
- •Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Оқу құралы
- •Алматы, 2010
- •Шартты белгілер:
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Мазмұны
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
- •Ресми іс қағаздар стилі
- •Түйіндеме
- •Менің анкетам
- •Өмірбаян
- •Кадр есебі жөніндегі Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Визит карточкасы
- •Логитоп
- •Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- •Байланыс телефондары, e-mail, факс.
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті жүрсінбаева Жеңісқызы Айжан
- •Визит карточкасы туралы
- •Бұрыштама
- •Бұрыштаманың түрлері:
- •7 Пәтердің тұрғыны
- •1 Курс студенті
- •1 Курс студенті
- •Мінездеме
- •1. Қызметтік мінездеме.
- •2. Аттестациялық мінездеме.
- •3. Жеке (функционалды) мінездеме.
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Кепілдеме
- •Кепілдеме
- •Ұсыныс хат
- •Расписка
- •Расписка
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Сенімхат
- •1997 Жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
- •Сенімхат
- •1999 Жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
- •Сенімхат
- •26 Ақпан, 2010 ж. Шымкент қаласы
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •Кепілхат
- •Тапсырыс
- •Әқд директоры
- •Т. Ермекұлы
- •Т. Ермекұлы
- •Кеңсе заттарын алуға
- •Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
- •15 Қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
- •7. Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14. Демалыс алу тәртібі:
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17. Келісімнің тоқтатылуы:
- •18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •15. Келісімге қосымша:
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Құрметті Арман Нұрланұлы!
- •Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
- •Ресми хат
- •Алматы қалалық білім департаменті
- •Ресми хат
- •Ұсыныс хат
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!
- •Сұраныс хат
- •Жолдама хат
- •Баяндау хат
- •Ақпарат хат
- •Алматы қаласы әкімшілігі
- •Ақпарат хат
- •Циркуляр хат
- •Қызметтік хаттарға қосымша
- •Құттықтаухат!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Қалиұлы Қайрат!
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!
- •Алтын әжем Алтынай!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!! Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Бұйырамын:
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Анықтама
- •20 Қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Анықтама
- •14 Қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Хаттама
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті,
- •Гуманитарлық пәндер кафедрасының жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •__________ Қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының1
- •1. Тыңдалды:
- •2.Тыңдалды:___________________________________________________
- •Лексика-грамматикалық тесттер жинағы
- •«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Келісімшарт
Анықтамасы:
Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.
Мысалы: сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, айы, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу) тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы, және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағандығы, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы мен тараптарға беріледі.
Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу – сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт;
б) жер учаскесін сатып алу – сату туралы келісімшарт.
3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автомашинаны сатып алу – сату жөніндегі келісімшарт;
ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу – заемға беру жөніндегі мәмілелер:
а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.
Келісімшарттарды бірнеше түрге бөлуге болады. Мысалы,
Ұжымдық келісімшарт,
Неке келісімшарты т.б.
Ерекшелігі:
1) Екі жақты және одан да көп жақты болуы.
2) Негізінен мемлекетішілік құжат (кейбір жағдайларда мемлекетаралық қарым-қатынастарда да жасалынады).
Құрылымы:
- құжат атауы;
- күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
- тараптардың (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда қашан берілгені);
- келісімшарттың мәтіні;
- тараптардың қолы;
- нотариалдық кеңсенің жазбасы;
- нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.
Ұжымдық келісімшарт
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 493-1 Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңына сәйкес ұжымдық келісімшарт – бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер мен бір немесе бірнеше жұмысшы арасындағы жазбаша түрдегі еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін жасасқан құқықтық акт.