
- •9 Такырып: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- •1.Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру
- •2.1 Нормалар мен бағалаулар
- •2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы
- •4.Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •5.Еңбектің озық әдістері,жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және дайындау
- •5.1 Еңбектің озық әдістерін үйрену және тарату
- •5.2 Жұмыс кадрларын дайындау және біліктілігін жоғарылату
- •6. Еңбек жағдайлары
5.2 Жұмыс кадрларын дайындау және біліктілігін жоғарылату
Жұмыс кадрларын дайындау мен біліктілігін жоғарылату процестерін шешетін негізгі міндеттер:
Еңбек процестерін орындаудың қауіпсіз әдістері мен экономикасы,ұйымдастырылуы,технология аумағында қажетті практикалық тәжірибелер мен теориялық білімдер алу.
Аз шаршататын мейлінше жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін қарқын мен қалыпты өңдеу,тиімсіз және артық қозғалыстарды болдыртпау.
Өндірістегі және кәсіби-техникалық білім жүйесіндегі жұмысшы кадрларды дайындаудың негізгі екі тәсілі кездеседі.
Өндірістегі жұмысшыларды дайындаудың негізгі формалары – жеке,бригадалық және курстық.
Жұмысшылардың біліктілігін жоғарлатудың негізгі формаларына өндірістік-техникалық курстар,жұмысшыларды екінші және араласқан кәсіптерге оқыту бойынша курстар,мақсатты курстар,сол сияқты озық тәжірибелі мектептер жатады.
Ұсынылатын кәсіптегі жұмысшының талаптарындағы психофизиологиялық сапаға сәйкес жүргізілу үшін ЕҒҰ
Кәсіп таңдау және кәсіпке бағыттау әдістері қолданылады.
Арнайы біліктілігі бар кадрлардың талаптарын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының баланстық есебі қолданылады,кадрларды қайта дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату жоспарланады.
6. Еңбек жағдайлары
Еңбек жағдайлары – еңбек процесіндегі адамдардың жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндіріс ортасындағы факторлар жиынтығы.
Еңбек жағдайларын реттейтін нормативті құжаттар мен заңдар жүйесі келесідей құрылымдық бөліктерді құрайды:
Үкімет және кәсіподақтың қаулылары.
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ).
«Адам-машина» жүйесінің стандарттары (АМЖС).
Санитарлық нормалар мен ережелер.
Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНжЕ).
Жұмыс қауіпсіздігін бақылайтын ұйымдар шығарған ережелер.
Салалық стандарттар және нормативті материалдар.
Адамдар өндіріс жағдайларында түрліше факторлардың әсеріне ие болады.Бұлар келесідей біріккен топтардан құралады:психофизиологиялық,санитарлық-гигиеналық,эстетикалық және әлеуметтік психологиялық.
Санитарлық-гигиеналық жағдайлардың маңыздыларының бірі өндіріс ортасының элементтері – жарық,өндірістік шу және діріл болып табылады.
Кәсіпорындардажарықтың үш жүйесі қолданылады:жалпы,жергілікті және араласқан.Өндірістік жарық табиғи және жасанды болуы мүмкін.
Шу – тегіс ортаның толқын түріндегі механикалық айналатын қозғалыс бөлігі.Шудың зиянды және шаршататын әсері оның жиілігімен пропорциялы болып келеді.
Организмге тиетін зиян әсер есту органдарының өзіндік зақымдануы түрінде,сол сияқты көптеген басқа да органдар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуына,бірінші кезекте орталық нерв жүйесінің бұзылуымен көрінеді.
Шумен күрес шаралары:
Шуды оның туындау көзінде әлсіреті және жою.
Өте шулы құралдарды жекелеген бокстарға орналастыру.
Дыбыс естіртпейтін және дыбыс шығармайтын материалдар қолдану.
Діріл өндіріс жағдайларының зиянды факторы ретінде бұлшық еттер мен буындардың ауруына,бас қозғалыс аппаратының бұзылуына,орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі.
Діріл жұмыс істеушінің организміне әсер ету мінездемесіне қарай жалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Дірілмен күрес шаралары:
Құралдар мен құрал-жабдықтардың техникалық рационализациясы.
Жұмыс істеушілердің дірілдемейтіндей құралдар қолдануына әрекет ету.
Жеке қорғауыш құралдарын қолдану.
Еңбек тәртібінің маңызды көрсеткіштері өз ретінде еңбек ауырлығына және физикалық жүкке байланысты ауырлық болып табылады.
Физикалық жүк өндірістік процестегі жұмыс істеушінің жұмсаған күшінің өлшемімен анықталады.
Еңбек қысымы жұмыстың орындалу уақытындағы нервтік-психологиялық қысымның дәрежесіне байланысты болады.