Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14ХЭҚ екция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.86 Кб
Скачать

3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.

Халықаралық экономикалық қатынастарға халықаралық құқықтың көпшілік таныған тиісті қағидалары қолданылатыны сөзсіз.

Халықаралық экономикалық қатынастарда көбінесе халықаралық жария құқықтың негізгі қағидаларымен қатар белгілі сауда -саяси режимді пайдалануды қамтамасыз ететін арнайы қағидалар қолданылады.

Әйткенменде, халықаралық экономикалық құқық қағидалары конвенциялық сипатқа ие екенін ескерген жөн, сол себепті, олардың әрекет етуі әр жағдайда да халықаралық шартқа енгізілуімен байланысты.

Алаламаушылық қағидасы. Бұл қағида құқықтық түсінігінде бір мемлекет келесі бір мемлекетке белгілі жағдайлар жасап, талаптар қойса, келесі үшінші мемлекетке де нақ сол талаптарды қойып, жағдайларды жасауы тиістігін білдіреді. Яғни әрбір мемлекет серіктес мемлекеттің өзге мемлекетке жасаған жағдайын, яғни жеңілдігін өзіне жасалынуын талап етуге құқылы. Бұл құқық заңды негіздерде жасалынып жатқан жеңілдіктерге таралмайды.

Ең көп жеңілдік жасау қағидасы Осы қағида мемлекеттің әріптес-мемлекетке үшінші бір кез келген елге жасауы мүмкін жеңілдіктерін жасауға заңи міндеттілігі.

Ең көп жеңілдік жасау режимінің қолданылатын аясы әдетте бір халықаралық шартта ең көп жеңілдік жасау керектігі туралы нақты ескертпеде айтылып кетеді. Бұл ескертпе жалпы нысанда сауда қатынасының барлық аясына немесе жекелеген қатынас түрлеріне таралады; кедендік баждар, транзиттік, сандық өзге де щектеулермен тиім салулар; көліктік режимге, жеке және заңды тұлғалардың салықтық, т. б. құқықтарына.

Дегенмен де тараптардың келісімі бойынша ең көп жеңілдік жасау режимінен ауытқуға жол беріледі: көршілес мемлекеттерге ерекше жеңілдіктер, т.б. Бұл режимнен ауытқу көбінесе преференциялды кеден қатынастарында қолданылады (дамушы елдер үшін, кедендік одақ шегінде, еркін сауда аймағында т.б.)

Ұлттық режим. Бұл режим бойынша шетелдік жеке және заңды тұлғалардың құқықтары отандық жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен толықтай теңестіріледі. Ол көбінесе біржақты жасалады немесе кейбір сауда келісімдерінде көсетіледі. Әдетте бұл сот өндірісін қоса алғанда, азаматтық құқыққабілеттілікке қатысты болады.

Екіжақты пайда қағидасы. Бұл қағида мемлекеттердің арасындағы екіжақты тиімсіз, қулықпен, жанама, тікелей мәжбүрлеумен жасалған қарым-қатынастарды болдырмауды көздейді, яғни табыс бөлу, міндеттемелер жүктеу әділетті түрде, салыстырмалы негізде болуы керек. Осынау күрделі мемлекетаралық, соның ішінде экономикалық қатынастарда табыстар мен міндеттемелерді әділ бөлу, сөзсіз әрбір нақты мәміле үшін мызғымас үлгі бола алмайды, сондықтан бұл қағиданы халықаралық құқықтық теңдестірілген қағидасы ретінде түсінген жөн.

Преференциялды режим. Бұл - нақты бір мемлекеттер немесе мемлекеттер топтары арасында әрекет ететін, кедендік баждарға қатысты жеңілдіктер. Мысалға, БҰҰ сауда және даму бойынша конференциясының нұсқамасының негізінде дамыған мемлекеттер дамушы мемлекеттерге қатысты, сондай-ақ дамушы мемлекетердің өздерінің арасында қолданылатын преференциялар жүйесін алуға болады. Және де жасалатын преференциялар ең көп жасалатын жеңілдік қағидасын қолданбайтын мемлекеттерге таралмайды. Қазақстан Республикасының преференциялары таралатын дамушы елдердің тізіміне 104 мемлекет кіреді. Олардың қатарына Албания, Алжир, Бразилия, Қытай, Түркия сияқты мемлекеттер кіреді.

Ал преференциялар таралатын өте нашар дамыған елдердің қатарына 47 мемлекет кіреді, олар- Ауғанстан, Камбоджа, Эфиопия, Гаити1.

Бұрынғы заманда дамыған елдер мен отарланған және жартылай отарланғандар арасындағы қатынастардағы шарт тәжірибесінде “тең мүмкіндік”, “ашық есік” т.б.сияқты құқықтық режимдер қолданылған.Осы секілді халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін жағдайлар қазіргі таңда заңсыз деп танылады.