Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Кон право каз 23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
589.31 Кб
Скачать

А) басқа өкілді органның мүшесі болуға

В) кәсіпкерлікпен айналысуға

С) ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысуға

Д) ақылы қызметпен айналысуға

Е) Парламенттің жұмысына қатысуға

Жауап: С

387. Депутаттық әдеп ережелерін бұзғаны үшін парламент депутаттарына келесі жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

А) парламенттік мінеу, айыппұл салу

В) көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету, ескерту

С) тұру үшін берілген тұрғын жайды алып қою

Д) парламенттік мінеу, отырыс залынан шығарып жіберу, бір не үш отырыс бойында сөз бермеу

Е) мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмысқа тарту

Жауап: Д

388. ҚР Парламенті Сенатының ерекше қарауына жататын өкілеттікті табыңыз:

А) рақымшылық жасау туралы актілерді жариялау

В) халықаралық шарттарды ратификациялау

С) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау

Д) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру

Е) палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру

Жауап: Д

389. ҚР Парламенті Мәжілісінің ерекше қарауына жататын өкілеттікті табыңыз:

А) Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны ұсыну

В) Бас Прокурор лауазымына кандидатураны ұсыну

С) ҰҚК Төрағасының лауазымына кандидатураны ұсыну

Д) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау

Е) ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатты жіберу

Жауап: Д

390. Сенаттың ерекше қарауына жатады:

А) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және мүшелерін сайлау

В) заңдарды қабылдау

С) ҚР Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Д) Президенттің ұсынуымен Жоғарғы Соттың Төрағасын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату

Е) Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру

Жауап: Д

391. Мәжілістің ерекше қарауына жатады:

А) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау

В) заңдарды қабылдау

С) ҚР Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Д) Жоғарғы Соттың Төрағасын, Алқаларының төрағаларын және мүшелерін сайлау

Е) Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру

Жауап: А

392. Парламенттің әр палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

А) заңдарды қабылдайды

В) халықаралық шарттарды ратификация жасау

С) Палаталардың бірлескен комиссия мүшелерінің тең жартысын сайлайды

Д) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлайды

Е) Бас Прокурордың тиіспеушілік құқығынан айырады

Жауап: С

393. Төмендегілердің қайсысы Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз қарайтын өкілеттіктер қатарына кірмейді:

А) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындау Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау

В) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлау

С) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтату, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешу

Д) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;

Е) конституциялық заңдар мен жай заңдар қабылдау

Жауап: Е

394. Парламент палаталарының тұрақты комитеттерінің жұмысын үйлестіруді кім жүзеге асырады:

А) арнайы комиссиялар В) палата төрағалары С) палата Бюросы Д) палата депутаттары Е) Сенат пент Мәжіліс аппараты

Жауап: С

395. Республиканың заңдары күшiне енедi:

А) Конституциялық Кеңеспен конституциялығы тексерілгеннен кейін В) Республика Президентi қол қойғаннан кейiн С) Сенатпен мақұлданғаннан кейін

Д) Президент қарағаннан кейін

Е) баспасөзде жарияланғаннан кейін Жауап: В

396. Парламент қабылдаған заңдар Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады:

А) қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде В) қабылданған күнiнен бастап он бес жұмыс күні iшiнде С) қабылданған күнiнен бастап отыз күннiң iшiнде Д) Сенатпен мақұлданған күннен бастап он күн аралығында Е) Мәжіліспен мақұлданған күннен бастап жиырма күн ішінде Жауап: А

397. Республика Президенті заңға неше күннің ішінде қол қояды:

А) бір ай  iшiнде В) он бес күн ішінде С) он күн ішінде Д) бір аптада Е) қырық сегіз сағатта Жауап: А

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ

398. Парламент депутатының өкілеттігі басталады:

А) Республиканың аумақтық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен В) Парламент депутаты ретінде сайланған сәттен бастап

С) Парламенттің бірінші сессиясы жұмысын бастаған сәттен бастап Д) сайлау қорытындысы шығарылып, жарияланған күннен бастап Е) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен Жауап: Е

399. Парламент депутатының өкілеттігі келесі жағдайларда тоқтатылады:

А) орнынан түскен кезде және Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда В) қайтыс болған немесе оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда С) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде Д) орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда

Е) тиісті Палата депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берген жағдайда

Жауап: Д

400. Парламент депутаты мандатынан айырылады:

А) тиісті Палата депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берген жағдайда В) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсі, деп танылған жағдайларда С) қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен жағдайда Д) орнынан түскен кезде және Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда Е) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен болса не оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе немесе ҚР-ң азаматтығын жоғалтқан кезде Жауап: Е

401. Парламент Мәжілісінің депутаты келесі жағдайларда мандатынан айырылмайды:

А) депутат өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған кезде

В) депутат саяси фракцияға мүше болып кірген кезде

С) депутат өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса

Д) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия

қызметін тоқтатқан кезде

Е) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе

Жауап: В

402. Төменде аталған міндеттердің қайсысы депутаттар үшін қарастырылмаған:

