Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saraptama_adisi_Anyktama.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
39.43 Кб
Скачать

Сараптама әдісі

Сараптама әдісі – журналистік қызметтегі ең өнімді және өтімді әдіс. Зертттеу жүргізуге құрылған бұл әдіс арқылы өткен оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдары анықталады. Бүгінгі таңда сараптаманың көптеген түрі бар. Олардың барлығы ғылым, білім, әлеуметтің әртүрлі оқиғаларына негізделген.

  • Экономикалық сараптама:

Экономикалық сараптама – экономикалық үдерістерді зерттейтін арнаулы білім жүйесі, бизнес-жоспарларды ғылыми негіздеу мен бағалау, шаруашылық дамуы пропорциялары мен тенденцияларын, шаруашылықтың ішкі резервтерін анықтау, озық тәжірибені жинақтау және қолайлы басқару шешімін қабылдау.

БАҚ беттеріндегі экономикалық сараптамалар:

  • Жалпыэкономикалық;

  • Қаржылық(финанстық);

  • Өндірістік-техникалық;

  • Коммерциялық;

Кез келген мемлекеттің экономикалық әлеуеті оның өзге ел алдынлағы имиджін анықтайтын бірден бір дәреже. Бірақ бізде дәл осы тақырыпты қаузап жаза алатын журналистер жоқтың қасы, саусақпен санарлық. Қазақ тілінде бір ғана "Экономика" деген газет шығарылады. Сондықтан болашақта салалық журналистикада дәл осы сфераны кеңірек қамту керек. Мемлекеттік БАҚ-тың барлығы ел экономикасын сараптауда біржақты көзқарас танытып, тек жақсы жағынан көрсетуге тырысса, керісінше оппозициялық және жеке меншік басылымдар қателіктер мен кемшіліктерге де жете мән береді.«Алаш айнасының » бетінде жарияланған мына мақалада табыс салығы туралы кеңінен қамтылған:

Табыс салығының жаңарған жүйесі қажет

«Біздің елімізде табыс салығының жеке озық кестесін енгізетін кезең жетті». Қазірде мұндай мәлімдемені отандық сарапшылар ғана емес бірқатар халық қалаулылары да оқтын-оқтын көтеріп жүр. Мәжіліс депутаттарының біразы қаржы министрі Болат Жәмішевтің назарына қарата табыс салығының арнайы кестесін енгізіп, кедей-кепшік үшін салық ставкасын төмендетуді қамтамасыз ету керектігін қаузағалы біраз болған.Жалпы, депутаттар «жеке табыс салы­ғы­ның алғашқы деңгейін 10 пайыздан емес, 0 пайыздан бастаған жөн» деп санай­д­ы. Шетелдердегі сияқты кірісі жылдық айлық есептік көрсеткіштен 15 есе төмен адамдар үшін салықтың нөлдік ставкасы қол­да­ны­луына қатысты халық қалау­лылары «бұл үрдіс еліміздегі әлеу­меттік жағдайы төмен отбасыларға айтарлықтай көмек болмақ» деседі. Ал бұл ретте сарапшылардың айтары «ста­тис­тика агенттігінің есебінше, біздегі бай мен кедей арасындағы табыс табу айыр­ма­шы­лығы 6,1 есе болса, Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының маман­дарының зерттеулерінше, бұл айыр­машылық – 30 есе. Осы іспетті жер мен көктей салыстырудан соң тұрмыстық табысы төмен отбасыларды табыс салы­ғынан босату керек» дегенге саяды. Сөйтіп, арнайы мамандардың есеб­ін­ше, жан басына шаққандағы табысы 15 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспай­тын отбасы мүшелерін табыс салығынан босату керек.

Меруерт Молдабаева, әлеуметтанушы:

– Бұл көктен салбырап түскен әдіс-тәсіл емес. Мұндай жеке табыс салығын 10 пайыздан 0 пайыздық межеге түсі­руді Америка, Ұлыбритания, Гер­ма­ния, Жапония, Канада тәрізді елдер қол­да­нысқа әлдеқашан енгізді. Атал­мыш елдер халқын ашқұрсақ етіп, бюд­же­тінің жыртығын толықтыра алмасын әлдеқашан түсінді. Бізге де осы тәсілді қолданысқа енгізу керек. Бұл жерде басымдық беріп тағы бір сөз етер жайт, біздегі бай-манаптар мен кедей-кеп­шік­тің табыс табуында 30 есеге дейін айыр­машылық бар. Бұл – тіпті салыс­тыруға, теңестіруге келмейтін айыр­ма­шы­лық. Осы айырмашылықтарды ес­кере отырып, кедей-кепшікті табыс са­лығынан босатып, керісінше, бай-манаптарға салынатын табыс салығын 20-30-40 пайызға дейін көтеру арқылы бюджетке кіріс түсіруге болады. Әрине, бұған елдегі ауқаттылар, жо­ға­ры жалақы алатындар наразылық та­ны­тары даусыз. Бірақ біз әлеуметтік атаулы көмектен ада, отбасылық жағдайы төмен, тұрмыстық табысы өте аз халықтың еңсесі езілмесін десек, бұған ден қойып, табыс салығының арнайы жеке шкаласын дайындауымыз керек те, кедей-кепшіктерге жекелеген 0 пайыздық кесте дайындағанымыз жөн. Бұл біз көптен бері айтылып жүр­ген халықтың тұрмыс-тіршілігін теңес­ті­руге жасалынған бірден-бір қадам болмақ. Әрине, бүгінде халықты ең­бек­­пен қамту мақсатында біршама ша­ралар жасалып, бірнеше бағдар­ла­ма­лар қабылданды. Бірақ ауылдағы, алыс шалғайдағы ауылдардағы жұмыс­сыз­дық мәселесі әлі де дендеп тұр. Отба­сын­дағы бір ғана асыраушының тапқан табысына қарап отырғандар қаншама?! Міне, сол жандар мемлекеттік қол­дау­ды сезінуі үшін «мұндай бастамаларды қоғам болып қолдау керек» деп есеп­тей­мін.

Рас, қазірде әлеуметтік бюджетсіз, са­лық салусыз экономикасын дүрілдетіп отыр­ған елдер бар. Бұған мысал ретінде Араб елдерін алуға болады. Бұл елдер табиғи байлықтың арқасында байып, салықтан түсетін түсімге қарап отырған жоқ. Ал біз үшін елдегі әлеуметтік теңсіз­дік­ті білдіртпей, сырттан инвесторлар тар­ту­ға біздің салық қолайлы әрі тартымды болуы керек. Осыған байланысты біз табыс­ты «күреп» табатындарға, әсіресе шетелдік инвесторларға 30-50 пайыздық табыс салығын сала алмайтынымызды, әрине, мойындауға тура келеді. Тіпті елде тиісті салықтың өзін дұрыстап төлемей, жал­тарып, екі түрлі есеп-қисап жүргі­зе­тін­дердің бары рас екенін ескерсек, бізге елдегі салықтың жасырын көздерін әш­ке­ре­леп алу да қазірде өзекті болып отыр­ғанын амалсыз мойындайсың.

Жұмаділ Байділдаев, экономист ғалым:

– Жалпы, салық төлеуде орын алып отырған олқылықтар жетіп-артылады. Жұмыс берушілер мен жұмысшы арасындағы келісім; жұмыс берушінің өз қарамағында істейтін жұмыс­шы­ла­рын кемітіп көрсетуі бізде жиі орын алады. Осының есебінен жұмыс істей­тін­дердің жартысы тізімде бол­ма­ған­дықтан, заң бойынша табыс салығы да, әлеуметтік салық та төленбейді. Міне, бұл ретте осы проблеманы да шешу қажет. Сондай-ақ бүгінде заңды тұлға­лар­дың бақылаусыз тіркелу мүм­кіндіктері бар. Ал жеке тұлғалардың қанша кәсіпорын ашса да, оған шектеу қойылмайды. Мұнымен қоса жалған кәсіпорындар нөлдік көрсеткішпен есеп береді. Кәсіпорын салық орган­да­рының тексерулерінен жалтару мақ­сатында басқа шаруашылық субъек­ті­сімен бірігу арқылы қайта құрылуға ұшырап жатады. Осылай бюджеттің алдында міндеттемесі бар кәсіп­орын­дар­дың қайта құру, қайта тіркелу, заң­ды мекенжайын өзгерту істерінің жүргізілуі салдарынан салық төлеу­ші­лер жауапкершіліктен құтылып кетіп жатады. Міне, бізге салыққа қатысты осы мәселелерді де шешіп алғанымыз жөн. Ал табысы төмен отбасыларды табыс салығынан босату мүмкіндіктерін міндетті түрде қарастырған жөн. Егер сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, бізде әлеуметтік жүйе дұрыс қалып­тас­паған. Деректер бойынша республика халқының қалған 45 пайыздайы айлы­ғын шай-пұлына ғана жеткізе алатын орта шаруалар көрінеді. Ал елдегі әлеу­меттік жағдайы өте төмен кедей-кепшіктің көлемі 20-25 пайызды құрай­ды. Қалай десек те, осы әлеу­мет­тік ахуалы төмен қауым мемлекеттің қолдауын анық сезінуі тиіс.

Осылайша мамандардың пайым­дауынша, салықтан босату арқылы бола ма немесе әлеуметтік жеңілдіктер қарас­ты­ру тарапынан ба, әйтеуір, қарапайым халыққа тиісінше мемлекеттік демеу көрсетілуі керек. Жалпы, «қазаққа табыс салы­ғының жаңарған жүйесі керектігі даусыз» дейтіндердің алға тартып отыр­ғанындай, табыс салығының жаңарған түрін қолданысқа енгізу халықтың тұр­мысына да жаңашылдық енгізбек. Ендеше, атқа­рушы биліктің «құлағына алтын сыр­ға» делік. Мүмкін, айтылған ұсыныстар еске­ріліп, қарапайым қазақтың қамын күйт­тейтін табыс салығының жаңа түрі де көп кешікпей қолданысқа еніп қалар...

Автор: Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

.

Саяси сараптама:

Саяси сараптама – іргелі проблемаларды түсіндіру, мәселен, сасяи әлем қызметінің нақты механизмдері мен тетіктерін ашып көрсету.

Саяси сараптама әдістері:

  • Топтық экспертиза әдісі – зерттеу барысында әртүрлі позициялар, түрлі-түрлі көзқарастар еске алынады. Әр тарап ұстанымымен санасып отырады, сондықтан оның нәтижелері сенімді шығады.

  • Брейнстоминг әдісі туралы сөз қозғағанда, әдетте, бір-екі адамның проблеманы талдауы еске алынады. Бірақ ол одан әлдеқайда күрделі құбылыс. Ол бірлесе сөз қозғауды ғана білдірмейді, ол сонымен қабат бірлесе шешім іздеуді, проблеманың нақты шешімін табуды көздейді.

  • Синектика әдісі. Гректің «синектика» сөзі әртүрлі элементтердің бірлесуі деген мағынаны білдіреді. Мұнда әртүрді версиялар қарастырылады, сонан кейін эксперт-синекатор (пікірталасты жүргізуші) солардың басын қосып, түйіндей келе өз пікірін білдіреді.

  • Дельфи әдісі өздерінің болжампаздары-оракулдарымен аты шыққан ертегідегі грек қаласының атымен аталған. Бұл әдіс бойынша эксперттер жазбаша сауалдарға жазбаша жауап қайтарады. Содан кейін талданып отырған мәселе бойынша ортақ бір мәмілеге келеді.

  • Паттерн әдісі – Planning Assistance Through Technical Relevance Number – техникалық бағалаудың салыстырмалы көрсеткіштері арқылы жоспарлауға көмектесу. Ситуация сценарийін жасау және жүзеге асыру барысында жиі қоданылады. Онда бірнеше әдістің басы қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]