
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •§ 2. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- •2 Тарау. Педагогикалық психология: негізгі сипаттамалары
- •§ 1. Педагогикалық психологияның
- •Зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы Педагогикалық психологияның зерттеу пәні
- •§ 2. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері
- •§ 1. Білім беру көпжақты феномен ретінде
- •Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері (а.Б. Орлов бойынша) [153, 102-103, 107 б.]
- •§ 2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары
- •Ойындық модельдің құрылымы
- •Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.
- •§ 3. Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі
- •2 Тарау. Білім беру процесінде адамның жеке даралық тәжірибені игеруі
- •§1. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы -
- •Білім беру процесіндегі оқу
- •§ 2. Оқыту мен дамыту
- •§ 3. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
- •Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъекттері
- •1 Тарау. Білім беру процесінің субъекттері
- •§ 1. Субъект категориясы
- •§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
- •2 Тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде
- •§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
- •§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері
- •Мұғалім қасиеттері
- •§ 3. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)
- •§ 4. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер
- •§ 5. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар
- •3 Тарау. Оқушы (үйренуші) (оқушы, студент)
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
- •§ 2. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
- •§ 4. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті субъекттерінің маңызды сипаттамасы
- •1 Тарау. Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі
- •§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны
- •§ 3. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
- •2 Тарау. Оқу мотивациясы
- •§ 1. Мотивация психологиялық категория ретінде
- •§ 2. Оқу мотивациясы
- •3 Тарау. Меңгеру – үйренуші
- •§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Меңгеру процесіндегі дағды
- •4 Тарау. Өзіндік жұмыс –
- •§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
- •Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет
- •1 Тарау. Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекет:
- •Формалары, сипаттамалары, мазмұны
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы
- •2 Тарау. Педагогикалық функциялар және іскерліктер
- •§ 1. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары
- •§ 2. Педагогикалық іскерліктер
- •3 Тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •§ 2. Педагогикалық іс-әрекет стилі
- •4 Тарау. Сабақтың (дәрістің) психологиялық талдауы педагогтың проективті-рефлексивті іскерліктерінің бірлігі ретінде
- •§ 1. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы
- •§ 2. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)
- •§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы
- •Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас
- •1 Тарау. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті
- •§ 1. Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік
- •§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы
- •3 Тарау. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
- •§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде
- •4 Тарау. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі, қарым-қатынастағы және оқу-педагогикалық
- •§ 1. Қиындатылған қарым-қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары
- •Әдебиет
- •Есімдік көрсеткіш
- •Мазмұны
2 Тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде
§1. Педагог - кәсіби қызметінің саласында
Педагогикалық мамандық
Педагогикалық психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім – «мұғалім психологиясын» қамтиды, мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қатысты қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады. А.К. Маркованың айтуынша: «мамандықтар - бұл қоғамға қажетті, тарихи қалыптасқан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек» [130, 15 б.].
Мұғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты, – ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердің сандық құрамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша тең емес мөлшерде қалады да және ауылдық жерлерде де өзгере отырып, 1993 жылға дейін өсу беталысына ие болған [203]. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-мұғалімдердің саны 80% артық [203, 10 б.], мұның өзі ер адамның ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.
Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар жалпы мәдениеттік және пәндік–кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әр қашан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.
Педаогогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында
Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар – биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып бөлінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам» [88-90].
Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е.А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі [90, 176-181 б.].
Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің Дж. Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.
«Адам-Адам» схемасымен жұмыс істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі кәсібін таңдауға қарсы көрсеткіштер:сөйлеу ақаулары, мәнерсіз сөз, тұйықтық, өз-өзіне беріліп кету, айқын көрінетін дене кемістіктері, өкінішке орай, ебедейсіздік, шектен тыс баяулық, адамдарға селқостық, адамға ешбір пиғылсыз қызығушылық білдірудің болмауы» [90, 181 б.]. Бұл «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған портреті. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері – кәсіби құзырлылық және дидактикалық мәдениет.
Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда өзіне назар аудартатын жағдай – онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен «Адам – Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалық іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де қолданады
Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е.А. Климов олардың төрт тобын ұйғарады:
Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т.б.).
Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял және логикалық әрекеттер жатады.
Тұлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалау-шы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен басқару әрекеті.
Жігерді келісімдеу әрекеті.
Педагог субъект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез-құлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.
Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен және оларды орныдаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез-келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, субъектте қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау іскерлігін және осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.
Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде – Е.А. Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша сөз, бейнелеуді» алады. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.
Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.
Мамандық таңдау
Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады: 1) үлкендер, отбасы позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.); 4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар; 5) қабілеттер және олардың көрінулері; 6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу; 7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу; 8) бейімділік [88, 121-128 б.]. Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Алайда, келесі тарауда көрсетілетіндей, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекшелік факторлардың бірі, балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша неғұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі – балаларды оқыту мүмкіндігі – педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.
Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.
Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда маман-дыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары» [100].
Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.