
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •§ 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- •2 Тарау. Педагогикалық психология: негізгі сипаттамалары
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •Зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы Педагогикалық психологияның зерттеу пәні
- •§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
- •§ 1. Білім беру көпжақты феномен ретінде
- •Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері (а.Б. Орлов бойынша) [153, 102-103, 107 б.]
- •§ 2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары
- •Ойындық модельдің құрылымы
- •Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.
- •§ 3. Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі
- •2 Тарау. Білім беру процесінде адамның жеке даралық тәжірибені игеруі
- •§1. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы -
- •Білім беру процесіндегі оқу
- •§ 2. Оқыту мен дамыту
- •§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
- •Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъекттері
- •1 Тарау. Білім беру процесінің субъекттері
- •§ 1. Субъект категориясы
- •§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
- •2 Тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде
- •§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
- •§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері
- •Мұғалім қасиеттері
- •§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)
- •§ 4. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер
- •§ 5. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар
- •3 Тарау. Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент)
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
- •§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті субъекттерінің маңызды сипаттамасы
- •1 Тарау. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі
- •§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны
- •§ 3. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
- •2 Тарау. Оқу мотивациясы
- •§ 1. Мотивация психологиялық категория ретінде
- •§ 2. Оқу мотивациясы
- •3 Тарау. Меңгеру – үйренуші
- •§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Меңгеру процесіндегі дағды
- •4 Тарау. Өзіндік жұмыс –
- •§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
- •Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет
- •1 Тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекет:
- •Формалары, сипаттамалары, мазмұны
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы
- •2 Тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
- •§ 2. Педагогикалық іскерліктер
- •3 Тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •4 Тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті-рефлексивті іскерліктерінің бірлігі ретінде
- •§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы
- •§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
- •§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
- •Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас
- •1 Тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті
- •§ 1. Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік
- •§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы
- •3 Тарау. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
- •§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде
- •4 Тарау. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі, қарым-қатынастағы және оқу-педагогикалық
- •§ 1. Қиындатылған қарым-қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары
- •Әдебиет
- •Есімдік көрсеткіш
- •Мазмұны
§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
Шамалаушы психологиялық талдау
Талдаудың жоспарлары мен объекттері мұғалім іс-әрекетінің түрлі формаларымен, яғни сабаққа дайындықпен, сабақты өткізумен, оның аналитикалық талдауымен, мұғалімнің өткізілген сабақты өзінің бағалауымен теңестірілуі мүмкін Осыған орай сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейі бөлінеді: шамалаушы, ағымдық және ретроспективті (И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская).
Сабақтың шамалаушы психологиялық талдауы мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде жүзеге асырылады. Осы кезеңде мұғалімде ең алдымен, болашақ сабақтың әлі ойдағы, уақыттық және кеңістіктік шектеулерсіз «бейне - түпкі ойы» пайда болады (В.А. Артемовтың терминдері). Содан соң мұғалім іс-әрекетінде болашақ сабаққа маңызды байланыстылардың барлығына мұқият және жан-жақты талдау кезеңі басталады: бағдарламамен ескерілген оқу материалын, қойылған мақсаттар мен міндеттерді, оқытудың таңдалған әдістерін, амал-тәсілдерін және дәрісті өткізу жоспарланған жағдайларды (шәкірттердің белгілі бір тобы, уақыт пен орны және т.б.). Осындай талдау процесінде мұғалім әбден нақты сабақтың, жүзеге асырылуы тиіс «орындау-бейнесінің» жоспарын немесе қысқаша жазбасын дайындайды (В.А. Артемовтың терминдері).