А) өз сайлаушыларымен кездесу міндеті

В) парламент отырыстарына қатысу міндеті

С) жеке өзі дауыс беру міндеті

Д) парламент палатасының тұрақты комитетінің жұмысына қатысу міндеті

Е) өз сайлаушыларының аманаттары бойынша дауыс беру міндеті

Жауап: Е

403. Төмендегі органның ұсынуы негізінде Парламент Палатасы тиісті Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады:

А) Бас прокурордың

В) Орталық сайлау комиссиясының

С) Жоғарғы Соттың төрағасының

Д) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының Е) Ішкі істер министрінің

Жауап: В

404. Парламент депутатына депутаттық әдеп ережелерiн бұзған жағдайда төмендегідей жаза шарасы қолданылмайды:

А) парламенттiк мiнеу В) Палаталардың бiрлескен немесе бөлек бiр отырысының бойында сөз бермеу С) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету Д) бiр күндiк еңбекақысынан айыру Е) Палаталардың бiрлескен немесе бөлек бір ай отырыс бойында сөз бермеу Жауап: Е

405. Саяси партияның фракциясы – бұл:

А) саяси партиядан өкілдік ететін, саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Мәжілісінде құрылатын депутаттардың ұйымдасқан тобы

В) депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі С) саяси партияның еркін заңға бейнелейтін билік үшін күресетін депутаттардың тобы Д) саяси партиядан өкілдік ететін, саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Сенатында құрылатын депутаттардың ұйымдасқан тобы Е) саяси партияның мүддесін білдіретін Парламент депутаттарының ұйымдасқан тобы

Жауап: А

406. Депутаттық топ дегеніміз:

А) саяси партиядан өкілдік ететін, саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Сенатында құрылатын депутаттардың ұйымдасқан тобы В) мүдделерінің ортақтығы негізінде, ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылатын депутаттардың еркін бірігулері С) заң шығару қызметін жүзеге асыратын депутаттардың бірлестігі Д) депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі Е) заң жобалау жұмысымен айналысатын депутаттардың тобы Жауап: Д

407. Саяси партия фракциясының құрамына кіре алады:

А) Парламент Мәжілісінің депутаттары

В) Парламент Сенатының депутаттары С) жалпы Парламент депутаттары Д) Президентпен тағайындалатын депутаттар Е) саяси партияның жетекшілері мен мүшелері

Жауап: А

408. Депутаттық топтың құрамында болуы тиіс:

А) Мәжілістің кемінде он депутаты

В) Парламенттің кемінде он бес депутаты С) Сенаттың кемінде он депутаты Д) саяси партияның мүшелері Е) Президентпен тағайындалған депутаттар Жауап: В

ҮКІМЕТ

409. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi:

А) ҚР-ң атқарушы билiгiн жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесiн басқаратын және олардың қызметiне басшылық жасайтын алқалы орган В) заңдардың қабылдануына бақылау жасайтын және оларды атқаратын жоғарғы атқарушы орган С) ҚР-ң атқарушы билігін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жүйесін басқаратын жоғарғы атқарушы орган

Д) ҚР-ң қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын жоғарғы орган Е) ҚР Президентіне тікелей бағынатын, Парламентке жауап беретін оратлық атқарушы орган

Жауап: А

410. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде жауапты:

А) Парламент Мәжілісінің алдында жауапты

В) Парламенттің алдында жауапты С) Парламент алдында жауапты, Президент алдында есепті Д) Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты Е) Премьер-Министр алдында жауапты Жауап: Д

411. Үкiмет мүшелерi ант бередi:

А) Қазақстан халқы мен Президентiне

В) Парламентке

С) Конституциялық Кеңеске Д) ҚР азаматтарына Е) мемлекет басшысына Жауап: А

412. Республика Премьер-Министрi Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi:

А) тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде В) сайланғаннан кейін он күн ішінде С) тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде Д) тағайындалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Е) ант берген сәттен бастап Жауап: А

413. Үкiметтiң құрылымын келесі органдар құрайды:

А) палаталар В) комиссиялар мен комитеттер С) құқық қорғау органдары Д) әкімшіліктер мен министрліктер Е) министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар Жауап: Е

414. Үкiмет мүшелерi болып табылады:

А) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлер В) Премьер-Министр, министрлер және мемлекеттік комитеттердің басшылары С) Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары Д) Премьер-Министр, министрлер, Алматы және астана әкімдері Е) Президент, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлер Жауап: С

415. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнің қызметіне жатпайды:

А) Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi

В) Үкiмет қаулыларына қол қояды

С) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке баяндап отырады

Д) Үкіметтің отырыстарына төрағалық етеді

Е) Үкіметтің мүшелерін қызметке тағайындайды және босатады

Жауап: Е

416. Үкіметтің орнынан түсуін қабылдау не қабылдамау туралы мәселені Президент мынадай мерзім ішінде қарайды

А) 5 күн мерзімде

В) 1 ай мерзімде

С) 15 күн мерзімде

Д) 10 күн ішінде

Е) 1 апта мерзімде

Жауап Д

417. Үкiмет мүшелерi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн кімнің алдында жеке-дара жауап бередi:

А) Республикасы Премьер-Министрiнiң

В) ҚР Парламентініңі