
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
14. Халықаралық экономикалық құқық
Жоспары:
Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары.
Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық экономикаға терең ену үшін басқа мемлекеттермен әртүрлі сауда саттық қатынастарын орнату үстінде. Әрине бұндай қатынастардың оңтайлы жүзеге асуы үшін мемлекеттер өзара саяси-экономикалық қатынастарға түседі. Ол халықаралық экономикалық құқық институтымен реттеледі.
Мемлекеттер арасындағы экономикалық, соның ішінде, өзара сауда қарым-қарынастарды халықаралық реттеу тарихы ғасырлармен саналады. Сауда қатынастарының рухани және құқықтық қағидасы болып әрқашан бостандық танылғандықтан ол ежелден халықаралық шарттардың түбірлі мәселесі болып саналды. Jus commercіі-дің негізгі қағидасы осы бостандық болып табылады.
Он жетінші ғасырда алғашқы арнайы халықаралық сауда шарттары пайда болды. 20 ғасырға таман мемлекеттердің өзара экономикалық қатынастарын реттеуге қатысты арнайы қағидалар, институттар және халықаралық ілімдер қалыптасты. Оларда еркін сауда мен сыртқы рынокті монополиялауға тырысу мүдделерінің қайшылығы көрініс тапты.
Он тоғызыншы-жиырмасыншы ғ.ғ халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық қауымдастықтың жаңа нысандарының пайда болуы өмірге шарттардың жаңа түрлерін (тауар айналымы мен төлем туралы, клирингтік, көлік байланыс бойынша келісімдер т.б) сонымен қоса көптеген халықаралық экономикалық және ғылыми- техникалық ұйымдардың құрылуын әкелді. Бұл үрдіс әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дамыды. БҰҰ жарғысында оның мақсаттарының бірі ретінде халықаралық экономикалық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық қауымдасуды жүзеге асыру көрсетілген (1-бап).
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Еуропада ерекше экономикалық интеграциялық халықаралық Еуропалық Бірлестік және Экономикалық өзара көмек Кеңес тәрізді ұйымдар пайда болды. 1947 жылы алғашқы рет көпжақты сауда шарты, яғни тарифтер мен сауда туралы Бас келісім (ГААТ) жасалды. Халықаралық қауымдастықтың маңыздылығы бүкіл халықаралық құқықпен реттеліп жатқан шарттардың ен жарымының мемлекетарлық экономикалық қатынастарға арналуынан көрінеді.
Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі. Халықаралық экономикалық құқықты халықаралық құқықтың субьектілері арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығымен сипатталатын саласы деп анықтауға болады.
Халықаралық экономикалық құқықтың пәні - халықаралық құқықтың субьектілері арасындағы екі жақты және көп жақты халықаралық экономикалық қатынастар. Экономикалыққа сауда қатынастарына сондай-ақ өнеркәсіп, ғылым- техника, көлік, байланыс, энергетика аясындағы коммерциялық қатынастарды жатқызуға болады.
Бүгінгі ХЭҚ концепцияларының негізі болып табылатын көптеген нормативтік актілердің дайындалуы мен бекітілуіне КСРО мол үлес қосты. КСРО сонымен қатар 1964 ж. Женевадағы халықаралық мекемеге дейін көтерілген БҰҰ сауда және даму бойынша Конференциясының шақырылуының бастамашыларының бірі болды (ЮНКТАД).
ХЭҚ субьектілері. Егер ХЭҚ халықаралық жария құқықтың саласы деген ойды өрбітсек, онда ХЭҚ субьектілері нақ сол халықаралық құқық субьектілерінің өзі дегеніміз жөн болар еді. Осыған орай, сөз жоқ, мемлекет сыртқы экономикалық азаматтық-құқықтық , коммерциялық қызметке тікелей араласуға құқылы. ”Саудаласушы мемлекет ” халықаралық құқықтың субьектісі бола отырып, мемлекеттің ұлттық құқығының да субьектісі бола алады, мысалы, шетелдік контрагентті мелекеттің ішкі юрисдикциясына бағындырып онымен мәмілеге отыру.
Халықаралық функционалдық құқықсубьектілікке мемлектаралық экономикалық және өзге де ұйымдар өз құрылтай құжаттарының негізінде ие бола алады.