Сабақты алдын ала талдай отырып, мұғалім жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық, әлеуметтік психология, оқу пәніне оқыту (математикаға, әдебиетке т.б.) психологиясы салаларынан саналы және мақсатты түрде теоретикалық білімдерді пайдаланады. Осы кезеңде мұғалім алдында оқу процесін ұйымдастырудың негізгі психологиялық проблемалары тұрады. Оларды шешу «оқу білімді табу, шығармашылық меңгеру ретінде үш факторға тәуелді – нені оқытады, кім және қалай оқытады, кімді оқытумен» байланысты [97, 152 б.]. Осы факторлар талдауы мен оларды есепке алу сабақтың өнімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуші тиімді құрал болып табылады.
Бірінші фактор, оқыту процесіне әсер етуші – бұл оқу пәні, оның өзгешелігі. Мысалы, оқу пәні ретінде шет тілінің өзгешілігі сонымен бірге, оқытудың мақсаты мен құралы ретінде де болады. Егер шәкірттер басқа пәндерді игергенде ана тілін құрал ретінде пайдаланса, шет тілін игеруде құралдар мен тәсілдерді меңгеру біртіндеп, сырттан басқарылатын тәсілдер арқылы басқа, неғұрлым күрделіні игеру проблемасы туындайды.
Екінші фактор, білімдерді меңгеруге әсер етуші мұғалімнің даралық-психологиялық және кәсіби ерекшеліктері. Педагогикалық жұмыс мұғалім тұлғасына, оның педагогикалық қабілеттеріне (дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөздік, ұйымдастырушылық, өктемшілдік, коммуникативтік және т.б.) жоғары талаптар қояды. Бұл жерде оқу пәнінің өзгешелігінің өзі қандайда бір педагогикалық сапалардың олардың құндылығын арттыра отырып, бірінші орынға жылжыта отырып, оның мәнділігіне әсер етеді. Мысалы, студенттердің пікірінше, шет тілінің оқытушысы үшін коммуникативтік сапалар, топпен жақсы байланыс және ұжымдардағы жағымды эмоционалдық климат неғұрлым құнды болып табылса, физика, математика оқытушылары үшін табыстылық, ерекше ойлау маңызды.
Ақырғы, үшінші фактор – шәкірт тұлғасы, оның жастық және даралық-психологиялық ерекшеліктері, оның ақыл-ойының дамуы, эмоционалдық-еріктік реттелінуі, оның бейімділігі мен қызығушылықтары, оның оқуға қатынасы, оқу материалын меңгеру ерекшеліктері. Айта кетейік, осы фактордың әсер етуі меңгерудің барлық психологиялық компоненттерінде байқалады, олар Н.Д. Левитов бойынша: 1) шәкірттердің оқуға деген жағымды қатынастары; 2) материалмен тікелей сезімдік танысу; 3) ойлау - алынған материалды белсенді қайта өңдеу ретінде; 4) алынған және өңделген материалды есте сақтау.
Шет тілі оқу пәні ретінде, мысалы шәкірттердің психикалық танымдық процестерінің мәнділігіне өзгеше із қалдырады. Мысалға, түйсік пен қабылдау процестерінде жеке тұрғыдан есту және моторлық сезімталдық ерекше маңызды. Шет тілі шәкірттердің қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауларына және т.б. жоғары талап қояды. Оны оқу барысында пайда болатын жағымды эмоциялардың да маңызы үлкен. Осы оқу пәнін игеру шәкірттердің зейіні мен ерік-жігерін ұйымдастыруға үлкен талаптар қояды (И.В. Карпов).
Жоспарланған сабаққа алдын ала талдау жасай отырып, оны ерекшелігі мұғалімге бұрыннан белгілі, нақты топпен байланыстыру маңызды. Мұғалім жүргізілетінса сабақты негіздеу үшін кәсіби білімдерін неғұрлым саналы аңғарып, мақсатқа сай қолданса, сабақ барысында жүзеге асыруды жоспарлаған сәттерге неғұрлым терең және толығырақ талдау жүргізіп, болашақ сабақтың кезеңдеріне неғұрлым дәл болжам жасаса, сонда ол күтпеген жағдайларға соғұрлым аз тап болып, өзіне сенімді бола түседі. Осының барлығы сабақты өткізу табыстылығының кепілдігі болып табылады. Шамалаушы талдау жобалаушы қабілеттерге сүйенеді, осы іскерліктерді жүзеге асырады және оларды дамытады.
