Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VP_LAB_BD_DELPHI.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10.19 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №2(4 сағат). Кестелермен байланысқан локальдық мәліметтер базасымен жұмыс

7.1. Тәуелді кесте жазбаларының құрылымын өңдеу үшін орнатылған Lockup қасиеті көмегімен кестелерден жіберілетін мәнді таңдауға арналған қосымша құру

7.1.1 Программаның орындалу мақсаты және тапсырмалары

Жұмыстың мақсаты екі кестені байланыстырудағы негізгі амалдарды меңгеру:

  1. Dep - өріс құрамындағы ұйымның бөлімшелері жайлы мәліметтер

- Dep1 - бөлімнің аты және кестенің негізгі кілті

- Proisv – бөлім типінің белгісі: Пр(өндірістік) және Сл(қызмет етуші) ;

2) Pers1 – ұйымның қызметкерлері жайлы мәліметтер.

Екі тәуелді кестелері бар қосымшаны мазмұнды құрамда өңдеу қажет.

Әрбір кестеде Dep (бөлімшелердің аты) өрісі бар. Онда ұйымдағы бөлімшелердің тізімі бар Dep1 өрісі орналасқан. Pers1- тәуелді кесте. Pers кестесінің Dep2 өрісінде Dep кестесінің Dep1 өрісінің мүмкін болатын құламалы (выпадающий) мәндерінің тізімі құрылған. Pers кестесінің келесі жазбаларын толтырғанда Dep2 өрісінінен басқа өрістерді еркін толтыруға болады. Pers кестесінің Dep2 өрісін толтырған кезде мүмкін болатын құламалы (выпадающий) мәндердің тізімін қолдану керек.

Жұмысты орындап, бақылау сұрақтарына жауап беру үшін келесі бөлім тапсырмаларын орындау қажет: 9.1.4.4, 9.3.2.2, 9.3.2.4, 9.3.2.7, 9.4.3.2, 6.1.5.

7.1.2. Қосымшаны өңдеу процесі

Мәліметтер базасымен жұмыс жасау үшін проект каталогын құрып, оның ішіне мәліметтер қоры үшін жаңа каталог құру қажет. Мысалы, LOOKUP1 каталогы, оның ішінде Base каталогы. Мәліметтер базасының псевдонимін құру қажет = Dep.

Жүйе қамтамасыз етуі қажет:

  1. мәліметтер базасының басқарылуын;

  2. Құрылу барысында Dep 2 тәуелді кесте өрісінің Dep1- негізгі кесте өрісінің жазбаларынан толтырылуы.

Екі кестенің арасындағы байланыс тәуелді кестенің құрылымын өңдеген кезде орнатылады. Ол үшін құрамында Dep1 және Proisv (9.3.2.2 және6.1.5 бөлімдері) өрістері бар Dep негізгі кестесінің жазбалар құрылымын өңдеу қажет. Содан кейін келесі жазба өрістері бар Pers1 қызметкерлер жайлы мәліметтері бар кестесінің жазбалар құрылымының өңделуі керек:

Num – жазбаның реттік нөмірі, кестенің негізгі кілті;

Dep2 – бөлімнің аты;

Fam – фамилиясы;

Nam – аты;

Par – әкесінің аты;

Year_b – туған жылы;

Sex – жынысы.

Pers1 кестесінің екінші индексі ретінде Dep2 өрісін белгілеу (9.3.2.4 бөлімі).

Dep.db кестесінің параметрлі өрістер жазбаларының терезесі 7.1-ші суретте көрсетілген.

7.1-сурет. Dep.db кестесінің жазба өрістерінің параметрлерімен берілген терезе түрі

Pers1.db кестесінің жазба өрістерінің параметрлерімен берілген терезе түрі 7.2-суретте көрсетілген.

7.2-сурет. Pers1.db кестесінің жазба өрістерінің параметрлерімен берілген терезе түрі

Негізгі және тәуелді кестелердің Dep1 және Dep2 өрістерінің байланысын орнату үшін тәуелді кестенің жазбаларының құрылымын құру кезінде кестенің қасиеттер тізімін (Table Properties) шақыру қажет. Одан Table Lookup (Таңдау кестесі) пунктін таңдау қажет. Тізімнің астындағы Define батырмасын басу мүмкін болады. Бұл батырмаға басқаннан кейін Table Lookup терезесі пайда болады. Терезенің көрінісі 7.3-суретте көрсетілген.

