).

Неке келісімшартын өзгертуге және бұзуға болады:

Неке келісімшартын ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қалаған уақыттарында бұзуға болады. Неке келісімшартын өзгерту және бұзу нотариуста жүзеге асады.

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келісімшарт – қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

3. Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?

4. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

6. Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?

2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт

Осы уақытқа дейін

Тараптардың қолы

Пәтерді сатып алдым

Құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі

Дау-таласта болған жоқ

Жалпы пайдалы аумағы

3-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

1.Тұтқынға алынған жоқ

 дееспособность сторон

Төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық

 указанная квартира принадлежит мне

3.Көрсетілген пәтер маған тиесілі

 нижеподписавшиеся

4.Ешкімге сатылған жоқ

 текст договора прочитан вслух

5.Тараптардың құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі

 заключили настоящий договор о нижеследующем

6.Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды

 никому не продан

7.Төменде қол қоюшылар

 под арестом не состоит

4-жаттығу. Келісімшарттағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

Қазақстан Республикасы ...................... 2004 жылы 12 мамырда...................... жеке куәлігігің 5487962131.

Пәтердің жалпы .......................... аумағы: 120 шаршы метр, 4 бөлмеден тұрады.

Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы қазанында №6 бланкіде көрсетілген ...................... бойынша жүз жиырма мың (120000) доллар тұрады.

Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге ......................, қарыз ......................, салыққа берілген жоқ және ......................болған жоқ, ...................... алынған жоқ.

Келісімшартты ресімдеуге байланысты ...................... азамат Назарбаев Ерлан Елдосұлы төлейді.

Тараптардың ........................... анықталды, олардың құқықтық ...................... қабілеттілігі және сатылатын пәтердің Назарбаев Ерлан Елдосұлы ...................... екендігі тексерілді.

Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шарттың мәтіні ...................... оқылды.

Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік ...................... алынды.

Үлгі