Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VP_LAB_BD_DELPHI.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10.19 Mб
Скачать

6.3.1. Жұмыстың орындалу мақсаты және тапсырмалары

Программаның мақсаты қосымшаны өңдеу кезеңінде байланыспаған мәліметтері бар екі кестемен жұмыс жасалған қосымша құру. Кесте екі топтың студенттері жайлы мәліметтен тұрады. Екі топ жазбаларының құрылымы ұқсас болып табылады.

Екі кестеде де негізгі индекс ретінде(кілт) NZ өрісі – студенттің сынақ кітапшасының нөмірі қолданылады.

BatchMove1 (раздел 9.4.2.5) компонентінің көмегімен батырманы басқан кезде кестемен жұмыстың бір түрі орындалатын қосымшаны өңдеп шығаруымыз қажет:

- Tablel кесте-қабылдағышында Table2 кестелер-көзінің жазбаларымен толтырылған (Table1-де жоқ кілттермен(NZ мәнді)) мәліметтер таңдауы құрылады.

- Tablel кесте-қабылдағышында кілттері Table2 кестелер-көзінің жазбаларымен сәйкес келетін жазбалар өшіріледі.

6.3.2. Қосымшаны өңдеу процесі

Қосымшаны өңдеу үшін жаңа аты бар каталог құруымыз қажет, мысалы, SV_BATCH. Оның ішіне ДҚ орнату үшін басқа каталог құрамыз, мысалы,

BASE.

Қосымшаны өңдеу процесі келесі кезеңдерден тұрады:

1) Desktop жүйесінің көмегімен жаңа мәліметтер базасының псевдонимін және конфигурация файлын құру, мысылы, ST2.

2) Мәліметтер базасының екі кестесінің жазбалар құрылымын өңдеу; бірінші кестенің аты - РМ21, екінші кестенің аты- РМ22;

3) Форманың құрамын өңдеу:

- Table, DataSource, DBGrid, DBNavigator және StringGrid типті компоненттерден 2 данадан;

- Query, BatchMove, RadioGroup, Button типті компоненттерден 1 данадан;

- Программаны аяқтау үшін BitBtn компоненті.

Алғашқы 3 пункт 6.2.2 бөлімімен сәйкесінше орындалады.

Кесте өрістерінің құрамы:

NZ – сынақ кітапшасының нөмірі;

FIO – фамилиясы және инициалы;

RS – стипендия мөлшері.

Ұқсас құрылымды кесте құру үшін:

1) Desktop жүйесіне кіру;

2) File\New\Table командасын орындау;

3) Create Paradox 7 Table (Untitled) парағында Borrow батырмасын басу.

Кестелері бар терезе пайда болады (9.1 бөлім және 9.11сурет). Кестені таңдап, мысалы, РМ11 атымен сақталған, Options терезесінде “жалаушаны” орнату: Primary index. РМ21-ге ұқсас кесте құрылады. Оны РМ22 деген атпен сақтау керек.

Программаны орындауға жіберіп, кестелерді бірнеше жазбалармен толтыру қажет.

Button1 батырмасының келесі қасиеттерін орнату:

Caption = Объединить таблицы.

BatchMovel компонентінің келесі қасиеттерін орнату:

Destination = Table1 – кесте-қабылдаушы;

Source = Table2 – кесте көзі.

RadioGroup 1 компонентінің келесі қасиеттерін орнату:

Caption = Для BatchMove

Items = - добавить – екі кесте жазбаларын байланыстыру үшін;

убрать – қабылдаушыдан кесте көзінің жазбаларын өшіру үшін.

6.12-суретте форманың компоненттері орнатылып, бапталғаннан кейінгі және кестелер бірнеше жазбалармен толтырылғаннан кейінгі бейнесі.

Кестелерді біріктіру және ажырату әдістерін өңдеу.

Қосымшаның форма модулінің мәтіні 6.6 листингісінде берілген.

Рис. 6.12. Форманың компоненттері бапталғаннан кейінгі бейнесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]