Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

Кепілдеме

Оңғарбаева Әсем 1989 жылы, 16 наурызда Алматы қаласында туылған. Білімі – жоғары. Ұлты – қазақ. ҚР азаматы.

2006 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-экономика факультетіне оқуға түсті. Қазір екінші курста оқиды.

Оңғарбаева Әсемнің адамгершілік қасиеті, адамдармен тіл табысу қабілеті, жауапкершілігі өте жоғары. Әсем өзіне тапсырылған қандай жұмысты да шығармашылықпен атқарады. Өзінің таңдап алған мамандығын жақсы көреді. Қазақ тілі сабағында «Менің мамандығым Отаныма қандай пайда әкеледі?» деген тақырыпта «тұсаукесер» жасады. Осы жұмысты атқару барысында әлемдік экономиканың тарихына, бүгінгі күніне шолу жасап, өз еліміздің экономикасын дамыту үшін қандай іс-шаралар жасауға болатынын, әр азаматтың оған қосар үлесін, кейін маман болып шыққанда нақты қандай жұмыстарды атқаратынын дәлелдер келтіру арқылы баяндады.

Әсем – өз Отанын жанымен сүйетін патриот. Өз елінің мемлекеттік рәміздерін яғни Елтаңбасын, Туын және мемлекеттік тілін қадірлейді. Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін жақсы білуді азаматтық парызым деп санайды. Әсемнің ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жасаған «өздік жұмысы» топтастарының көңілінен шығып, үлкен баға алды. Осы шағын ғылыми жұмысын қорғау барысында Әсемнің азаматтық тұлғасы айқын көрінді. Әлеммен Қазақстанды теңестіретін күш – рухани мұра екенін, қазіргі жастардың ұлттық құндылықтардан алыстап бара жатқандығының аяғы үлкен қиындыққа апаратынын жан-тәнімен сезініп, жастарды ізгілікке шақырды. Әсем өз ойын қазақша, орысша, ағылшынша еркін жеткізе алады. Жұрттың алдына шығып сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өзін еркін ұстайды.

Қорыта айтқанда, Оңғарбаева Әсемді Қазақстан үшін жан-тәнімен еңбек ете алатын, тәуелсіз еліміз үшін, оның экономикалық, рухани дамуына үлес қосатын студент деп бағалаймыз.

Оңғарбаева Әсемнің келешекте Қазақстан экономикасын өркен-детуге үлес қосатынына, ел сенімін ақтайтынына кепілдік беремін.

Кепілдеме беруші:

ҚБТУ, Қазақ және орыс

тілдері кафедрасының

ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.

1 маусым, 2010 жыл _____________________________

Құрманбай Гүлтас Сайынқызы.

Ұсыныс хат

Мұстағұлова Нардосқызы Әсия 1989 жылы 27сәуірде Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында туылған.

1996 жылдан бастап Алматы қаласындағы №132 ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға арнайы мамандандырылған мектеп-гимна-зиясында өте жақсы үлгеріммен білім алды. Сондай-ақ осы мектеп аясындағы «Балалардың музыкалық-хор студиясын» бітірген. Бұған Әсияның үздік білім көрсеткіштері үшін алған «Мақтау қағаздары» дәлел бола алады. 2002–2003 оқу жылынан бастап Алматы қаласындағы Ораз Жандосов атындағы №105 халықаралық лин-гвистикалық гимназияда орта білімін жалғастырып, бұл оқу орынын да ағылшын тілі, математика, география пәндерін оқып-үйренуде ерекше жетістіктер көрсетті. Мектеп қабырғасында жүргенде Абылай хан атындағы «Қазақ халықара-лық қатынастар және әлем тілдері университетінің» аясындағы «Полиглот» білім беру орталығында, Сүлеймен Демирел атындағы университетте ағылшын тілі бойынша өз білімін жетілдіріп, сертификаттарға ие болды.

Қазір ҚБТУ, Қаржы-экономика факультетінің 2-курс студенті. Университет қабырға-сында білім алу барысында Әсия өзін өте салмақты, ойлы, талапты да жинақы студент ретінде таныта білді. Мінезі біртоға, сабырлы, барлық нәрсеге сын тұрғысынан қарайды, жас та болса өзіндік көзқарасын белсенді түрде байқата алады. Өз курстастары арасында бедел мен құрметке ие.

Әсияның жауапкершілік сезімі өте жоғары, өзіне тапсырылған істі жан-жақты ойластырып, шығармашылық қатынаспен атқаруға тырысады. Оны «Іскерлік қазақ тілі» сабақтарындағы өздік жұмыстарды орындау барысында байқатты. Еңбекқорлық, талмай ізденгіштігі, табандылығы арқасында орындаған жұмыстары топ алдында жоғары бағаланды. Университет қабырғасында 24.11.2006 ұйымдастырылған «Competitiveness in Kazakhstan on Contemporary Stage of Market Reforms’ Realization» тақырыбындағы конферен-цияға белсене қатысып, сертификатқа ие болды.

«Іскерлік қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргізген оқытушы ретінде, Мұстағұлова Әсияның алға қойған мақсатына қол жеткізуге барлық күш-жігерін салатындығына, келешекте еліміздің экономикалық өрлеуіне өзіндік үлесін қосатындығына сенемін. Сондықтан, Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін.

Тілдер кафедрасының

ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.

1 маусым, 2009 жыл _____________________________

Құрманбай Гүлтас Сайынқызы

Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар дегеніміз – жеке тұлға мен жеке тұлғаның, заңды тұлға мен заңды тұлғаның немесе жеке тұлға мен заңды тұлғаның араларындағы ресми қатынасты реттейді.

13-cабақ

ҚОЛХАТ

Анықтамасы:

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.

Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.

Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.

Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.

Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Ерекшелігі:

1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.

2) Қолхат нотариалдық кеңседе куәландырылмайтындығы.

3) Мөр басылмайтындығы.

Құрылымы:

  • құжаттың атауы;

  • қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны);

  • қолхат алушының аты-жөні;

  • алынған заттың атауы (егер ақша болса – көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);

  • қайтарылатын нақты уақыты;

  • қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;

  • қолхат жазылған күн, ай, жыл;

  • қолхат берушінің қолы;

  • куәлардың қолы (кейбір жағдайда).

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхат қандай құжат?

2. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

3. Қолхат неше дана етіп жасалады?

4. Қолхат кімде сақталады?

2-жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша түрде аударыңыз.