Ағымдық психологиялық талдау
Ағымдық психологиялық талдауды мұғалім сабақтың нақты педагогикалық жағдайында өткізеді. Әрине, сабақтың тиімділігі көп жағынан оған мұқият дайындықты, оны жобалаудың дұрыстығымен, дәлдігімен анықталанады. Сонда да, сабақ барысында пайда болатын нақты педагогикалық жағдай біраз болжанбаған, күтпеген жағдайлардың орын алдуын ұйғарады. Сабақтың табыстылығы елеулі мөлшерде мұғалім реакциясының жылдамдығынан, пайда болып қалған жағдайды талдаудан өткізу, жағдайға байланысты сабақ жоспарын икемді өзгерту іскерлігімен байланысты. Төменде атап өтілген педагогикалық іскерліктер А.М. Позднякова, А.А. Деркач бойынша, мұғалімге сабақ үстіндегі процесті талдауға ғана емес, сондай-ақ қадағалауға да көмектесе алады. Олар:
сыныптың сабаққа дайындығын көре алу;
сабақ барысында тәртіпті бақылау;
балалардың психофизикалық күйлерін байқау;
балалардың мұғалімнің сұрақтарына реакцияларын қабылдау;
шәкірттердің жауабын зейін қойып тыңдау;
сыныпты түгелдей үнемі көз алдында ұстау;
шәкірттердің өз жолдастарының жауабы мен оқу материалын бақылауларын ұйымдастыру;
өз түсіндіруіне реакцияларды қабылдау;
өз сұрақтарына реакцияларды қабылдау;
жалпы сыныптың оқу іс-әрекетінің ерекшелігін байқау (жұмыс қарқыны, қиналулар, оқу материалын меңгеру тереңдігі, типтік қателіктер);
шәкірттердің жекеленген топтарының (мықты, орташа, әлсіз) оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін байқау және есепке алу; материалды түсіну, білімдерді өз бетінше практикада қолдана алу ептілігі, жұмыс қарқыны;
жекеленген шәкірттердің оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін белгілеу; білім көлемі мен сапасы, пән бойынша ептіліктер мен дағдылардың болуы, орындаған жұмыс сапасы, танымдық іс-әрекет ерекшеліктері, оқудағы үлгерім;
жекеленген шәкірттерге тән қасиеттерді байқау; мінез-құлық, сөйлеу ерекшеліктері, бейімділіктер, қабілеттер, қызығушылықтар, дамудағы алға жүру;
өз мінез-құлқы мен сөзін бақылау;
өз іс-әрекеті мен шәкірттердің іс-әрекетінің өзара байланысын байқау;
сабақ барысын бақылау;
бақылау кезінде зейінін бірнеше объекттерге тарату [177, 76-77 б.].
Осы іскерліктер сабақты ағымдық психологиялық талдаудың объекттері ретінде орын алады. Мұндай талдау – көптеген факторларға тәуелді күрделі іс-әрекет екендігі айқын. Талдаудың бұл түрі психологиялық білімдерді меңгерудің жоғары деңгейін ұйғарады, оның өзі мұғалімге күрделі педагогикалық жағдайларда, уақыттың тапшылығы кезінде, сананың негізгі педагогикалық іс-әрекетті іске асыруға бағыттылығы кезінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сабақтың ағымдық талдауын жүргізу іскерлігі мұғалімнің кәсіби-педагогикалық шеберлігінің көрсеткіші болып табылады, өкінішке орай, зерттеулердің көрсетуі бойынша, 100 мұғалімнің 17 ғана сабаққа оның барысында талдау жүргізе және жоспарланған мақсатқа сәйкес қайта құра алады екен [123, 83-83 б.]. Шынында да, бұл педагогкалық іс-әрекеттің аса күрделі аспектісі, оған мұғалімдерді арнайы оқыту керек. «Бейне-түпкі ой» мен «орындау-бейнесінің» сәйкестілігін немесе үйлесімділігін белгілеп отыруды қамтитын сабақтың ағымдық талдауы жаңа шешім қабылдауды, әрекеттер бағдарламасын түзетуді және оны жүзеге асыруды ұйғарады. Мұндай талдау алдын ала өңделген, тікелей және жедел болуы керек, ол пәндік және тұлғалық рефлексия механизміне сүйенеді. Ол перцептивті-рефлексивті қабілеттердің және сәйкес іскерліктердің жоғары дамыған деңгейін ұйғарады.
