Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Кон право каз 23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
589.31 Кб
Скачать

А) Сенат депутаты мандатынан айырылғанда

В) Сенат депутаты іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда

С) Сенат депутаты қайтыс болса немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылса

Д) Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса

Е) Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда

Жауап: Е

287. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға негіз болып табылады:

А) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

В) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi

С) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

Д) депутатты мандатынан айыру

Е) депутаттың қайтыс болуы

Жауап:В

288. Мәжіліске кезектен тыс сайлауды тағайындауға негіз болып табылады:

А)Мәжіліс депутаттарының мандатынан айырылуы

В) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

С) Мәжілісті тарату туралы мәселенің қаралуы

Д) партиялық тізімді ұсынған саяси партияның өз қызметін тоқтатуы

Е)аталғандардың барлығы

Жауап: В

289. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы:

А) белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі

В) республикалық қоғамдық бірлестіктер, өзін-өзі ұсыну

С) республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, өзін-өзі ұсыну

Д) белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, маслихаттар

Е) белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, азаматтар жиналысы

Жауап: А

290. Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу келесідей жүргізіледі:

А) саяси партияның жүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен

В) саяси партияның басшы органының ұсынуымен жалпы мүшелерінің 2/3 көпшілік дауысымен

С) саяси партияның әр аумақтағы филиалдарының мүшелерінің 2/3 көпшілік дауысымен Д) саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен Е) тиісті аумақта орналасқан маслихаттар депутаттарының көпшілік дауысымен

Жауап: Д

291. Мәжіліске сайлау кезінде саяси партиялар партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқылы ма:

А) жоқ, тізімге тек осы партияның мүшелері ғана кіреді

В) иә, тізімге осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кез-келген ҚР азаматтары кіруі мүмкін

С) иә, бастысы Мәжіліс депутатына кандидатқа қойылатын талаптарға сай келсе болғаны

Д) егер, бұрын осы партиядан шығарылып жіберілмеген болса тізімге енгізілуі мүмкін

Е) саяси партияның жоғары органы мақұлдаса тізімге енгізілуі мүмкін

Жауап: А

292. Бара-бар өкілдік жүйесі бойынша Мәжілістің 98 депутатын сайлау кезінде партиялық тізім қандай тәртіппен жасалады:

А) саяси партиялар адамдарды партиялық тізімде орналастырудың тәртібін әкіммен бірігіп белгілейді В) Орталық сайлау комиссиясы белгілеген тәртіпте орналастырылады С) Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды

Д) кандидаттардың жас шамасына қарай, жасы үлкенінен бастап орналасады

Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: С

293. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі:

А) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған 1 ай қалғанда аяқталады

В) сайлауға дейін 4ай бұрын басталып, оған 3 ай қалғанда аяқталады

С) сайлауға дейін 2 ай бұрын басталып, оған 50 күн қалғанда аяқталады

Д) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған 43 күн қалғанда аяқталады

Е) сайлаудан он бес күн бұрын басталып, оған он күн қалғанда аяқталады

Жауап: Е

294. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі:

А) сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады В) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған 1 ай қалғанда аяқталады С) сайлауға дейін 1 ай бұрын басталып, оған 1 апта қалғанда аяқталады Д) сайлауға дейін 2 ай бұрын басталып, оған елу күн қалғанда аяқталады Е) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған қырық үш күн қалғанда аяқталады

Жауап: А

295. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар төлейтін сайлау жарнасының мөлшері:

А) тұтастай партиялық тізім үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан

В) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан

С) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан және тізімге енгізілген адамдардың жеке қаражатынан

Д) тұтастай партиялық тізім үшін ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан және келіп түскен қайырымдылықтардан

Е) тұтастай партиялық тізім үшін ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан

Жауап: В

296. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізімдерді ұсынған келесі саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді:

А) алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

В) Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының басым көпшілігін алған саяси партиялар

С) Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

Д) бүкіл республика аумағында филиалдары бар және мүшелерінің саны 100 мыңнан асатын саяси партиялар

