- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері ретінде халықаралық құқықтың қайнар көздері қабылданады.
Қайнар көздері халықаралық ұйымдардың шешімдері боп саналатын нұсқамалық нормалардың көптігі халықаралық экономикалық құқыққа тән сипат. Бұл нормалардың ерекшелігі- олар императивті емес. Олар тек нұсқау беріп қана қоймайды, әсіресе осы нұсқаулық нормалар болмаған кезде заңсыз болып саналатын әрекеттердің заңдылығын жариялайды. Мысалы, 1964ж. БҰҰ сауда және даму туралы конференциясы кейіннен жалпыға танымал болған Женевалық қағидалар қабылдады. Олардың ішінде дамушы елдерге ең көп жеңілдік беру қағидасына сәйкес кедендік преференциялық жеңілдік жасауға нұсқама бар. Егер осы қағидалар болмаса бұл жеңілдіктер заңсыз болған болар еді.
Халықаралық шарттар. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын дайындау тұрғысынан келсек, көпжақты халықаралық шарттар жасасу аса маңызды. Дәл осы көпжақты шарттар халықаралық құқықтың өзегін құрайды.
Әмбебап халықаралық экономикалық шарттарға мысал ретінде, 1947 ж. Тарифтер мен сауда бойынша бас келісімді (ГААТ) және ГААТ модификациясымен, сондай-ақ Бүкіләлемдік сауда ұйымының құрылуымен байланысты 1994ж. Маракештік келісімді, сонымен қатар кең таралған көпжақты шикізат тауарлары бойынша келісімдерді, халықаралық сауда құқығының унификациясы, интелектуалдық меншікті қорғау, көлік және байланыс бойынша конвенцияларды алуға болады.
Көпжақты келісімдердің маңыздылығына қарамастан экономика аясындағы қызметтестіктің көп бөлігі екі жақты шарт негізінде жүзеге асырылады.
Екіжақты экономикалық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттардың ішінен бас, шекті саяси сипаттағы шарттарды әсіресе, достық, қауымдастық, өзара көмек туралы шарттарды бөліп алуға тура келеді. Оларда тараптардың негізгі міндеттемелерімен қатар экономикалық қауымдастықты кеңейту бойынша, коммерциялық мәмілелердің жасалуына жәрдемдесу бойынша міндеттемелер бекітілген.
Халықаралық экономикалық құқық нормаларының қалыптасуында халықаралық шарттардың кейбір түрлерінің маңызы зор.
Оларға сауда және теңізде жүзу туралы шарттар деп аталына алатын сауда шарттарын жатқызуға болады. Осы шарттардағы басты нәрсе - мемлекеттермен олардың жеке және заңды тұлғаларының өзара қатынастарындағы сауда-экономикалық режимінің бекітілуі. Бұл- ең көп жеңілдік жасау режимі, ұлттық режим, екі жақты пайда режимі т.б. Сауда-экономикалық қызметтестік туралы ұзақ мерзімді келісімдер қызметтестіктің нақты аясы мен нысанын анықтайды: өнеркәсіп обьектілерін салу және қайта құру; құрал-жабдықтарды және өзге де тауарларды өндіру және жеткізу; пакеттерді және лицензияларды сату және сатып алу; бірлескен кәсіпкерлік және т.б. Келісімдердің орындалуын бақылау және жәрдемдесу мақсатында әдетте тараптардың өкілдерінен аралас комиссия құрылады.
Мұндай келісімдердің негізі мен дамуында экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық қызметтестіктің ұзақ мерзімді бағдарламалары қабылданады. Бағдарламада қызметтестіктің нақты обьектілері мен аяларының тізімі көрсетіледі.
Өнеркәсіп обьектілерін салуда техникалық жәрдем көрсету туралы келісімдер ерекше категорияны құрайды: мұндай келісімдер бас, шекті сипатқа ие, сонымен қоса, тек нақты ірі масштабты жобаларға таралуы мүмкін. Өнімдердің жеткізілімі мен техникалық жәрдемдесудің ақысын төлеу туралы талаптар қарапайым болып танылады.
Экономикалық қызметтестіктің сауда және басқа түрлерімен олардың халықаралық валюталық есеп және несие туралы келісім негізінде валюталық-төлемдік және қаржылық қамтамасыз етілуі тығыз байланысты.
Тәжірибеде тауар айналымы туралы, әлде тауар айналымы және төлемдер туралы келісімдерде саудалық және валюталық- қаржылық талаптарды біріктіру қарапайым болып саналады. Алайда басқа валютаға еркін ауысатын, шектеулі ауысатын немесе ауыспайтын белгілі ұлттық валютада есеп жүргізуді қамтамасыз ететін, арнайы төлемдік келісімдер жасалынуы мүмкін. Солардың қатарына төмендегілерді қоюға болады.
