
- •2 Кабельдердің және аспаптардың қысқаша техникалық мәліметтері 6
- •1.Жобалау үшін берілген мәліметтер
- •2 Кабельдердің және аспаптардың қысқаша техникалық мәліметтері
- •2.1 Сурет. Цжт икм – 15 тарату циклдың құрылымы
- •2.2 Сурет. Икм –30 аспабының көмегімен байланысты ұйымдастыру
- •2.3 Сурет. Икм-30 жүйесінің аналогтық цифрлық құрылғысы
- •2.4Сурет-ацқ таратудың құрылымдық сұлбасы
- •2.5 Сурет. Ацқ қабылдаудың құрылымдық сұлбасы
- •2.6 Сурет - цжт икм-120 тарату циклының құрылымы
- •2.7 Сурет. Мкт-4 коаксиалды кабелі
- •2.8 Сурет. Тарату циклының құрылымы
- •2.9 Сурет. Коаксиальді км-4 түйісуі
- •2 .10 Сурет - Тарату циклының құрылымы
- •2.6 Тотж аспабы
- •2.7 Байланыс кабельдерінің параметрлері
- •3 Шектік құрылғылардың шуылдарын есептеу
- •3.1 Дискретизация шуылдары
- •3.1 Сурет. Дискретизация периоды өзгерген кезде қабылданатын сигналдың формасының өзгеруі
- •3.2 Кванттау шуылдары
- •3.3 Бос арнаның шуылдары
- •3.3. Сурет. Сигналдың аз деңгейлерінде кодердің сипаттамасы
- •3.4 Аспаптық шуылдар
- •4 Регенерация аумағының ұзындығын есептеу
- •4.1 Регенератор кірмесіндегі өтпелі қорғанысты есептеу
- •4.1 Сурет. Регенерация аумағының сұлбасы
- •4.2 Сурет. Екі абонент арасындағы халықаралық байланыс кезінде өтпелі ықтималдық нормалары
- •4.3 Сурет. Ұлттық аумақтағы өтпелі ықтималдыққа нормалары
- •4.2 Регенерациялық аумақ ұзындығын анықтаудың жаңа әдісі
- •4.4 Сурет . Ра максимал өтпелі ұзындығының графикалық анықталуы
- •4.3 Коаксиалды кабель бойынша цжт жұмысында ренген аумағының ұзындығын есептеу.
- •4.5 Сурет. Өздік бөгеттерден қорғалатын сигналдардың регенераторға тәуелді ықтималдық қателік графигі
- •4.4 Цжт жұмысында жоғарғы жиілікті симметриялық кабельдер арқылы ра ұзындығын есептеу
- •4.6 Сурет. Цжт арасындағы өзара әсер ету талдауы
- •4.5 Цтж жұмысында көпжұпты төмен жиілікті телефондық кабельдер арқылы ра ұзындығын есептеу
- •4.6 Цжт жұмыс кезінде оптикалық кабель бойынша ра ұзындығын есептеу
- •5 Нца бойынша тарату сапасының параметрлерін есептеу
- •6 Арақашықтықты қорек көзі тізбегін есептеу
- •7 Байланыс ұйымының сұлбасын құру
- •8 Станциялық құрылғының жиынтығын құру
6 Арақашықтықты қорек көзі тізбегін есептеу
Қызмет көрсетпейтін регенерационды пункттерде (ҚКРП) сызықтық регенераторлардың (СР) арақашықтықты қорек көзі (АҚК) көп жағдайда жасанды тізбек арқылы «Өткізгіш-өткізгіш» сұлбасы бойынша стабилизаторлы тұрақты токпен іске асырылады. Симметриялық кабель тізбегі немесе орталық коаксиалды жұптар қолданылады. Фантомды тізбектер СР-да симметриялық трансформатордың орташа нүктелерімен пайда болады. Қызмет көрсететін станцияларда АҚК блогы орналасқан, бұл арқылы байланыс жолына АҚК беріледі, ал әр ҚКРП-да екі біржақты регенератор қорек көзі үшін АҚК тогын кернеуге айналдыратын АҚК қабылдағыштары орнатылған. ҚКРП-дағы сызықтық регенератор АҚК қабылдағыштары арақашықтықты қорек көзі тізбегіне тізбектей жалғанған.
