Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник по делопроизводству Мемлекеттік іс қаға...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.43 Mб
Скачать

30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.

1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.

3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.

Немесе, 5 қазан, 1981 ж. – 5 қараша, 1983 ж. Совет Армиясы қатарында болдым. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы №115 әскери округте қатардағы жауынгер, кіші сержант, сержант қызметін атқардым.

Еңбек жолы тармағындағы мәліметтер еңбек кітапшасындағы мәліметпен немесе толтырушының еңбек жолын айғақтайтын басқа да құжаттарда көрсетілген мәліметпен бірдей болуы керек.

11. Сайланбалы органдарға қатысуы: бұл тармақта егер жеке іс парағын толтырушы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық т.б. сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырылады. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.

12. Мемлекеттік наградалар: бұл тармақты марапатталғандар ғана толтырады. Бұл тармақта қашан және немен марапатталғаны көрсетіледі. Марапатталмаған болса, марапатталғам жоқ деп жазылады.

13. Әскери қызметке қатысы: бұл пунктте ең алдымен әскери қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады.

Мысалы, әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті емеспін. Егер әскери қызметке міндетті болса, бұдан кейін әскери атағы, командалық, саяси, әкімшілік, техникалық құрамы, әскер түрі жазылады.

Мысалы, Алматы қаласы Калинин аудандық әскери комиссариаттан берілген әскери билет НС №3361048. Құрамы: сержант. Әскер түрі: командалық.

14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы: бұл пунктте әйел адамдар сол кездегі жағдайына сәйкес тұрмыстамын, тұрмыста емеспін деп, ал ер адамдар: үйленгенмін, үйленбегенмін деп көрсетеді. Отбасы мүшелері туралы жазылатын тармақта өз отбасы болса, жолдасының, балаларының аты-жөні және туған жылы, ал жеке іс парағын толтырушы қызметкер үйленбеген немесе тұрмысқа шықпаған болса, ата-анасының, туған бауырларының аты-жөні, туған жылы жазылады.

Мысалы,

Жолдасым – Асқаров Оралұлы Жәнібек 1962 жылы туған,

Ұлым – Асқаров Жәнібекұлы Айдын 1990 жылы туған,

Қызым – Асқарова Жәнібекқызы Айсәуле 1992 жылы туған т.б.

15. Жеке іс парағының соңына да толтырушының мекенжайы, үй телефоны, толтырылған күні көрсетіліп, қолы қойылады.

Мысалы, Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы, 4 үй, 34 пәтер. Үй телефоны: 2-24-54-68. 15 наурыз 2010 жыл.

Ескерту!

Жеке іс парағы жылма-жыл толықтырылып жаңаланып отыруына байланысты, кейбір жеке іс парағында: азаматтығы, жеке куәлік нөмірі, ӘЖК және СТТН нөмірлерін көрсетіңіз деген пункттер де кездеседі.

РНН – СТТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі)

СИК – ӘЖК (Әлеуметтік жеке код)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы қай уақытта, қандай жағдайда толтырылады?

  2. Кадрлар жөніндегі іс парағын толтыру үшін өзіңіздің қандай құжаттарыңызды пайдалана отырып толтырасыз? Атап өтіңіз?

  3. Кадрлар жөніндегі іс парағының ерекшелігін атаңыз.

1-жаттығу. Көрсетілген әскер түрінің қазақша аудармасын тап?

Орысша

Қазақша

«ВВ» – внутренный войска

«ВДВ» – воздушно-десантный войска

«П» – пехота

«МП» – морская пехота

2-жаттығу. Берілген қосымшалар арқылы келесі сөздерден қызмет иесін айқындаңыз.

-шы / -ші

-кер / -гер

Қызмет

Қызмет

Жұмыс

Қайрат

Тергеу

Заң

Оқу

Кәсіп

Жазу

Іс

Сурет

Қаржы

Ән

Бап

Тыңдау

Тәлім

Би

Әдіс

Ем

Қалам

Шаңғы

Дәрі

Демеу

Зейнет

Қолдау

Қылмыс

Көмек

Жұмыскер

Аударма

Айла

3-жаттығу. Төмендегі кәсіп, мамандық атауларының қазақша баламасын жазыңыз.

врач-стомотолог

прововед-юрист

мажилисмен

директор фирмы "Арай"

председатель ТОО

первый заместитель министра

помощник ректора

аким Созакского района

Южно-Казахстанской области

главный специалист

ведущий научный сотрудник

младший научный сотрудник

секретарь-референт

руководитель организации

заведующий кафедрой

проректор университета

учитель средней школы

исполнительный директор

оперативный работник

черезвычайный и полномочный посол

программист

координатор

4-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

1. Ана тілім – ... . 2. Орыс тілін ... . 3. «Парасат» орденімен ... . 4. «Даңқ» ... мараматталдым. 5. Әскери қызметке ... . 6. Әскери қызметке ... . 7. Физика-математика ғылымдарының ... .

Керекті тілдік бірліктер: докторымын, міндеттімін, міндетті емеспін, жетік білемін, қазақ тілі, орденімен, марапатталдым.

Төмендегі мағлұматтарды есте сақтаңыз!

Білімі

жоғары

орта

аяқталмаған жоғары

азаматтығы

Қазақстан Республикасының азаматы

Түркия азаматы

қос азаматтығы бар

азаматтығы жоқ

отбасы жағдайы

үйленген

үйленбеген

тұрмыс құрған

тұрмыс құрмаған

ажырасқан

әскери міндеті

запастағы әскери қызметте

әскери міндетті

әскери міндетті емес

лейтенант

аға лейтенант

запастағы майор

Тапсырмалар:

1. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағын бланкіде толтыру.

2. Әскери атақтарды рет-ретімен жазыңыз.

3. ҚР мемлекеттік наградаларын атап-атап жазыңыз.

Негізгі сөздік:

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – личный листок по учету кадров

Жұмысқа қабылдау – принять на работу

Тек / тегі/ – фамилия

Аты – имя

Әкесінің аты – отчество

Туған жылы, айы, күні – год, месяц, число рождения

Азаматтығы – гражданство

Ұлты – национальность

Жынысы – пол

Білім – образование

Мамандық – специальность

Жоғары оқу орны – высшее учебное заведение

Дәреже – степень

Атақ – звание

Ғылыми еңбек – научный труд

Өнертабыс – изобретение

Еңбек өтілі – трудовой стаж

Сайланбалы органдар – выборные органы

Әскери қызметке қатысы – отношение к воинской службе

Әскери атағы – воинское звание

Толтыру – заполнить

Көрсету – указать

Мәлімет – сведения

Марапаттау – наградить

Жариялау – объявить

Міндетті – обязан

Марапатталдым – награжден (а)

Заңгер – юрист

Үйлестіруші – координатор

Бағдарламашы – программист

Әкімнің орынбасары – заместитель акима,

Атқарушы директор – исполнительный директор

Жетекші маман – ведущий специалист

Бөлім меңгерушісі – заведующий отделом

Аға ғылыми қызметкер – старший научный сотрудник

Кәсіп – профессия

Лауазым – должность

Мекеме – учреждение

Ұйым – организация

Кәсіпорын – предприятия

8-cабақ