Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Кепілхат

Анықтамасы:

Кепілхатбелгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсетіп келісімшарттың негізінде жасалатын іс қағазының бір түрі.

Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі, кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен расталады, мөр басылады.

Кепілхат 3 дана етіп толтырылады – алушы, беруші және ноториалдық кеңсе үшін.

Кепілхаттың ерекшелігі:

  • Келісімшарт негізінде жасалынады.

  • Даналары туралы мәлімет көрсетіледі.

  • Кепілдіктері көрсетіледі.

Құрылымы:

– құжаттың атауы;

– күн, ай, жыл, жасалған орны;

– кепілхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда қашан берілгені);

– кепілхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда қашан берілгені);

– алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетілді);

– қайтарылатын нақты уақыты;

– затқа берілетін кепілдіктері;

– даналар туралы мәлімет;

– тараптардың қолы;

  • нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кепілхат қандай құжат?

2. Кепілхат қандай құжаттың негізінде жасалынады?

3. Сенімхаттан кепілхаттың айырмашылықтары не?

4. Кепілхат қайда куәландырылады?

5. Кепілхаттың құрылымы қандай?

6. Кепілхат қанша дана болып дайындалады?

1-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

1. Өз міндеттерімді

□ пайызын төлеп тұруға

2. келісімшартқа сәйкес

□ қайтаруға міндеттенемін

3. алынған ақшаны келісілген

□ орындауға

4. келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда

□ мерзімде қайтаруға

5. мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы

□ айып төлеуге

6. алынған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте

□ 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Гарантируем...

Гарантируем, что...

Компания "Партнер" гарантирует...

Подтверждаем, что произведем оплату

Оплату в срок .... гарантируем...

Настоящим гарантируем...

Договренности будут выполнены

Настоящим письмом гарантируем...

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

В случае неоплаты в установленный срок, данное гарантийное письмо следует рассматривать как подтверждение факта получения мной (нашей организацией), в соответствии с контракта (16.03.2010), коммерческого кредита на сумму поставленной продукции и возможность начисления процентов за пользования чужими денежными средствами за всё время просрочки оплаты из расчета 1% от суммы просроченных обязательств, за каждый день просрочки.

Үлгі: