Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VP_LAB_BD_DELPHI.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10.19 Mб
Скачать

6.1.6. Негізгі форма мен оның дб-мен жұмыс істейтін компоненттерін жасау

6.1.6.1. Негізгі компоненттерді орналастыру мен жөндеу

Проектіні құрылған каталогке сақтау қажет.

Негізгі формаға келесі компоненттерді орналастыру: TTable, TQuery (3дана), TDataSource, TDBGrid, TDBNavigator,TMainMenu. Форма қасиетін орнату:

Caption=Работа с локальной базой данных со сведениями о студентах

Компоненттердің қасиеттерін орнату:

  1. Table1: DataBaseName=STUD; TableName=Stud1.db; IndexFieldNames= индекс үшін өріс аты - жазбаларды DBGrid –қа шығару кезінде сол бойынша сұрыптау жүргізіледі;

мысалы, IndexFieldNames=NZ; Active=True;

  1. Query1, Query2, Query3: DataBaseName=STUD; олардың DataSource қасиетін бос күйінде қалдыру қажет;

  2. DataSource1:DataSet=Table1;

  3. DBGrid1,DBNavigator1:Data Source=DataSource1.

DBNavigator1 компонентінің Hints қасиетіне көмекші сөздер мәтінін орыс тілінде орнату қажет.

Формаға орналастыру қажет:

- ағымдағы уақыт мәнін көрсету үшін TTimer типті компонентті ,

- TStatusBar типті компонентті,

- хабарламаларды шығару үшін TLabel1 типті метканы; оның қасиеттерін орнату: Visible=False, Caption=Место для вывода результатов вычислений.

StatusBar1 компонентінде 3 панель жасау қажет. Ол үшін Editing StatusBar1.Panels–панельдер редакторы шақырылады. Олардың Text қасиетін 6.3-суретте көрсетілген мәтіндерге сәйкес орнату қажет.

StatusBar1 компонентінің нольдік панеліне көмекші сөздерді шығару үшін StatusBar1 компонентінің AutoHint=True қасиетін орнату қажет.

6.3-сурет. StatusBar1 компонентінің панельдер редакторы

6.1.6.2. Панельдерді орналастыру және жөндеу

Деректерді іздеу және таңдау процестерін басқару үшін формаға 3 панель орналастырамыз:

  1. Panel1-ол іздеу жүргізу үшін фамилияны енгізетін компоненттерді орналастыруға арналған. Олар:

  • ‘Введите ФИО и нажмите кнопку Искать’ мәтіні бар метка;

  • Edit1 терезесі -қажет фамилияны енгізу үшін; оның қасиетін орнату:

Text=’Иванов И.И.’;

  • TButton типті батырмалар; оның қасиетін орнату: Captoin=Искать;

  1. Panel2- ол іздеу жүргізу үшін сынақ кітапшасының нөмірін немесе стипендия мөлшерін енгізетін компоненттерді орналастыруға арналған. Олар:

  • ‘Введите номер зачетки и дважды щелкните в окне’ мәтіні бар метка;

  • MaskEdit1- сынақ кітапшасы нөмірінің немесе стипендия мөлшерінің қажет мәнін енгізу үшін; оның қасиетін орнату: EditMask=999;0; және Text=170;

  1. Panel3-ол біртіндеп іздеу жүргізу үшін фамилияны енгізетін компоненттерді орналастыруға арналған. Олар:

  • ‘Вводите фамилию: по завершении-двойной щелчок в окне:’ мәтіні бар метка;

  • Edit2 терезесі –біртіндеп іздеу үшін қажет фамилияны енгізуге арналған.

Барлық үш панельдің де қасиетін Visible=False деп орнату қажет. Яғни, қосымшаны орындауға жібергенде барлық панельдер жасырын тұрады. Олар тек сәйкес мәзір пунктарын таңдаған кезде көрінеді.

Барлық компоненттері орналастырылған және жөнделген форма түрі 6.4-суретте көрсетілген. Негізгі форма модулінің мәтіні 6.1-листингіде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]