Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Кепілхат

Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан

Мен, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 89 пәтердің тұрғыны, 11.03.2005 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері азамат Оразова Құдайбергенқызы Әйгерім,

Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 2 үй, 12 пәтердің тұрғыны, 10.05.2003 жылы ҚР Әділет Министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің иегері азамат Тайлақова Даниярқызы Мөлдірден үш жүз мың (300.000) теңге алдым. Алынған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін.

Өз міндеттерімді орындауға:

– келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;

– алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

– келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

– мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін.

Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы – Алматы қаласы №122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова Даниярқызы Мөлдірде, үшінші данасы азамат – Оразова Құдайбергенқызы Әйгерімде сақталады.

Тараптардың қолы: Ә.Қ. Оразова

М.Д. Тайлақова

Мен, ҚР ӘМ-гі 11.03.2003 жылы №46578978011 лицензиясын берген, Алматы қаласы, №122 нотариалдық кеңсенің нотариусы Рамазанов Талғатұлы Досан, 10 қазан 2009 жылы жоғарыда жазылған кепілхат мазмұнын куәландырамын.

Кепілхатқа менің қатысуымда азамат Оразова Құдайбергенқызы Әйгерім мен Тайлақова Даниярқызы Мөлдір қол қойды.

Кепілхат иесінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді.

№245 тізбесіне тіркелген.

1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.

______________ Нотариус Д.Т. Рамазанов

Тапсырмалар:

1. Қазақ тіліне аударып, толтырыңыз.

Штамп или __________________________

фирменный бланк (наименование предприятия,

учреждения, организации)

Уважаемый ___________________________!

(имя, отчество)

Просим Вас оказать техническую помощь в подготовке рабочих

чертежей _____________________________. Желательно в кратчайший срок определить стоимость проектных работ и войти с нами в договорные отношения, а проектные работы начать немедленно.

Оплату стоимости всех произведенных работ гарантируем со

своего расчетного счета №_________________________ в _________________________________________.

Руководитель

предприятия ___________ _________________________

(подпись) (Ф.И.О)

Гл. бухгалтер ___________ _________________________

(подпись) (Ф.И.О)

Негізгі сөздік:

кепілхат – гарантийное письмо

...негізінде – на основании...

куәландыру – удостоверять

пайыз төлеу – выплачивать проценты

үш дана етіп жасалған – составлено в трех экземлпярах

тараптардың қолы – подписи сторон

айып төлеу – выплачивать неустойку, штраф

келісімшартқа сәйкес – в соответствии с договором

күшіне енеді – вступает в силу

міндеттенемін – обязуюсь

құқықты іс-әрекетке қабілеттілік – дееспособность

жекеменшік – собственность

16-cабақ