Е) алдыңғы сайлауға қатысқан саяси партиялар

Жауап: С

297. Келесі жағдайларда енгізілген сайлау жарнасы партиялық тізім ұсынған саяси партияға қайтарылады:

А) партиялық тізімге енгізілген кандидаттар өз кандидатураларын қайтарып алған жағдайда

В) алдыңғы сайлауға қатысып сайлаушылардың көпшілігінің қолдауына ие болған жағдайда

С) сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде үш процентін алған жағдайларда

Д) дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 50 пайызынан астамын алған жағдайда

Е) сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда

Жауап: Е

298. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы бар ма:

А) құқығы жоқ

В) әрбір кандидаттың өз сайлау қорын құруға құқығы бар

С) тек басшыларының ғана өз сайлау қорын құруға құқығы бар

Д) тізімдегі кандидаттар бірігіп бір сайлау қорын құра алады

Е) он адамға бір сайлау қоры құрылады

Жауап: А

299. Парламент Мәжілісінің 9 депутаттарын сайлауға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сесиясын шақырады:

А) Орталық сайлау комиссиясы

В) Президент

С) Премьер-Министр

Д) Мемлекеттік хатшы

Е) экс-Президент

Жауап: В

300. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру өткізілуі мүмкін:

А) егер Парламент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған депутатты анықтауға мүмкiндiк бермесе

В) егер сайлау бюллетенiне екiден артық кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір санының сайлауға қатыспауына байланысты сайлау өткізілмеген деп танылса және сайлау жарамсыз деп танылған болса

Д) кандидаттардың арасынан ешкім 50 пайыздан астам дауыс санын алмаса

Е) сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтіндей Сайлау туралы конституциялық заңды бұзушылық орын алуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы

Жауап: Е

301. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауы мына жағдайда өткізіледі:

А) егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса

В) егер сайлау жарамсыз деп танылса не қосымша дауыс беру нәтижесінде сайланған депутатты анықтау мүмкiндiк болмаса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір саны сайлауға қатыспаса

Д) егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткізу кезінде адам сайланбай қалған жағдайда

Е) егер сайлау бюллетенiне екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бірде-бірі сайланбаса

Жауап: Д

302. Неше проценттік кедергіден өткен саяси партия Мәжілісте депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады:

А) он проценттік

В) он бес проценттік

С) бес проценттік

Д) жеті проценттік

Е) жиырма проценттік

Жауап: Д

303. Партиялық тізім ішінде депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды:

А) саяси партияның басшы органы

В) қоғамдық бірлестік мүшелері

С) Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

Д) аумақтық сайлау комиссиясы

Е) саяси партияның тең төрағасы

Жауап: А

304. Маслихат депутатын сайлау кезінде мына кандидат сайланды деп есептеледі:

А) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% дауысын алған В) басқа кандидаттарға қарағанда сайлаушылардың көп дауысын алған.

С) сайлаушылардың 100 % дауысын алған

Д) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 75% астамының дауысын алған Е) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% астам дауысын алған

Жауап: В

305. Маслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсына алады:

А) белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар

В) Парламент Сенатының депутаттары; республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер С) тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар жиналысы Д) әкімдер Е) барлық саяси партиялар және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар

Жауап: А

306. Тиісті жергілікті қауымдастықтың аумағында тұрмайтын азамат жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат болып ұсыныла алады ма:

А) Орталық сайлау комиссиясы шешсе ұсыныла алады В) аумақтық сайлау комиссиясы шешсе ұсыныла алады С) округтік сайлау комиссиясы шешсе ұсыныла алады Д) жоқ, ұсыныла алмайды Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: Д

307. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне үмiткерлердi ұсыну құқығы кiмнiң үлесiнде:

А) округтiк сайлау комиссиясының

В) азаматтардың жиналысының

С) әкiмдердiң

Д) аумақтық сайлау комиссиясының

Е) маслихаттың

Жауап: В