Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Расписка

Я, Жоламанова Гульнар, учительница математики казахской средней школы №6, получила для временного пользования компьютер марки «Самсунг» стоимостью сорок тысяч (40 000) от кафедры математики АГУ имени Абая. В соответствии с договором обязуюсь вернуть компьютер 6 февраля 1999 года.

Удостоверение личности №123456789 выдано 14 апреля 1995 года МВД Республики Казахстан.

3-жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша түрде аударыңыз.

Расписка

Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазақ тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 2000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели. Номер удостоверения личности №123456789.

15 февраля, 2003 г. (подпись)

  • Үлгі-1:

Қолхат

Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны Ерғазин Еркінжанұлы Ұлан, азамат Дәуітбеков Өскенұлы Уәлиханнан Nokia Xpress Music 5610 маркалы ұялы телефонын уақытша пайдалануға алдым. Бағасы 38 000 (отыз сегіз мың) теңге тұрады.

Алынған ұялы телефонды 2009 жылдың 10-шы қыркүйегінде қайтаруға уәде беремін.

Жеке куәлік №1234567989.

26.02.2010. ____________ Ұ.Е. Ерғазин

  • Үлгі-2:

Қолхат

Мен Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47 үй, 10 пәтер тұрғыны Жандосұлы Жасұлан, азамат Арман Мұхитұлынан 50.000 (елу мың) теңге алдым.

Ақшаны 2010 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қайтаруға уәде беремін.

Жеке куәлік №123456789.

13 шілде 2010 жыл Жандосұлы Жасұлан ----------------

Куәгерлер: Берік Дәлелханұлы ----------------

Жарас Ахметжанұлы ----------------

  • Үлгі-3:

Қолхат

Мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы Нарысбеков Дидар, университет кітапханасынан сабақ кезінде пайдалануға 10 (он) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Әрқайсысының бағасы 1200 (бір мың екі жүз) теңге тұрады.

Оқулықтарды 10 күнде қайтаруға уәде беремін.

Жеке куәлігімнің нөмірі №1234567989, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген.

13.07.10 ---------------- Нарысбеков Дидар

Тапсырмалар:

1. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.

2. Наурыз айындағы шәкіртақыны балалар қорына аудар-ғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

3. Өзіңіздің көршіңіз А.Е. Еркіновтен 10 күнге 20000 (жиырма мың) теңге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

Негізгі сөздік:

Қолхат – расписка

Пайыз – процент

Пайыз төлеу – выплачивать проценты

Қайтарып беру – вернуть, возвращать

Міндеттенемін – обязуюсь

Басқа талабым жоқ – других претензий не имею

Қарыз – долг

Айып төлеу – выплачивать неустойку, штраф

Келісім-шартқа сәйкес – в соответствии с договором

Мерзім – срок

Кепілақы – задаток

Уәде – обещание

Алу – брать

Қабылдап алу – принять

Уақытында – вовремя

14-cабақ