Қызмет көрсететін станция (ШП-ШП, ШП-ҚРП, ҚРП- ҚРП) арасындағы ҚКРП-мен қоректенетін аумақты АҚК секциясы деп атайды. АҚК секция ұзындығы әр ЦТЖ-ның паспорттық берілгендерінің бірі болып табылады. АҚК секция ұзындығы паспорттық мәннен жоғары болмауы керек.
АҚК секциясында АҚК екі аумағы ұйымдастырылады: ҚКРП бір бөлігі ШП біреуімен қоректенеді, ал екіншісі ҚКРП екі аумақта АҚК шлейфін ұйымдастыру арқылы екінші ШП қоректенеді.
Екі аралас жартылай секциялы АҚК тізбек шлейфі бір ҚКРП-да ұйымдастырылады, ол қоректенуші аумақ ортасында орналасқан. Көршілес ҚКРП арасындағы кабельді аумақ ішкі токта болады.
ҚКРП-нің АҚК есептеу алдында алдымен қарастырылған аумақта ҚКРП дұрыс орналасуда жүргізуді қарастыру керек. Жалпы түрде АҚК секциясында РА санын анықтау үшін мына формуланы қолдануға болады:
nРа=Ц[Lсекц/lра] (51)
мұндағы Lсекц- АҚК секция ұзындығы; lра- регенерациондық аумақ ұзындығын есептеу; Ц[ ]- толық үлкен санды жуықтау.
nРа анықтау кезінде ШП қысқартылған регенерация аумағын ескеру керек. Сонымен қатар РА-ның ең үлкен ұзындығы АҚК секция ұзындығына тең екендігін ұмытпау керек. Бұл үшін РА ұзындықтарын азайту қажет. АҚК секциясында РА санын біле тура, АҚК секциясында ҚКРП санын анықтауға болады:
NҚКРП=nРа-1 (52)
ҚКРП орналастырғаннан кейін АҚК бұғатталу шықпасында қажетті кернеуді есептеуге болады. Есептеу кезінде АҚК қабылдағышында және кабель аумағывнда кернеудің төмендеуін ескеру керек:
UАҚК=IАҚК·R0·lАҚК.тіз+UҚКРП·nҚКРП,В (53)
мұндағы IАҚК- арақашықтықты қорек көзінің тогы, А; R0 – АҚК тогын тарату үшін тұрақты ток бойынша шақырымдық кедергі, Ом/км; lАҚК.тіз-АҚК жартылай секция ұзындығына тең АҚК тізбек ұзындығы, км;
nҚКРП- бір ШП немесе ҚРП қоректенетін АҚК жартылай секциясындағы ҚКРП саны; UҚКРП – бір ҚКРП-дағы АҚК қабылдағышының кернеуінің төмендеуі, В.
R0 қатынастары шақырымдық кедергіден немесе көпжұпты кабель R0 мәнінен тұру керектігін ұмытпау керек немесе екі рет еселенген коаксиалды жұптың - 2R0 шақырымдық кедергі мәні.
6.1 кесте- Кабельдің шақырымдық кедергі мәндері
Кабель түрі |
КМ- 2,6/9,5 |
МКТ- 1,2/4,6 |
КСПП, ЗК, МКС-1,2 |
КСПП- 0,9 |
ТПП, ТГ- 0,4 |
ТПП, ТГ- 0,5 |
ТПП, ТГ- 0,7 |
R0, Ом/км |
7,1 |
31,7 |
15,85 |
28,4 |
139 |
90 |
45 |
ШП, ШРП және ҚКРП магистралда былай таралуы тиіс, UАҚКUАҚКмакс шарты орындалуы керек, мұнда UАҚКмакс- ЦТЖ-да қолданылатын АҚК бұғаттау шықпасындағы максималды мүмкіндік кернеуі.