Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Тапсырыс

Анықтамасы:

Тапсырыс (заказ) – келісім шарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын іс қағаздарының бір түрі.

Құрылымы:

1. Тапсырыс түрі

2. Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы:

3. Тауардың атауы

4. Тауардың бағасы

5. Тауардың саны

6. Жеткізілім шарты

7. Төлем шарты

8. Жеткізілім мерзімі

9. Ұсынысқа қосымшалар (құжаттар).

Тапсырыс қызметіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • сатып алу,

  • алмастыру,

  • коммерциялық ұсыныс

Тапсырыс мәтіндік тұрғыда сипатталады. Мысалы, техникалық құрал-жабдық, жиһаз, құрылыс материалдары, медициналық дәрі-дәрмек т.б.

Тауардың нақты атаулары жазылады. Мысалы, компьютер, стол, шкаф т.б.

Тауардың бағасы мен саны берілген тапсырыстың көлеміне байланысты «ең аз» немесе «ең көп» екендігі көрсетілуі қажет.

Жеткізілім шарты екі жақтың келісуіне байланысты көрсетіледі. Мысалы, сатып алушы өзі жеткізіп алады немесе сатушы жеткізіп береді.

Төлем шартында оның қандай жолмен жүзеге асырылатындығы туралы көрсетіледі. Мысалы, қолма-қол немесе банк арқылы есептесу (теңге, рубль, сом, доллар т.б.).

Жеткізілім мерзімі нақты көрсетіледі. Мысалы, 5 қазан 2009 жыл.

Ұсынысқа қосымшада (құжаттар) келісімшарт көшірмесі көрсетіледі. Мысалы, 2010 жылдың 25 сәуірінде жасалынған №777 келісімшарт негізінде.

Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатып алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.

Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.

  • Үлгі-1:

Мекеменің атауы:

Мекенжайы:

Телефоны:

Факс:

«Логиком» компьютерлік орталығы

Алматы қаласы, Абай даңғылы 72

+7 (727) 2-71-77-20

+7 (727) 2-71-88-88

ТАПСЫРЫС

1

Тапсырыс түрі

сатып алу

2

Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы

техникалық құрал-жабдық

3

Тауардың атауы

CANON сканер-принтері

4

Тауардың бағасы

17 мың теңге

5

Тауардың саны

15 дана

6

Жеткізілім шарты

сатып алушы өзі жеткізеді

7

Төлем шарты

қолма-қол, теңгемен төленеді

8

Жеткізілім мерзімі

5 қазан 2010 жыл

9

Ұсынысқа қосымшалар

Жоқ

154 орта мектеп директоры: _______________ А.Т. Миразова

Тапсырыс толтырушы: Нарысбекова Жансая

Байланыс телефондар: +7 (727) 2-61-50-45

Факс: +7 (727) 2-61-50-23

  • Үлгі-2:

Мекеменің атауы:

Мекенжайы:

Телефоны:

Факс:

«ALSER» компаниясы

Алматы қаласы,

Достық даңғылы 125, №35 кеңсе

+7 (727) 2-65-10-01

+7 (727) 2-65-71-56

ТАПСЫРЫС

1

Тапсырыс түрі

сатып алу

2

Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы

техникалық құрал-жабдық

3

Тауардың атауы

Монитор JS54

4

Тауардың бағасы

ең аз 35000 ең көп 45000 теңге

5

Тауардың саны

ең аз 50 ең көп 60 дана

6

Жеткізілім шарты

«ALSER» компаниясы жеткізеді

7

Төлем шарты

есепшот арқылы

8

Жеткізілім мерзімі

5 қазан 2009 жыл

9

Ұсынысқа қосымшалар

2010 жылдың 25 сәуірінде жасалынған №777 келісімшарт көшірмесі

«ҚБТУ» АҚ ректоры : _______________ Е.Қ. Бейсембетов

Жауапты:

Әкімшілік-құқықтық

департаментінің директоры: : _____________ М.И. Қалибек

Байланыс телефондар: +7 (727) 2-61-57-20

Факс: +7 (727) 2-61-33-68

Ескерту!

Қазіргі уақытта техниканың дамуына байланысты «Тапсырыс» түрлерінің электрондық нұсқасын қолдануда. Мысалы:

Жазбаша және ауызша аударма туралы сұрақтарыңызды жіберу үшін тапсырыс үлгісін толтыруды өтінеміз. Сұрағыңыз келіп түскен соң, сізге жазбаша және ауызша аударманың, сондай-ақ дыбыс / бейнежазбалар мәтінін жасау ақысын хабарлаймыз.

Төлем қабылдаймыз:

Міндетті түрде толтыру керек ( * )

Аты-жөні ( * )

Компания 

Телефон ( * )

E-mail ( * )

Жазбаша аударма 

Қай тілден аудару керек 

Қай тілге аудару керек 

Мәтіннің көлемі 

Тақырыбы 

Файлды тіркеу 

Сізде белгі қалды.

Ауызша аударма 

Қашан, қайда 

Тілі (дері) 

Тақырыбы 

Тақырыбы 

Ескерім 

Сізде белгі қалды

Осы хабарламаның көшірмесін өзіңізге жіберіңіз.

Мына құпия кодты енгізіңіз:

1-жаттығу. Сөздерді қазақша тіліне аударыңыз.

Заказчик, заказ принял, должность, заказ передан отборщику, табельный номер, подготовить и доставить на дом, наименование, количество, цена, сумма, итого, стоимость обслуживания, стоимость доставки, расчет проверил, контролер-упаковщик, товар выдал, заказчик стоимость заказа оплатил

2-жаттығу. Электрондық тапсырыс үлгісін қазақша аударыңыз және толтырыңыз.

Оформить заказ

Вы можете сделать заказ, а также запросить дополнительную информацию непосредственно с нашего сайта. Для этого заполните, пожалуйста, приведенную ниже форму (все поля обязательны для заполнения) и нажмите кнопку “Отправить”.

Начало формы

Форма заказа Имя и фамилия* Организация* Ваш e-mail* Телефон* Ваш город*

Что Вы хотите заказать*

Конец формы

*- Обязательное поле для заполнения.

Благодарим за обращение в нашу компанию!

Тапсырмалар:

1.Тапсырыстың құрылымына қарап әскери салаға қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайында.

2.Тапсырыстың құрылымына қарап медицина саласына қажетті тапсырыс үлгісін дайында.

3.Тапсырыстың құрылымына қарап спорт саласына қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайында.

4.Тапсырыстың құрылымына қарап құрылыс саласына қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайында.

5. МжСҮ-ге қажетті тауарларға тапсырыс үлгісін дайында.

17-cабақ

Өтінім

Анықтамасы:

Өтінім (заявка) – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті заттарды алу бір адамды спорттық жарыстарға қатысуға сұрау мақсатында (бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып) жазылатын іс қағазының бір түрі.

Өтінімнің құрылымы әртүрлі болады. Өтінім мәтін түрінде және бланк түрінде де толтырыла береді.

  • Үлгі-1