Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VP_LAB_BD_DELPHI.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10.19 Mб
Скачать

6.1.16. Бақылау сұрақтары

1) Мәліметтер базасы және мәліметтер базасының кестесі деген не?

2) Мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын қосымшалардың құрылымы қандай?

3) BDE не үшін тағайындалған (Borland Database Engine – мәліметтер базасының машинасы)?

4) BDE Administrator жүйесінің қызметі қандай?

5) BDE Administrator жүйесінің көмегімен тілдік драйверді қалай орнатады?

6) DataBase Desktop (DBD) жүйесінің қызметі және негізгі мүмкіншіліктері қандай?

7) Қалайша DBD жүйесінің көмегімен жаңа псевдоним және файл конфигурациясын құруға болады?

8) DBD жүйесінің көмегімен мәліметтер базасының кесте жазбаларының құрылымын қалай өңдеуге болады?

9) Мәліметтер базасының кестесіндегі бірінші және екінші индекстердің қызметі қандай?

10) Мәліметтер базасының кестесіндегі негізгі және екінші индекстерді қалай анықтайды?

11) ТТаblе, TQuery типті компоненттердің негізгі қасиеттері және қызметі қандай?

12) TDataSource типті компоненттің негізгі қасиеттері мен қызметі қандай?

13) TDBNavigator типті компоненттің негізгі қасиеттері мен қызметі қандай?

14) TDBGrid, TDBEdit, TDBImage типті компоненттердің негізгі қасиеттері және қызметі қандай?

15) TDBGrid типті компоненттің фонының түсін, атының шрифін және баған мәліметтерін қалай баптауға болады?

16) TDBImage типті компонентті қалай толтыруға болаы?

17) Есептелінетін өріс құрып, оны TDBGrid типті компонентіне қалай орналастыруға болады?

18) TDBGrid типті кестеге статикалық сұраныспен мәліметтерді сұрыптау үшін TQuery типті компонентті қалай баптауға болады?

19) Қосымшаны орындау барысында динамикалық сұраныспен құрылатын TQuery типті компонентті қалай баптауға болады? SELECT операторына фактілік мәнді қалай жіберуге болады?

20) Бір индекс бойынша сұрыптауды қалай жүргізуге болады?

21) Егер жазбаларға тікелей кіру мүмкіндігі болса, кестенің бағандарының элементтерінің суммасын қалай есептеуге болады?

6.2. Екі кестені біріктіруге арналған қосымша 1:1

6.2.1. Жұмыстың орындалу мақсаты және тапсырмалары

Жұмыстың мақсаты өңдеу барысында байланыспаған екі кестедегі мәліметтерді таңдап қосымшаны құру.

Кестелер келесі мәліметтерден тұрады:

- 1-ші кесте – студенттер жайлы мәліметтер;

- 2-ші кесте – олардың оқу үлгерімі жайлы мәліметтер.

Мысалда кестелердің бірдің-бірге байланысы орнатылады. Екі кестеде де негізгі индекс ретінде студенттің тегі мен инициалы бар Fio өрісі қолданылады.

Студент туралы мәлімет бар әрбір жолда батырманы басқан кезде мәліметтерді таңдауға мүмкіндік беретін қосымша өңдеп шығару қажет(бірінші және екінші кестеден).

Жұмыстың орындалуы және бақылау сұрақтарына жауап беру үшін 9.1.4.4. және 9.5.2.3 бөлімдерінің материалдарын орындау қажет.

6.2.2. Қосымшаны өңдеу процесі

Қосымшаны өңдеу үшін жаңадан каталог құрамыз, мысалы, SV_STUD.Оның ішіне ДҚ каталогі құрылады, мысалы, BASE.

Қосымшаны өңдеу процесі келесі кезеңдерден тұрады:

1) Paradox7 типті кестелермен жұмыс істеу үшін русификаторды орнату;

2) жаңа мәліметтер базасы үшін псевдоним және файл конфигурациясын құру, мысалы, Desktop жүйесі көмегімен STUS.

3) мәліметтер базасының екі кестесінің жазбаларының (өрістерінің) құрылымын өңдеу;

4) форманың құрамын өңдеу:

- Table, DataSource, DBGrid, DBNavigator және StringGrid типті 2 компоненттен,

- Query компоненті,

- Button типті компонент, қасиеті :Caption = Объединить.

Алғашқы 3 пункт 6.1.3, 6.1.4 және 6.1.5 бөлімдерімен сәйкесінше орындалады.

Студенттер жайлы мәлімет бар 1-ші кестенің аты = STUD.DB.

1-ші кестенің өрістер құрамы:

Fio - фамилиясы және инициалы, негізгі кілт;

Adres – мекен-жайы;

God_R – туған жылы;

Tel - телефон.

Студенттің оқу үлгерімі жайлы мәлімет бар 2-ші кестенің аты = USPEV.DB.

2-ші кестенің өрістер құрамы:

Fio - фамилиясы және инициалы, негізгі кілт;

Mat- математика пәнінен бағасы;

Fiz - физика пәнінен бағасы;

Progr - программалау тілі пәнінен бағасы.

Форманың қасиетін орнату:

Caption = Формирование набора данных из двух таблиц

Тізімнен келесі компоненттердің қасиетін орнату:

1) Table1: DataBaseName = STUS; TableName = STUD.DB; Active = True;

2) Table2: DataBaseName = STUS; TableName =USPEV.DB; Active = True;

3) Query1: DataBaseName = STUD; оның DataSource қасиетін бос жол ретінде қалдырып кету;

4) DataSource1: Data Set = Table1; DataSource2: Data Set = Table2;

5) DBGrid1 және DBNavigator1 үшін: Data Source = DataSource1;

6) DBGrid2 және DBNavigator2 үшін: Data Source = DataSource2.

DBGrid типті кестенің атын орыс алфавитіне ауыстырмау!

Мәліметтерді екі кестеден сұрыптау Query1 компонентінің көмегімен іске асады. Оның SQL қасиетін келесідей орнату:

SELECT * FROM STUD, USPEV WHERE STUD.FIO = USPEV.FIO

1-ші және 2-ші кестеден фамилиясы сәйкес келетін өрістер бір жолға біріктіріледі, яғни, STUD.FIO = USPEV.FIO.

DBGrid компонентін баптау кезінде үнсіздік жағдайында жасалған бағандардың атын өзгертпеу керек.

Программаны орындауға жіберіп, DBNavigator1 және DBNavigator2 көмегімен бірнеше жазбалы кестені толтыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]