Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 Такырып.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.95 Кб
Скачать

9 Такырып: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

1.Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері

Еңбек – адамның мақсатқа құрылған саналы қоғамдық-пайдалы қызметі нәтижесінде шығарылған материалды адамдық қажеттілікке қолайлы ету болып табылады.

Нақты еңбекті ұйымдастыру келесідей міндеттерді шешу мақсатына ие болады:

  • экономикалық,

  • психофизиологиялық,

  • техникалық және әлеуметтік.

Еңбектің нормалануы мен ұйымдастырылуының ғылыми негіздемесін келесідей үш топқа бөлуге болады:

  • әлеуметтік-экономикалық,

  • техника-технологиялық,

  • психофизиологиялық.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды (ЕҒҰ) ендіру ғылыми-техникалық дамумен шарттас келген, еңбек психологиясы мен физиологиясымен тығыз байланысты.

Биомеханика,

эргономика,

инженерлік психология,

өндірістік эстетика және басқалар.

Жұмысқа қабілеттілік – еңбектің жеке өнімділігінің физиологиялық негізі.

Адамның жұмысқа қабілеттілігіне еңбектің ауырлығы мен бір сарындылығы әсер етеді.

2. Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру

2.1 Нормалар мен бағалаулар

Еңбектің нормалануы – арнайы жұмысты орындау үшін қажетті тірі еңбектің санын анықтау.

Жұмысшылардың уақыт нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген уақыт саны.

Еңбек шығыны нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген еңбек шығыны саны.

Шығарылу нормасы – уақыт бірліктерінде өндірілуі қажет өнім саны.

Машинаның уақыт нормасы - өнім бірліктеріне бекітілген машиналарды қолдану ұзақтығы.

Машина өнімділігінің нормасы – уақыт бірліктерінде машина өндіретін өнімдер саны.

2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы

Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы (ЕҒҰ) – бұл техника мен адамдарды бірыңғай өндірістік процесте мейлінше тиімді байланыстыратын және еңбек өнімділігін жоғарылату мен адам денсаулығын қамтамасыз ететін өндіріске жүйелі ендірілген ғылым жетістігі мен тәжірибе алмасу негізіндегі еңбектің ұйымдастырылуы.

Еңбек туралы ғылымның даму тарихы Де-ля-Гир,Амонтон,Бернулли,

Эйлер, Де-Камюс және т.б. француз оқымыстыларының атымен тығыз байланысты ХVІІ ғасырдың екінші жартысында басталады.

ХІХ ғасырдың соңында АҚШ-та Тейлор жүйесі деп аталатын жұмыс процесін рациональды ұйымдастыру жүйесі пайда болды. Франк Джильберт осы бағыттағы жұмысты жалғастырушы болып табылды.

Еңбек туралы ғылымның дамуы кеңес кезеңінің басында яғни ХХ ғасырдың 20-жылдармен сәйкес келеді. Ол уақыттағы ең атақты мекемелердің ішінде «Время» Лигасы, Орталық еңбек институты (ОЕИ)

болды.

НОТ бойынша 1-Бүкілресейлік және 2-Бүкілодақтық конференциялары өткізіледі. 1966 жылы Бүкілодақтық Ғылыми-зерттеу және еңбекті жобалау институты(БҒИЖИ) құрылады.

2.3 Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) жетілдіру

Қазіргі жағдайдағы ЕҒҰ (НОТ) жетілдірілуі келесідей негізгі бағыттар бойынша өтеді:

  1. Еңбектің кооперативтенуі мен бөлінуінің рациональды формаларын ендіру.

  2. Кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату.

  3. Еңбек процесін ұйымдастыру.

  4. Жұмыс орындарына қызмет көрсету және ұйымдастыру.

  5. Еңбек пен демалыстың рациональды күн тәртібін, қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету.

  6. Еңбекті жоспарлауды жетілдіру.

3.Еңбектің бөлінуі мен кооперациясы

Еңбектің бөлінуі – бірлескен еңбек процесінде жұмыс істейтін жұмысшылар қызметінің шектелуі.

Еңбек бөлінісі жалпы, жеке және дербес болып бөлінеді. Мұнымен бірге,еңбек бөлінісі келесідей түрлерге бөлінеді: қызметтік, кәсіби-технологиялық,біліктіліктік.

Еңбек қызметінің бөлінісі (дифференциациясы) профессия(кәсіп)мамандық,біліктілік сияқты ұғымдардың туындауын анықтайды.

Профессия (Кәсіп) жұмысшының қандай да бір еңбек қызметін анықтайды.

Мамандық кәсіп аймағындағы қызметтің нақты көлемін көрсетеді.

Біліктілік – жалпы және арнайы дайындықтың,сол сияқты қандай да бір күрделі жұмыстардың орындалуына қажетті практикалық тәжірибенің жиынтығы.

Еңбектің рациональды бөлінуі – орындаушылар арасындағы еңбек процестері мен операцияларының мейлінше мақсатты бөлінісі.Еңбек бөлінісінің рациональды түрлерін жасауда экономикалық,физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық аспектілерін ескеру қажет.