Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Кон право каз 23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
589.31 Кб
Скачать

Президент

308. Қазақстанда президенттік институты енгізілді:

А) 1991 жылғы 1 желтоқсанда;

В) 1990 жылғы 24 сәуірде;

С) 1991 жылғы 16 желтоқсанда;

Д) 1990 жылғы 23 наурызда;

Е) 1991 жылғы 25 қазанда.

Жауап: В

309. ҚР Президенті мемлекетте мынадай қызметті атқарады:

А) заң шығарушы билікті жүзеге асырады

В) атқарушы билікті басқарады

С) сот билігінің жалпы басқаруын жүзеге асырады

Д) мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді

Е) конституциялық қадағалау органының қызметін атқарады

Жауап: Д

310. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi:

А) куәлігі

В) Конституция

С) омырауға тағатын белгiсi мен байрағы

Д) әнұран

Е) резиденциясы

Жауап: С

311. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі:

А) 7 жыл

В) 5 жыл

С) 6 жыл

Д) 4 жыл

Е) 10 жыл

Жауап: В

312. ҚР Конституциясына енгізілген соңғы - 21.05.2007 жылғы өзгертулерге сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптың қайсысы өзгерді:

А) жас мөлшері өзгерді – 40 жастан 45 жасқа ауысты

В) ҚР азаматтығында болу мерзімі 15 жылға өзгерді

С) тұру талабы өзгерді – Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру мерзімі соңғы 15 бойы тұруға ауысты

Д) мемлекеттік тілді еркін меңгеру талабына орыс тілін де қосымша меңгеру қажеттігі қосылды

Е) жас мөлшері және азаматтығы

Жауап:С

313. Төмендегі шектеулердің қайсысы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне қолданылмайды:

А) Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды

В) Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға құқығы жоқ

С) өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға құқығы жоқ

Д) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ

Е) облыстық Маслихаттың депутаты болуға құқығы жоқ

Жауап: А

314. ҚР Президентінің өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметі соңғы өзгертулерге сәйкес (21.05.2007) Конституциямен қалай шешілген:

А) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады

В) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін сайлаушылардың келісімімен жалғастыра береді

С) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін Конституциялық Кеңестің шешіміне сәйкес жалғастыра береді

Д) ҚР Президентінің саяси партиядағы қызметін Қазақстан Халықтары Ассамблеясы шешеді

Е) ҚР Президентінің саяси партиядағы қызметі мәселесі реттейтін ереже Конституциядан алынып тасталған

Жауап: Е

315. Конституцияға енгізілген соңғы өзгертулер бойынша (21.05.2007) Президент Премьер-Министрді тағайындайды:

А) Парламенттің келісімімен

В) Мәжілістің келісімімен

С) Сенаттың келісімімен

Д) Конституциялық Кеңестің келісімімен

Е) халықтың келісімімен

Жауап: В

316. Президент Премьер-Министрді тағайындау кезінде кімдермен кеңеседі:

А) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен

В) Үкіметпен

С) Сенат депутаттарымен

Д) Мәжіліс депутаттарымен

Е) Саяси партиялармен

Жауап: А

317. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрады:

А) Қазақстан халқы

В) ҚР Үкіметі

С) Саяси партиялар

Д) ҚР Парламенті

Е) ҚР Президенті

Жауап: Е

318. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі айқындалады:

А) Конституциямен

В) Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңмен

С) нормативтік құқықтық актілермен

Д) кодекспен

Е) Республика Конституциясымен және ҚР-ң Тұңғыш Президенті туралы конституциялық заңмен

Жауап:Е

319. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе қозғалмайды:

А) Президенттің өкілеттігінің соңғы алты айында

В) Президенттің сайланғанына бір жыл өтпей

С) Президент Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселені қарап жатқан кезде

Д) Президент Республика Парламентiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселені қарап жатқан кезде

Е) Президент Республика Парламент Сенатының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселені қарап жатқан кезде

Жауап: С

320. Сенаттың он бес депутаты Президентпен тағайындалады:

А) Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп

В) ұлттардың тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында

С) Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің билікке араласуын қамтамасыз ету мақсатында

Д) Қазақстанның экономикасын көтеру мақсатында

Е) Сенаттың құрамын күшейту мақсатында

Жауап: А

321. Мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi:

А) Президенттің жарлығымен

В) Президенттің өкімімен

С) заңмен

Д) Президенттің заң күші бар жарлығымен

Е) Президенттің шығарған заңмен

Жауап: А

322. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе қозғалмайды:

А) Парламент Үкіметтің енгізген заң жобасын қабылдамаған жағдайда

В) Президенттің өкілеттігінің соңғы алты айында

С) Парламенттің кезекті сессиясы кезеңінде

Д) елімізде саяси тұрақсыздық орын алса

Е) Президент Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде

Жауап: Е

323. Қазақстан Республикасының Экс-Президенті:

А) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өмір бойы депутаты болуға құқылы

В) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің өмір бойы депутаты болуға құқылы

С) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрметті мүшесі болып табылады

Д) Қазақстан Республикасы кешірім туралы коммиссиясының тұрақты мүшесі болуға құқылы

Е) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өмір бойы мүшесі болып табылады

Жауап: Е

324. Мынадай жағдайда ҚР Президенті заң шығарушылық құзыретке ие болады:

А) соғыс жағдайында

В) төтенше жағдайда

С) егер мұндай құзірет Парламентпен берілген жағдайда Д) ҚР Үкіметін тарату барысында

Е) ҚР Парламет Палаталарының сессиясы арасында

Жауап: С

325. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды:

А) Сыртқы істер министрі

В) ҚР Парламент Сенатының төрағасы

С) ҚР Президенті

Д) ҚР Премьер Министрі