
- •Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Оқу құралы
- •Алматы, 2010
- •Шартты белгілер:
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Мазмұны
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі. Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру
- •Ресми іс қағаздар стилі
- •Түйіндеме
- •Менің анкетам
- •Өмірбаян
- •Кадр есебі жөніндегі Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Визит карточкасы
- •Логитоп
- •Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- •Байланыс телефондары, e-mail, факс.
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті жүрсінбаева Жеңісқызы Айжан
- •Визит карточкасы туралы
- •Бұрыштама
- •Бұрыштаманың түрлері:
- •7 Пәтердің тұрғыны
- •1 Курс студенті
- •1 Курс студенті
- •Мінездеме
- •1. Қызметтік мінездеме.
- •2. Аттестациялық мінездеме.
- •3. Жеке (функционалды) мінездеме.
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Кепілдеме
- •Кепілдеме
- •Ұсыныс хат
- •Расписка
- •Расписка
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Сенімхат
- •1997 Жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
- •Сенімхат
- •1999 Жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
- •Сенімхат
- •26 Ақпан, 2010 ж. Шымкент қаласы
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •Кепілхат
- •Тапсырыс
- •Әқд директоры
- •Т. Ермекұлы
- •Т. Ермекұлы
- •Кеңсе заттарын алуға
- •Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшарт
- •15 Қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы
- •7. Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14. Демалыс алу тәртібі:
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17. Келісімнің тоқтатылуы:
- •18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •15. Келісімге қосымша:
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Құрметті Арман Нұрланұлы!
- •Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
- •Ресми хат
- •Алматы қалалық білім департаменті
- •Ресми хат
- •Ұсыныс хат
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті
- •Ұсыныс хат Құрметті Ескендір Қалыбекұлы!
- •Сұраныс хат
- •Жолдама хат
- •Баяндау хат
- •Ақпарат хат
- •Алматы қаласы әкімшілігі
- •Ақпарат хат
- •Циркуляр хат
- •Қызметтік хаттарға қосымша
- •Құттықтаухат!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Қалиұлы Қайрат!
- •Құттықтаухат!
- •Құттықтаухат!
- •Қадірлі Әлиұлы Мұхтар!
- •Алтын әжем Алтынай!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!! Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!!!
- •Хабарландыру!
- •Хабарландыру!
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •Бұйырамын:
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Анықтама
- •20 Қараша 2009 жыл №59 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Анықтама
- •14 Қараша 2009 жыл №16 Алматы қаласы
- •Анықтама
- •Хаттама
- •Қазақстан-Британ техникалық университеті,
- •Гуманитарлық пәндер кафедрасының жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •__________ Қаласы (__________ ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының1
- •1. Тыңдалды:
- •2.Тыңдалды:___________________________________________________
- •Лексика-грамматикалық тесттер жинағы
- •«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің глоссарийі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Әбутәліп о.М., Жағыпарова м.М.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Оқу құралы
Алматы, 2010
УДК 99(00)
ББК 99799979я9
А99
Пікір жазғандар:
А99 Әбутәліп О.М. және Жағыпарова М.М.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу – Алматы: 2010, - 2015 230 бет.
ISBN 999-999-9999-99-9
Оқу құралы іс қағаздарын жүргізуді үйретуге арналған. Оқу құралы жеке іс қағаздарының тілін, құрылымын талдай отырып, қазақ ресми іс қағаздары стилінде жаза білуге, стандартты тілдік бірліктерді санада қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәніне арналады.
Шартты белгілер:
– сабақтар |
– үлгілер |
– анықтамалар |
– тапсырмалар |
– ерекшеліктері |
– сөздіктер |
– құрылымы |
|
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қазіргі уақытта тілді оқыту мен үйретудің, соның ішінде «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді» үйретудің мәні өте зор. Себебі, осы уақытқа дейін қазақ тілінде іс қағаздарды жүргізудің белгілі бір жүйесі толыққанды қалыптасқан жоқ. Алысқа бармай-ақ, аты-жөн жазудың өзінде ала-құлалық кездеседі. Осының өзінен-ақ мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің жүйеленбегені көрінеді. Біз көп жағдайда қазір орыс тілінен калька түрінде аудармасын пайдаланудамыз. Калька түріндегі аударма сөйлемдердің дұрыс құрылуына кері әсер етіп, мағынасын өзгертіп жібереді. Осыған байланысты көп құжаттар түсініксіз болып қалады. Осындай жағдайды құжаттарды толтыруда көп кездестіреміз, әсіресе бланк түріндегі құжаттар. Сондықтан, іс қағаздарын үйрету бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Біз ұсынып отырған оқу құралы жоғары және арнайы оқу орындарында колледждер мен кәсіптік техникалық мектептерде қызметшілерді оқыту сабағына негізделген. Оқу кұралының мақсаты іс қағаздарын жүйелі жүргізумен ресми кұжаттарды дұрыс толтыруға ықпал ету және пайдалануға дағдыландыру. Сондай-ақ студенттерді іс қағаздарды жүргізу негіздерімен, құжат рәсімдеу үлгілерімен таныс-тыру қазақша іс қағаздарын сауатты толтыруға үйрету. Бұл оқу құралы көптеген жылдар бойы жоғары оқу орындарында студенттерге мемле-кеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді үйретудегі әдіс тәсілдердің жемісі.
Оқу құралындағы материалдар төмендегідей құрылымға негізделген:
1.Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
2.Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
3.Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты іс қағаздары.
Осылай 3 топқа бөлу арқылы әрбір топтағы құжаттарға жеке-жеке тоқталып, анықтамасы, құрылымы, үлгі, тапсырма, сөздіктер, т.б. бере отырып, әр құжаттың мазмұнын ашып, толық түсінік берілді. Жазбаша орындалатын материалдарда құжат мәтінін өз бетінше құрастыруға жағдаяттар беріліп отырды.
Оқу құралының соңынан өткен тақырыптарды бекіту үшін лексикалық-грамматикалық тест түрлері берілді.
Жалпы оқу құралы ЖОО студенттеріне, мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге, оқытушыларға пайдалы болады деген сенімдеміз.
Авторлардан.