Клирингтік келісімдерде қарама-қарсы сауда, экономикалық операциялардағы түсімдер мен шығындар екіжақтың есебінен жүретіні көрсетіледі. Клирингтік келісімдер әдетте басқа валютаға еркін ауыспайтын валюта қолданатын мемлекеттерде қолданылады және ол қолма қол емес түрде есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.
Несиелік келісімдер бір мемлекеттің келесіге ақшалай, тауарлай немесе аралас нысанда қайтарымды негізде қарыз беруі сияқты таза күйде бола алады. Бірақ бүгінгі күні мақсатты немесе шартты несиелер кеңінен қолданысқа еніп жүр. Бұл несиелер несие беруші - мемлекеттен белгілі бір тауарды сатып алуы үшін беріледі, яғни шикізат, азық-түлік, индустриялық сонымен бірге қару-жарақ т.б. Бұл жердегі несиелер борышқор-мемлекеттің несие беруші-мемлекетке белгілі жеңілдіктерді жасауымен, бақылау құқығын берумен қиыстырылып кетеді.
Екі рет салық салуды болдырмау туралы және шет ел инвестициясын өзара қолдау және қорғау туралы конвенциялар. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттермен осындай шарттарды жасаған. Бұл шарттардың негізгі маңызы- екі жақтың тұлғаларына ең көп жеңілдік жасау режимін беру. Бұл режим мемлекеттердің кәсіпкерлеріне өз қызметтерін еркін жүргізуге және одан түскен пайданы кедергісіз алуына, сондай-ақ мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Себебі олардың құқықтары тек мемлекет ішілік шарттармен ғана емес сонымен қатар екі жақты халықаралық шарттармен де қорғалады.
Әрине экономикалық қызметтестікті жүзеге асырудың жаңа амал-тәсілдері пайда болып, толассыз күрделеніп жатқандықтан жоғарыдағы келтірілген екі жақты келісімдер түрінің тізімі осымен шектелмейді.
Халықаралық ұйымдардың шешімдері (нұсқамалары, қаулылары). БҰҰ органдарымен БА, ЮНКТАД, ЭКОСОС), сонымен қатар БҰҰ мамандандырылған мекемелерімен (ВОИС, ЮНИДО) экономикалық қауымдастық мәселелері бойынша біршама нұсқамалар қабылданды. Бұл органдар мен мекемелердің шешімдерінің міндетті заңды сипаты болмағанмен, нұсқамалық күші бар.
Мәселен, БҰҰ БА мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттері Хартиясы; Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп туралы Декларациясы және Жаңа Халықаралық экономикалық тәртіпті орнықтыру бойынша әрекеттер бағдарламасы (1974 ж.) сияқты негізгі актілерді қабылдады. Бұл құжаттарда экономикалық қауымдастықтың алаламаушылық, екі жақты пайда қағидалары жарияланған.
БҰҰ БА маңызды құжаттары болып ”халықаралық экономикалық қатынастарда сенімді нығайту туралы” (1984ж.) және “халықаралық қауіпсіздік туралы” (1985 ж.) резолюциялары саналады.
Аймақтық экономикалық мекемелердің соның ішінде Европалық Одақтың қаулылары нұсқамалық сипатқа ғана емес міндетті заңды күшке де ие.
Халықаралық экономикаллық конференциялардың шешімдері. Бұл шешімдер, әсіресе негізгі конференциялардың қорытынды актілері түрінде толтырылғандары теорияда халықаралық көп жақты шарттардың ерекше бір түрі ретінде қарастырылады, сонымен қатар нұсқамалық және міндетті заңды күшке ие. Халықаралық конференциялардың халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуында елеулі үлесі бар құжаттарының ішінде 1964 жылғы сауда және даму бойынша БҰҰ Женева конференциясының қорытынды актісіндегі қағидалары, 1975 жылғы Европадағы қауіпсіздік және қауымдастық бойынша маслихаттың қорытынды актісінің “экономика, ғылым және техника және қоршаған орта аясында қауымдастық’’ тарауы және 1990 жылғы ЕҚҚМ(СБСЕ) шегіндегі кездесуде қабылданған Жаңа Европа үшін Париж хартиясының “Экономикалық қауымдастық ” тарауы аса маңызды болып саналады.
Халықаралық әдет-ғұрыптар. Халықаралық экономикалық құқық тарихында, жалпы халықаралық құқықта да маңызды қайнар көз рөлін әдет-ғұрыптар атқарды.
Әйткенменде, халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуде әдет-ғұрыптың рөлі шектеулі дейтін көзқараспен де келіспей болмайды. Өйткені, мемлекеттер өзара қатынастарында ұстанатын қалыптарды сақтау әдет-ғұрып тұрғысынан келгенде шешілетін мәселе емес.
Ертеден орнығып қалғандай мемлекеттің егемендігіне, мемлекеттің тәуелсіздігіне құрмет, халықаралық шарттарды міндетті сақтау сияқты халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мемлекеттер күні бүгінге дейін екі жақты сондай-ақ көп жақты шарттарында қайта бекітіп отыруға тырысады.