7.3-сурет. Тәуелді кестенің байланысын құру үшін арналған терезе түрі

Fields тізімінде Pers1 тәуелді кестесінің барлық өрістерінің аттары көрсетілген. Таңдау кестесін құруды рұқсат етпейтін өріс аттары сұр түспен ерекшеленген. Кесте өрісінің тәуелділігін орнату үшін оның Fields тізіміндегі Dep2([A15]) өрісін ерекшелеп, оң жаққа нұсқалынған көрсеткіші бар батырманы басу қажет. Осы өрістің аты FieldName атауы бар өріске ауысады.

Одан кейін Lookup table өрісіне негізгі (басты) кестенің атын енгізу қажет. Ол үшін Drive (or Alias) өрісіндегі тізімнен деректер қорының псевдонимін (DEP) таңдау қажет немесе Browse батырмасына басқаннан кейін ДҚ бар каталогты тауып, оның файлдар тізімін ашу қажет. Dep.db файлын таңдау керек (таңдау кестесінен). Кестені таңдағаннан кейін сол жаққа нұсқалынған көрсеткіші бар батырманы басу қажет. Сонымен қатар, FieldName терезесіндегі Dep1([A15]) параметрінің типімен сәйкес келетін Dep2([A15]) параметрінің типімен берілген бірінші түскен өрісінің аты Field Lookup field (Таңдау өрісі) атауымен берілген терезенің өрісіне көшіріледі (копируется).

Lookup type (Таңдау типі) ауыстырғыштар тобында таңдау типін беруге болады. Just current field – тек ағымдағы өрісті таңдау қажет. Lookup access тобында Help and fill (көмек және толтыру) түріндегі мүмкіндікті қосылған күйінде қалдырамыз. Бұл параметр Desktop ортасынмен жұмыс істегенде ғана күшіне ие. Delphi ортасында мүмкін болатын мәндердің тізімі программалық түрде құрылады.

Қосымшаның негізгі формасында келесі компоненттерді орналастыру:

  1. Негізге кестемен (Dep) жұмыс істеу үшін: TTable, TDataSource, TDBGrid, TDBNavigator;

  2. Тәуелді кестемен (Pers1) жұмыс істеу үшін: TTable, TDataSource, TDBGrid;

  3. Қосымшадан шығу үшін TBitBtn типтегі батырма.

Компоненттердің қасиеттер тізімінен таңдауды орнату:

  1. Table1: DataBaseName=DEP; TableName=DEP.DB; IndexFieldNames=индекс үшін, яғни индекс бойынша DBGrid1-ке шығару кезіндегі жазбаларды сұрыптау үшін, өріс аты; IndexFieldNames=Dep1; Active=True;

  2. DataSource1: Data set=Table1;

  3. DBGrid1, DBNavigator1: DataSource=DataSource1;

  4. Table2: DataBaseName=DEP; TableName=PERS1.DB; IndexFieldNames=индекс үшін, яғни индекс бойынша DBGrid2-ке шығару кезіндегі жазбаларды сұрыптау үшін, өріс аты; IndexFieldNames=Num; Active=True; MasterSource1(деректердің көзі);

  5. DataSource2: Data set=Table2;

  6. DBGrid2: DataSource=DataSource2;

DBGrid1 және DBGrid2 компоненттеріндегі бағандардың атауларын орыс тілінде жазу (9.4.3.2 бөлім).

Компоненттерді орналастыру және жөндегеннен кейінгі форманың түрі 7.4-суретте келтірілген.

DBGrid2 компонентінің екінші бағанына құламалы (выпадающий) тізімді орнату. Ол үшін Editing DBGrid2.Columns редакторын шақыру керек. Одан Dep2 өрісін таңдап, ButtonStyle=cbsAuto қасиетін орнату керек. Бұл қасиет DBGrid2-тің екінші бағанының (Dep2) өрісінде мүмкін мәндердің құламалы тізімін шақыратын көрсеткіш пайда болуы үшін қажет.

TDBGrid типті кестелердегі буллияндық мағыналы мәндерді шығарудың орнына олардың DisplayValues қасиетіндегі мәндерін орнату керек. Ол үшін Table1 кестесінің редакторын шақыру керек, одан Proisv (TDBGrid1 үшін) өрісін таңдап, DisplayValues=Пр;Сл өрісінің мәнін өзгерту. Table2-дегі Sex өрісі үшін DisplayValues=М;Ж мәнін өзгерту керек.

7.4-сурет. Компоненттерді орналастыру және жөндегеннен кейінгі форманың түрі

Dep2 өрісінің мүмкін мәндерінің құламалы тізімі бар жаңа жазбаны құру кезіндегі форманың көрінісі 7.5-суретте көрсетілген.

7.5-сурет. Мүмкін мәндерінің құламалы тізімі бар форманың көрінісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]