Ретроспективті психологиялық талдау
Ретроспективті психологиялық талдау мұғалімнің сабақты ұйымдастыру мен өткізуіндегі соңғы, қортындылаушы кезеңімен байланыстырылады. Оның рөлін асыра бағалау қиын. Сабақ жобасын, жоспарын оны жүзеге асырумен теңестіру мұғалімге сабақты негіздеу үшін өзі таңдаған теоретикалық алғышарттардың дұрыстығын бағалауға, оның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындауға, мықты жақтарын сақтау мен жақсартуда, оның әлсіз жақтарын жою жолын ұйғару, жоспардан ауытқуларды табуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, мұндай талдау мұғалімге сабақ барысының өзгеру себептерін (позитивті немесе негативті), яғни мұғалім бе, шәкірттер ме, әлде қалыптасқан жағдай кінәлі екенін түсінуге мүмкіндік береді
Шамалаушы және ағымдық талдау нәтижелерін біріктіре отырып және нақты берілген сабақты ұйымдастыру мен өткізуді аяқтай отырып, рестроспективті талдау сонымен бірге, келесі сабаққа өту сатысы сияқты болады, яғни оның бірінші кезеңін даярлай отырып, оның байланыстырушы буыны болып табылады, мұның өзі мұғалім құрастырған сабақтар «тізбегін» ұғынуға ықпал етеді. Мұғалім сәттіліктерінің немесе сәтсіздіктерінің себептерін белгілей отырып, өзінің сабағын неғұрлым саналы және объективті талдаса, соғұрлым ол келесі сабақтарын мүлтіксіз жоспарлап өткізеді деп санауға болады. Ретроспективті талдау уақытпен шектелмеген, ол мұғалімге үлкен көлемді ақпаратты ескеруге, оны тексеріп және түзетулер енгізуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Сабаққа психологиялық талдау жасаудың әр деңгейінің мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің қалыптасуындағы маңыздылығы мен мәнділігін көрсете отырып, ретроспективті талдау мұғалімде біраз қиындықтар туғызғанмен де, талдаудың жеткілікті күрделі түрі болып келетінін атап өтейік, ол барлық байланыстарды ашуды, сабақтың себеп-салдарлық қатынастарын орнатуды, талдамалық рефлексивтік қабілеттер мен іскерліктердің жоғарғы деңгейін ұйғарады, оларды дамытудың құралы болып табылады. Талдаудың бұл деңгейі мұғалімнің өзінің іс-әрекеті жайлы жүйелік елестету тұрғысынан тиімді, себебі оған шамалаушы және ағымдық талдаулар нәтижелерін теңестіруге мүмкіндік береді.
Сабақты ретроспективтік талдаудың мазмұнын толығырақ қарастырайық. Ен алдымен атап өтетін жағдай, ретроспективтік талдау талдау жүргізілетін материалдың белгілі бір қисынды (логикалық) ұйымдасуын талап етеді, ол мұғалім үшін өзіндік бағдар ретінде қызмет етеді, яғни оның ойларының «фактілердің үстімен сырғуға және түрлі бағыттарда жайылып кетуге» жол бермейді (С.В. Иванов).