
- •Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Оқу құралы
- •Алматы, 2010
- •Шартты белгілер:
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Мазмұны
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
- •Ресми іс қағаздар стилі
- •Түйіндеме
- •Менің анкетам
- •Өмірбаян
- •Кадр есебі жөніндегі Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Визит карточкасы
- •Логитоп
- •Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- •Байланыс телефондары, e-mail, факс.
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті жүрсінбаева Жеңісқызы Айжан
- •Визит карточкасы туралы
- •Бұрыштама
- •Бұрыштаманың түрлері:
- •7 Пәтердің тұрғыны
- •1 Курс студенті
- •1 Курс студенті
- •Мінездеме
- •1. Қызметтік мінездеме.
- •2. Аттестациялық мінездеме.
- •3. Жеке (функционалды) мінездеме.
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Кепілдеме
- •Кепілдеме
- •Ұсыныс хат
- •Расписка
- •Расписка
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Сенімхат
- •1997 Жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
- •Сенімхат
- •1999 Жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
- •Сенімхат
- •26 Ақпан, 2010 ж. Шымкент қаласы
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •Кепілхат
- •Тапсырыс
- •Әқд директоры
- •Т. Ермекұлы
- •Т. Ермекұлы
- •Кеңсе заттарын алуға
- •Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
- •15 Қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
- •7. Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14. Демалыс алу тәртібі:
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17. Келісімнің тоқтатылуы:
- •18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •15. Келісімге қосымша:
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Құрметті Арман Нұрланұлы!
- •Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
- •Ресми хат
- •Алматы қалалық білім департаменті
- •Ресми хат
- •Ұсыныс хат
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!
- •Сұраныс хат
- •Жолдама хат
- •Баяндау хат
- •Ақпарат хат
- •Алматы қаласы әкімшілігі
- •Ақпарат хат
- •Циркуляр хат
- •Қызметтік хаттарға қосымша
- •Құттықтаухат!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Қалиұлы Қайрат!
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!
- •Алтын әжем Алтынай!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!! Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Бұйырамын:
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Анықтама
- •20 Қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Анықтама
- •14 Қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Хаттама
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті,
- •Гуманитарлық пәндер кафедрасының жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •__________ Қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының1
- •1. Тыңдалды:
- •2.Тыңдалды:___________________________________________________
- •Лексика-грамматикалық тесттер жинағы
- •«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1999 Жыл 26 мамыр.
8. Қосымша. Егер мінездемеде қосымша болатын болса, ол жайында парақтың соңында жазылады. Мысалы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттың университеті оқу-әдістемелік басқарма бастығының қолымен расталған мінездеме қосымша беріліп отыр.
Ал қосымша бірнешеу болатын болса, жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі. Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда:
Белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
Білімі туралы құжат көшірмесі;
Бұрынғы мінездемелер көшірмесі немесе одан алынған үзінді;
Анықтамалар; жіберіледі.
Ескерту!
1) Кейбір жағдайларда мінездеменің жоғары жағында мекеменің фирмалық белгісі (логотипі), көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының қолымен расталады.
2) Кейбір жағдайларда құжат атауынан бұрын мінезденуші туралы қысқаша мәлімет жазылып барып мінездеме берілетін түрі де болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мінездеме қандай құжат?
2. Мінездеменің неше түрі бар?
3. Мінездеме қандай жағдайда беріледі?
4. Мінездеменің құрылымы қандай?
5. Мінездеменің ерекшеліктерін ата.
6. Мінездеменің мақсаты не?
1-жаттығу: Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Ответственность, грамотность, достижение, совместно с коллегами, за время работы, резкльтат научной работы, результаты научных исследовании, выполнения поставленной задачи, среди студентов, с коллегами по работе, затруднительное положение.
2-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1.Бітірген / мамандығы бойынша / Құрманғазы атындағы Өнер институтын / Алтынбеков Серік / 1968 жылы / актер, режиссер. 2. Қызметін атқарған / қазақ радиосында / 1969-2000 жылдар аралығында / дыбыс режиссері. 3. Телерадио / Бүкілодақтық білім жетілдіру институтын / саласы бойынша / бітірген / Мәскеу қаласындағы / 1972 жылы. 4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті / жетекші маман / теле-радио-фото зертханасында / қызметін атқарады / 2000 жылдан / журналистика факультетінің. 5. Маманы / және / сөйлеу техникасының / көркем сөз. 6. Орындайды / жұмысты / өзіне тапсырылған / жауапкершілікпен. 7. Арасында / мен / студенттер / беделді / өз әрістестері.
3-жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Тәжірибелі, тәжірибесі мол, ұқыпты, білікті, өзін жағымды жағынан көрсете білді, әріптестерінің арасында беделді, өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды, мінезі ашық, сабырлы, біртоға, жолдастарына адал, ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады, сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Тапсырмалар:
1. Ұйымдастыру комитетінің талап етуімен конференцияға қатысуы үшін ҚБТУ, ЭжМГИФ деканы Үссіпов Сәби Сейітқазыұлының атынан осы факультеттің 2008 жылғы түлегі, үздік студент Нүсіпбеков Мақсат Ахметұлына мінездеме құрастыр.
2. Мекеменің белгілі бір қызметкерін «Іскер адам» атағына ұсыну үшін бөлім басшысы атынан мінездеме дайындаңыз.
3. Жұмысшыңыздың «Еңбек келісімін» ұзарту үшін мінездеме беріңіз.
4. Оқушыңызға оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.
5. Беделді компаниядан өндірістік практикадан өту үшін бір студентке декан атынан мінездеме құрастырыңыз.
6. Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме беріңіз.
7. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме беріңіз.
8. Мектепте педагогикалық тәжірибеден өткендігі үшін мінездеме беріңіз.
Үлгі-1: Қызметтік түрі